ҰОҚ, қоршаған ортамен таныстыру, тақырыбы: "Біздің қанатты достарымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰОҚ, қоршаған ортамен таныстыру, тақырыбы: "Біздің қанатты достарымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге аралған
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Балауса» II - кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 08.10.2020 ж
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Біздің қанатты достарымыз
Мақсаты: 1. Құстар (торғай және сауысқан) және оларды бір-бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру;
     2. Құстарға ғана тән ерекшеліктерді түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;
     3. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу
Сөздік жұмыс: Құстар - птицы, торғай - воробей, сауысқан - сорока
Қажетті құрал - жабдықдар: Сауысқан мен торғайдың суреті

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялыққозғаушы

Жұмбақтар шешкізу:

1. Итпен бірге таласар,

Табаққа қонып қоймайды.

Білесің, кәне, айта ғой,

Танисың ба...(торғайды).

2. Үстіне ақ қамзолын киіп алып,

Жүреді қанаттарын жиып алып. (Сауысқан)

Торғай мен сауысқанның суреттерін көрсетіп, олардың қонақ екенін хабарлайды.


Жұмбақтардың шешуін тәрбиешінің көмегімен табады.






Іздену- ұйымдастыру
шылық

Білімді өзектендіру.

- Біздің топқа нелер ұшып келді?

- Торғай мен сауысқан аң ба, әлде құс па?

Құстар туралы әңгіме өткізу.

- Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді. Олардың ауыздарының орнында тұмсық, қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып, қалықтап жүреді. (Суреттер көрсетеді).

- Мынау- сауысқан. Оны ақ бүйірлі құс деп те атайды. Себебі оның екі бүйірі ақ түсті.

- Мынау не?

Көгершіндер ішінде

Шауып жүр ғой бір нәрсе.

Жақындап біз қарасақ,

Торғай екен кішкене.

- Пішіні бойынша қайсысы үлкен? Торғай ма, әлде сауысқан ба?

- Бұл екі құстың түстері қандай?

- Құстар зиянды құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді құртады. Қыста құстарға жем тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оны ағаш бұтақтарына іліп қояды. Жемсауытқа нан қиқымдарын және т.б. жем салады.

Сөздік жұмыс.

Сергіту сәті:

Күні бойы бұл құстар,

Билеп жатыр тынбастан!

Таңменен бәрін оятып,

Дәмесі бар ырыстан!

- Біз билеп жатқан кезде тағы бір қонақ келді. Ол келген не екен? (Көбелектің суретін көрсетеді).

- Көбелек өзін құстар қатарына жатқызады екен. Осысы дұрыс па? (Жоқ, қанаты, тұмсығы жоқ).


- Торғай мен сауысқан.

- Олар құстар. Өйткені олардың қанаттары бар. Ұшады.





Тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарына жауап береді.




- Торғай.


Өлеңді тыңдайды.



- Екеуінің пішіндері және түстері әртүрлі.


- Бірақ екеуі де құс. Екеуі де ұшады.









Қайталайды.



Музыка әуенімен «құстар» биін билейді.



- Көбелек.



- Жоқ. Көбелектің тұмсығы, қанаты, қауырсыны жоқ. Ол - жәндік.

Рефлексивті түзеуші

- Ал енді еске түсірейік, бүгінгі сабағымыз қай тақырыпта болды?

- Сауысқан, торғай, қарға- барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?

Өткенді қорытындылайды.


- Құстар.

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Құстардың пайдасы, оларды бір - бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды

Қалыптасқан әдет: Құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшелітері туралы берілген мәліметтерді

Істей білуі: Құстарды басқа жан - жануарлардан ажырата білу дағдыларын

Тәрбиеші: Долдаева Б. Е.

Тексерген: _______

Ескерту: _________




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2020
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі