ҰОҚ. Сөйлеуді дамыту "Қысқы серуен"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰОҚ. Сөйлеуді дамыту "Қысқы серуен"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰОҚ Сөйлеуді дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:5.01.2021 ж

Тәрбиеші: Дюсембаева А.А

Білім саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Қыстайтын құстар

Тақырыбы/Тема: Қысқы серуен(әңгіме құрастыру)

Мақсаты/Цель: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыруды жалғастыру; киімдер атауларың, әрекеттерді, түстерді белгілейтін сын есімдерді атауды үйрету; антонимдерді қолдануды үйрету; дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлеу

Билингвальді компонент/Билингвальный кмпонент: Шана-сани,қыс-зима,сырғанаймыз-катаемся, аққала-снеговик.

Алдын-ала жұмыс/Предварительная работа: қыс қызығы әңгіме оқып беру

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсрное обеспечение: қыс мезгілінің суреттері.

ҰОҚ барысы:

I Ұйымдастырушылық кезеңі/Организационныц момент:

Балалармен бірге шаттық шеңберге тұрамыз

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.


ІІ Негізгі бөлім/Основная часть:

Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі.

Қыз мезгілінде неше ай бар? 3 ай бар (3 месяца)

Қыс айларын атайық. Желтоқсан- декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.

Қазір қыстың қай айы? Қаңтар айы
- Қаңтар айы қыстың екінші айы.

Тәрбиеші: - Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге байланысты? Балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық.

Суреттер: Аққала, коньки, шаңғы,
-Балалар біз қыста қандай ойындар ойнаймыз?

-Бүл суретте не көріп тұрсындар?

-Балалар не істеп жатыр?

-Қандай ойындармен ойнап жатыр?

-Қандай киім киінген,женіл ма әлі қалын ба?

-Кім маған сурет бойынша әнгіме құрастырады?
-
Жарайсыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен?
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)


ІІІ Рефлексивті-коррекциялаушы/ Рефлексивно корригирующий:

- Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

- Енді балалар ойын ойнайық

«Ұйқыдағы түлкі!» қимыл-қозғалыс ойыны Балалар арасынан "түлкі" сайланады. Ол алаңның бұрышына тұрады да, ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан-жаққа шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: "Түлкі оянды" дегенде, барлық бала "түлкіден" сызықтың арғы жағындағы "үйге" қашады. "Түлкі" оларды қуалап ұстауға тырысады.

Тақпақ жаттау:

Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінін ерекшеліктерін.

Түсінеді: сұрақтарға толық жауап беру

Қолдана алады: тәрбиешінің үлгісімен әңгімелерді құрастыру




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2021
791
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі