«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік шара сценарийі тәлімгерлер мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!»

атты мерекелік кештің сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

І жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

І жүргізуші: Баршаңызды келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және

ІІ жүргізуші: 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен

Бірге: Құттықтаймыз!


І жүргізуші: Бүгінгі мектеп оқушыларының әзірлеген «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» атты мерекелік кешімізге

Бірге: Қош келдіңіздер!


ІІ жүргізуші:

Құтты болсын Жеңіс күні, ағайын!

Көптен күткен бұл тойды бар халайық

Ата-бабам жан берісіп шайқасқан

Боздақтарды мәңгі еске алайық!

І жүргізуші:

Дәл  осынау жадыраңқы жай күні
Болса -дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Отан үшін жанын құрбан етіп, ерлікпен қаза тапқан майдангерлерімздің рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алайық. /1 минут үнсіздік, үнтаспадан жай ғана ән естіледі/


ІІ жүргізуші:

Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз.

Жеңіс күнін тойлайық жас –кәріміз

Бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған

Ардақтайық ардагерлер қауымын!

І жүргізуші:

Біз, жас ұрпақтар, бүгінгі бейбіт күніміз үшін Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз! Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосып, тылда ерлікпен бірдей күні-түні аянбай еңбек еткен Тыл ардагерлері, ата-әжелеріміз де бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары! Олар:

  1. Губаев Маулет ата

  2. Казгулова Зоя әже

  3. Гатауова Мугира әже

  4. Малаева Батима әже

  5. Кузенбаев Калеш ата

  6. Утебаева Улмекен әже

  7. Нурина Агрофина әже

  8. Мухамбетиярова Салиха әже

  9. Жаркеева Зура әже

  10. Кужахметова Рабиға әжелеріміз.

Ендеше, балдай тәтті балалық, қызыққа толы жастық шақтары қабырғалары қайысқанша таңнан кешке дейінгі ауыр еңбек пен қаралы да қиын тұрмыста өткен аяулы ата- әжелерімізге бүгінгі шат күніміз үшін қошеметтеріңізді аямаңыздар!

І жүргізуші:

Қымбатты Тыл еңбеккерлері! Сіздердің ерлікпен бірдей есептелетін еңбектеріңіз үшін, бізге сыйлаған бейбіт күндеріңіз үшін сіздерге мың тағзым! Өздеріңізге деген ізгі ілтипатпен гүл шоқтарын табыстауға рұқсат етіңіздер! (Әуен ойналады.)



ІІ жүргізуші:

Қамықпаған қиындықтың үнінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ, бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! Алғашқы мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Жұбаниязов Ерлан Мәлікұлына беріледі.


І жүргізуші:

Қадірменді ардагерлер! Сіздердің өмірлеріңіз – жеке бір адамның жер бетіндегі тіршілігі емес. Сіздердің өмірлеріңіз – Отан тарихымен, халық өмірімен бірігіп кеткен өшпес, өнегелі өмір. Сіздер қандай құрметке де лайықсыздар! Ендеше, сіздердің құрметтеріңізге бүгінгі ұрпақтарыңыз, мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері, мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің тамаша тартуын қабыл алыңыздар!


ІІ жүргізуші:

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен.

Аталарым, ардагерлер, болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен.

Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген аталарымыз бен әжелеріміздің айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!


І жүргізуші:

Бабалардан қалған мынау оң мұра,

Отырайын ал тізеге қондыра

Қос ішегі сөйлесінші қазақтың,

Шанағынан күй төгіле домбыра.

Күй «______________________________________»


І жүргізуші:

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — Соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

ІІ жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған.

Ән «Жойылсын соғыс!». Орындайтын 2-сынып оқушысы Хабиева Арай.

І жүргізуші:

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер, азайып барасыңдар. 

ІІ жүргізуші:

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жарық, сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 

І жүргізуші:

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. 

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. Сіздердің құрметтеріңізге тамаша биді тарту етеміз! (Смуглянка)

ІІ жүргізуші:

Бейбіт күн тапсын жалғасын,

Салтымыз биік самғасын!

Тәуелсіз менің еліме

Мәңгілік бақыт орнасын!

Ән «Ақ көгершін». Орындайтын 4-сынып оқушысы Сисенгалиева Гаухар.


І жүргізуші:

Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен күн -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Ғасырдан - ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. 

Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар». Орындайтын: 10-сынып оқушысы Серикова Жанаргүл

Күй:


І жүргізуші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп мерекелік кешімізді баршамыз білетін әсем әнмен аяқтаймыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»


ІІ жүргізуші:

Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

І жүргізуші:

Осымен сіздерге арнаған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Бүгінгі кешіміздің қонақтары, ата-әжелерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен -жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.12.2018
923
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі