Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұр, тоқпағым, ұр" ертегісі бойынша қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып Ұр тоқпақ ертегісі бойынша қысқа мерзімді жоспар. Материал машықкерлерге ұстаздарға қажет болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Күні: 10.02.2020

Сынып: 2 «а»

Мектеп: №4 ЖОББМ

Әдіскердің аты-жөні: Гаухар Қаржасовна

Баға: Қолы:

Мұғалімнің аты-жөні: Тілеукеновна Дидар

Баға: Қолы:

Машықкердің аты-жөні: Аскарова Диляра

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ерте, ерте, ертеде. Ұр, тоқпақ (Ертегі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.2.6.1 – кейіпкерлердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бағалау.

2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Ертегі мазмұнын  түсініп, ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Оқушылар  өз  пікірін  толық  жеткізіп, өз ойларын  еркін  айтуға, еркін мазмұндауға үйренеді.

  • Суреттер  бойынша  мәтін  құрастыруға дағдыланады.

Бағалау критерийлері

  • Ертегіні түсініп, мазмұнын ашады.

  • Ертегі бойынша нақтылау сұрақтарын қояды және жауабын ертегіден таба алады.

  • Кейіпкерлердің сыртқы келбетін сипаттай отырып, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет»,«ынтымақтастық»,«еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал ету.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны пайдалана алады. Интернет ресустарын пайдалана отырып, «Ұр, тоқпақ мультфильмін» қоса алады.

Тілдік құзыреттілік

Тоқпақ, мақұл

Алдыңғы білім

Атадан қалған асыл мұра

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




7 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен сәлемдесу

- бөлме тазалығын тексеру

- оқушыларды түгелдеу

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру

Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн, қонақтар,
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн, ұстазым,
Біз көңілді боламыз.


Сабақтың мақсатын айту.

Бағалау критерийімен оқушыларды таныстыру.

  • Үй жұмысын сұрау

«Жеміс-жидектер» әдісі

«Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін» тақырыбы бойынша оқушыларға жеміс-жидектер туралы сұрақтар қойылады. Сұрақтар жеміс-жидектердің артына жабыстырылады. Оқушылар тақтаға бір-бірден шығып, сұрақтарға жауап беру арқылы жеміс жидектерді себетке жинайды.

Сұрақтар:

  1. «Аңқау арыстан мен түлкі» ертегісінің кейіпкерлерін ата.

  2. Қу түлкі арыстанға қандай ем айтады?

  3. Есек түлкіден ауруының емін сұрағанда түлкі не деп жауап береді?

  4. Түлкі не себепті арыстанды көлге шомылып келуге жібереді?

  5. Түлкі қандай?

  6. Арыстан қандай?

  7. Түлкі не себепті арыстанды алдады?

Жауабы:

  1. Түлкі, арыстан, есек

  2. Есектің миын жесең жазыласың

  3. «Мен сені жері отты, суы мол, оңаша бір шабындыққа ертіп барайын. Сонда жүріп еркінше сайран сал», - дейді

  4. Есектің миын өзі жеу үшін

  5. Түлкі қу

  6. Арыстан аңқау

  7. Есекті жайратып салуға өзінің әлі келмейтінің білгендіктен


«Фигуралар» арқылы бағалау

Shape3 Shape2

Shape4















Себет, жемістер




























Бағалау таңбалары

Сабақтың ортасы









28 минут

  • Сабақтың тақырыбын болжау

СShape5

Шал мен кемпір

абақтың тақырыбын болжау үшін тақтағы тақырыпқа байланысты сурет ілінеді. Бірақ, сурет жасырын тұрады. Суреттің айналасында тақырыпқа байланысты сөздер жазылады. Оқушылар тақтадағы сөздер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Оқушылар өз пікірлерімен бөліскеннен кейін тақтадағы сурет ашылып, сабақтың тақырыбы белгілі болады.

Shape6 Shape7 Shape8

Құс, есегім, құс

Тоқпақ

Піс, қазаным, піс

img_user_file_54f2fd3bd0114_34.jpg


  • 1-тапсырма. «Ұр, тоқпақ». Мәтінмен жұмыс.

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты: 
- Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал: 
- Қой, сен түк білмейсің! - деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп түйешіден: 
- Бұл кімнің түйесі? - десе: 
- Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді. «Бұл Қазбай - баяғы қаз екен», - деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп: 
- Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы: 
- Бұл Қазбайдың қойы, - дейді. Шал жаңағы қойшы баладан: 
- Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар? - дейді. Бала шалға: 
- Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!» - десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім құс!» десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр, тоқпағым, ұр!» десе, адамдарды ұра береді, - дейді. 
- Мақұл, - деп шал жүріп кетеді. Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға: 
- Ата, асқа түсіңіз! - дейді. 
Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға: 
- Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!» деп шулап қоя береді. Сүйдегенде, әр түрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қояды. Шал шығып қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!» - десе, еш нәрсе піспейді. Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға: 
- Бұдан еш нәрсе шықпады, - дейді. Қазбай қазанды алып: «Піс, қазаным, піс!» десе еш нәрсе шықпайды...

Кері байланыс:

  • Неліктен Қазбайдан әкелінген қазанда еш нәрсе піспей қалды?

  • Балалардың істеген әрекеті дұрыс па?

  • Шалдың көңіл-күйі қандай болды деп ойлайсыңдар?

  • Ертегі қалай аяқталды деп ойлайсыңдар?

Дескриптор: Оқушылар ертегіні жақсылап тыңдап, қойылған сұрақтарғы дұрыс жауап бере алады.


  • 2-тапсырма. Ертегіні жалғастыр.

Тақтада ертегінің соңына байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар суретті пайдалана отырып ертегіне аяқтауы керек.

Дескриптор: Оқушылар тақтадағы суреттерді пайдалана отырып ертегіні аяқтай алады.

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау


  • 3 -тапсырма. Видеоматериал тамашалау.

Оқушыларға ертегінің соңы қалай аяқталатындығы видеоматериал арқылы көрсетіледі.

Кері байланыс:

  • «Ұр, тоқпақ» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

  • «Ұр, тоқпақ» ертегісі мен «Аңқау арыстан мен түлкі» ертегісімен ұқсастығы бар ма?

  • Шал мұратына жетті ме?

Дескриптор: Оқушылар видеоматериалды тамашалап, ертегінің қалай аяқталғандығын біледі және сұрақтарғы жауап береді.


  • Сергіту сәті «Бала, балапан»

Бала, бала, балапан,

Қане ұайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бір қадам алға басамыз,

Алақанмен соқ-соқ-соқ.

Бір қадам артқа басамыз,

Аяқпенентоп-топ-топ.

Бейнежазба қосылады. Оқушылар бейнежазбадағы іс-әрекетті қайталайды.


  • 4 -тапсырма. «Ұр, тоқпақты тоқтату»

Оқушылар шалға «Ұр, тоқпақты» тоқтатуға көмектесу үшін тақтағадағы суреттің астында жасырулы тұрған сұрақтарға жауап береді.

  1. Қазыбайдың 3 жақсы көретін нәрсесі?

Жауабы: «Піс, қазаным, піс», «Құс, есегім, құс», «Ұр, тоқпақ»

  1. Неліктен Қазбайдан әкелген қазанда еш нәрсе піспей қалады

Жауабы: Қазанның орындарын ауыстырып тастауы

  1. Шалдың құрған тұзағына не келіп түседі?

Жауабы: Қаз

  1. Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    13.10.2020
    1303
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12