жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да саналы, тәлімді, тәрбиелі ұрпақа байланысты. Дана халқымызда мынадай бір керемет сөз бар: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, ал он бестен асқан соң, досыңдай сырлас» деген. Осы бір сүбелі сөздің сырына назар аударар болсақ, адам бойындағы инабаттылық, имандылық, адамгершілік, мейірімділік, яғни адами қасиеттерін, өмірлік дағдыларын қалыптастыруға негізделген іспетті. «Тәрбие – тал бесіктен» дейді халық. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Балаланың иманды, қайырымды болып ер жетуі, әрине, ең алдымен ата-ананың тәрбиесі мен қоршаған ортаның үлгісіне тікелей байланысты. Сондай ақ, ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты ол – ұстаз. Жас бала деген – көктеп келе жатқан жас шыбық секілді, қалай қарай майыстырсаң, солай қарай қисайып кете береді. Ал сол жас шыбықты күтіп-баптап, үлкен мәуелі ағаш етіп өсіруде ұстаздардың ролі орасан зор.
Қай кезеңде де болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлт тағдыры, ұлт болашағы деп санаған. Сондықтан тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген дана халқымыз. Халқымыздың ұлы тұлғасы М.Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде:«Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» деген екен. Иә, Мағжан атамыз айтып кеткен даналық ой бүгінгі күні білімді ұрпақ қоғамымызға ауадай қажет екендігін меңзеп тұрғандай. Неге десеңіз, елдің тірегі – білімді ұрпақ, жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленіп, білім алып шығулары тиіс.
Бүгінгі күні ұстаздар қауымына осы мәселе төңірегінде үлкен жауапкершілік артып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Оған отбасы да, балабақша да, мектеп те, оқу орындары да бәрі-бәрі жауапты. Барлығының мақсаты заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Балаға қоршаған ортасындағы болып жатқан өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекешеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті бәрі де үлгі-өнеге болары сөзсіз. Баяғының балаларына қарағанда, бүгінгі күннің балалары тез жетіліп келеді. Олар айналасындағының бәрін білгісі келеді. Бала шыр етіп дүниеге келген кезден бастап-ақ ата-анасының аялы алақанына, махаббатына бөленеді, сол ата-ананың мейірімді жүзі мен ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады. Оның мына жарық дүниені танып, өмірді білуі осыдан басталады. Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке дайындауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік сезімдері мен қасиеттерін, ойлау дағдыларын қалыптастыруда оған құрметпен қарау керек. Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу- әрбір ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.
Ұлт болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың болашағы ұстаз қолында. К.Д.Ушинскийдің пікірінше: « Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген пікірі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тікелей байланыста болу керектігін дәлелдеген.
Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін ұрпағымыз дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті, еңбекқорлығымен өз орнын табу керек. Міне, осы міндетті орындауда жас ұрпаққа, ұстаздарға, ата-аналарға артылар жүк жауапты әрі ауыр.
Тәрбиені қашан да құнды байлыққа балаған қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін ұлт тәрбиесі деп біліп, оған ешқашан жүрдім-бардым қарамаған. Оған ұлттық сипат ебру - ұлт болашағын ойлаудан туған даналық. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы бабамыз М.Әуезов сөзі осының дәлелі секілді.
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті»- деп кезінде М.Жұмабаев айтып кеткендей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейді бере білсек, бүгінде қоғамымызда белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік.
Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, сонымен қатар, рухани даму сипатына жетелейді. Ұлттық тәрбиелік білім беру арқылы, өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі сезімін, жан дүниесін түсіне білуге бағыттауға ұмтыламыз. Халқымыздың сан ғасырлардан бері келе жатқан ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен сабақтастыра отырып, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттап, олардың бойына ұлттық психологияны қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті болып есептелмек.
Бала шыбық тәрізді, қайдан жарық шықса, соған қарай иіліп өседі. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіріп тәрбиелеу үшін, отбасы мектеп болып ынтымақтасып жұмыс жасалуы керек. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы жастайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болғанымыз жөн. Тәрбие қашан да отбасы ошақ қасынан басталады. Күнделікті «беті-қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқстасыз алма т.б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанымен, осы сөздердің тәрбиелік мәнінің зор екендігін естен шығармаған абзал. Осыдан-ақ бала тазалыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата-ана, ал ата-ана өмірінің жалғасы – бала. Бала алдындағы үлкендерге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып-соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысалдар келтіре отырып түсіндіру керек.
Бүгінгі таңда Елбасымыз ХХІ ғасырды білім жарысы ғасыры деп отыр. Мұндағы тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды адам етіп тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Осы жаңа ғасыр иелері,осы жарқын болашақ иелері - жас ұрпақ. Бала дегеніміз – болашақ. Балалармызды қалай тәрбиелесек, болашағымз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы ұрпақтарымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Сөзімді қорытар болсам, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып жауапкершілігімізге алсақ, болашағымыз жарқын болары сөзсіз. Болашақ иелері ұрпақтарымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу – баршамызға бірдей міндет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген