Жамбыл
облысы, Тараз қаласы, "№56
орта мектебі" КММ
орыс
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бидайбекова Индира Ертайқызы
Үш
тілді білу - жаһандық өмірге жолдама
ма?
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: " Үш тілді меңгеру, білу
- бұл жаһандық әлемге жолдама деген
сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық,
жетістік принципі,"- деп, көптілді
білім беруді дамытуға басымдық танытты.
Қазіргі жаһандану заманында білім
саласында көп тілді меңгерту өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстандағы
қазіргі білім берудің маңызды бөлігі
- осы үштұғырлы тілде білім беру. Бұл
білім алушылардың басқа ұлттардың
мәдениетін, салт-дәстүрін білу, олардың
рухани құндылықтарын тану болып табылады.
Осыған орай, мемлекеттік тілдің қызметін
арттыру үшін түрлі бағдарламалар,
жобалар қабылдана бастады. Солардың
бірі - "Үштілділік" мемлекеттік
бағдарламасы."Үштілділік"
бағдарламасының негізінде қазақ тілі,
орыс тілі, ағылшын тілдерін меңгеру
көзделуде.
Үштілді
білім беру - тұлғаны қалыптастырудың
негізі. Елбасы өзінің "Жаңа әлемдегі
- жаңа Қазақстан" атты Жолдауында:
"Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын
кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды
ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы
үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі
- мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық
қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі"деп
баса айтқан болатын. Қазақ,орыс, ағылшын
тілдерін меңгеру адамның жеке және
кәсіби қызметінің, қазіргі қоғамның
ажырамас компоненті болып отыр. Осының
өзі үлкен көлемде адамдардың практикалық
және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру
қажеттілігін тудыруда.
Қазіргі
үш тілді білім беру - оқу пәндерін екі
немесе одан да көп тілде оқыту.Осындай
мақсатпен мектебімізде физика, химия,
информатика және биология пәндері қазақ
және ағылшын тілінде берілуде. Мұндай
білім жас ұрпақты білім кеңістігінде
еркін самғауына жол ашады, әлемдік ғылым
құпияларына үңіліп, өз қабілетін
танытуына мүмкіншілік беретін ең басты
қажеттілік. Физика, химия, биология,
информатика пәндерін ағылшын тілімен
байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік
қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға,
әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге
құлшындырады.
Сонымен
қатар, басқа да сабақтарда үш тілде
өткізілген ойын технологиясын қолдану
оң нәтиже беруде.Сөзжұмбақтар, анаграммалар
шешу сайысы және т.б. оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай өткізілген
үштілділік аудармаларын қолдану
тілдердің үндестігін ойындар арқылы
оңай меңгерулеріне ықпал етеді. Қарапайым
көрсетулер оқушылардың өз бетімен
ізденуге, танымдық және шығармашылық
икемділіктерін бағыттайды. Сонымен
қатар, алған білімді өмірге деген
қажеттілік қанағаттандыру мақсатында
меңгертілуі қажет екеніндігіне оқушы
санасына сіңіріледі. Ең бастысы
оқушылардың ағылшын тілін меңгеруі:
сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы
қалыптасады.
Сайып
келгенде, үштілділіктің маңыздылығын
түсіне білген әр адам өз елі үшін
болашақтан алар үміті мол.