Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды.Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты.Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді,саналыжастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз.Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,әлемдік сапа деңгейдегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстанның болашағы –мектептен басталады. Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет-тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу,тиянақты білім беру.Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса,олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек.Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.Тәрбиедегі басты мәселе –балалардың тұлғааралық қатынасын дәріптеу,өз құрбы-құрдастарымен,отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білу,ол үшін өзге адамдарды түсінуі,қабылдауы,әр адамның даралық ерекшелігін жасына,ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі,өзіне сын көзбен қарап,өзінің көңіл-күйін,атқарған іс-әрекетінің есебін түсініп,істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз.Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай,оны әрі қарай өзінің белсенді,нысаналы,зерделі,дарындылық іс-әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болады. Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана-баланы құрметтеу,оның рух иесі,бойында жаратқанның ұлы қуаты бар-тіршілік иесі екенін және дүние,әлемнің біртұтастығын саналы түсініп,оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз.Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек.Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып табылады.Сондықтан да болар бабаларымыз: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»,-сонда ғана оның болашағы биік деген.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді,сәт сайын өзгеріп,өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда.Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы-тәрбие.Тәрбие дегеніміз-аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар озық тәжірибесі,үлгі-өнегесі,әдет-ғұрып,рухани байлығы болса ,халық педагогикасы-қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өшпес мұрасы.
Өмірбекова Айнаш Базарбайқызы
Түркістан облысының адами әлеуетті
дамыту басқармасының Жетісай
ауданының адами әлеуетті дамыту
бөлімінің «№43 «Қызыл таң» жалпы
орта мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі
Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі
Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды.Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты.Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді,саналыжастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз.Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,әлемдік сапа деңгейдегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстанның болашағы –мектептен басталады. Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет-тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу,тиянақты білім беру.Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса,олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек.Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.Тәрбиедегі басты мәселе –балалардың тұлғааралық қатынасын дәріптеу,өз құрбы-құрдастарымен,отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білу,ол үшін өзге адамдарды түсінуі,қабылдауы,әр адамның даралық ерекшелігін жасына,ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі,өзіне сын көзбен қарап,өзінің көңіл-күйін,атқарған іс-әрекетінің есебін түсініп,істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз.Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай,оны әрі қарай өзінің белсенді,нысаналы,зерделі,дарындылық іс-әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болады. Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана-баланы құрметтеу,оның рух иесі,бойында жаратқанның ұлы қуаты бар-тіршілік иесі екенін және дүние,әлемнің біртұтастығын саналы түсініп,оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз.Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек.Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып табылады.Сондықтан да болар бабаларымыз: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»,-сонда ғана оның болашағы биік деген.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді,сәт сайын өзгеріп,өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда.Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы-тәрбие.Тәрбие дегеніміз-аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар озық тәжірибесі,үлгі-өнегесі,әдет-ғұрып,рухани байлығы болса ,халық педагогикасы-қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өшпес мұрасы.
Өмірбекова Айнаш Базарбайқызы
Түркістан облысының адами әлеуетті
дамыту басқармасының Жетісай
ауданының адами әлеуетті дамыту
бөлімінің «№43 «Қызыл таң» жалпы
орта мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
шағым қалдыра аласыз













