жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үш тіл туралы мақала
Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы
“Үш тұғырлы тілді білу-
баянды болашақтың кепілі”
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, Елбасы айтқандай «Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тілге» айналуы Тәуелсіздіктің тікелей жемісі болып табылады. Жалпы ұлт, тіл, егемендік ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты екендігі белгілі. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп бекер айтпаса керек. Кешегі кеңес өкіметі тұсында ана тіліміздің қолданыс аясы соншалықты тарылғанымен, құдайға шүкір, жойылған жоқ, енді міне, тәуелсіздікке қол жеткізген 24 жыл ішінде қайта түлеп, жандану үстінде.
Бүгінгі күн шындығы әрбір қазақстандық үшін, әсіресе, жас буын үшін аталмыш үш тілді білудің нақты қажеттілігін тудырып отыр, бұл бүгінгі таңдағы дүниежүзілік өркениеттің даму бағытының талабы. Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгерген қазақ баласының өркениет көшінің соңында емес, алдыңғы қатарынан көрінетіні сөзсіз.
Үш тұғырлы тіл саясаты туралы Президент өз Жолдауларында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Сондай –ақ Елбасы Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын.
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлi¬нiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiл.
Елбасының «Бiз бүкiл қазақстандықтардын басын бiрiктiретiн басты фактор - мемлекеттiк тiл - қазақтардың туған тiлiн дамыту үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз керек»-деуiнiң өзi әрбiр саналы азаматтарға көп жайды аңғартса керек. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi.
Үш тұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру үшiн басқа шетел тiлдерi iшiнен ағылшын тiлi таңдап алынды. Жаңа әлемдiк мәдени өмiрде ағылшын тiлi ең кең тараған дүниежүзiлiк қатынас құралына айналып отыр. Осы күнi ағылшын тiлiн бiлген әлемнiң тiлiн бiлгенге есеп. Мектеп бағдарламасына ағылшын тiлiн енгiзу, әсiресе iргелi ғылымға бастайтын пәндердi ағылшын тiлiнде оқыту - ұлтты қандай бәсекеде болсын ұтысқа жетелейтiн ұтымды нұсқа деп ойлаймын.
Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл болып табылады. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі-бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 млрд. арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады және көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Оның ішінде: БҰҰ, ЮНЕСКО,Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы және т.б.
Ұлы жазушымыз С.Мұқановтың «Әркімнің туған тілі - туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе» деген сөздерін мысалға ала отырып, түсіне, ұғына білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды. Өз ана тіліңді қадірлемей, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн деп санаймын.
Елбасымыздың қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығы жайлы саясаты біздің еліміздің болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Елбасы елдегі көп ұлттың қамын ойлай отыра, тіл саясатына аса жауапкершілікпен қарайды. Елбасының сөзімен айтсақ, «қазіргі қазақ жастары – үш тұғырлы тіл саясатын қолдайтын, білікті де білімді, әлемдік стандартқа сәйкес біліммен қаруланған, кез келген ұлтпен иық тірестіре алатын жалынды адамдар болуы тиіс» деді. Бұл — Елбасының жастарға деген ықыласы мен ел болашағына білдірген үлкен үмітінің көрінісі. Осы тұрғыда тіл тұтастықтың басты тірегі болары сөзсіз!
Раушан Қонарбаева
атындағы жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген