Тақырып: Үш
тілді білу – елге үлгі болу
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша
тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу,
сауатты жазып, оқу дағдыларын
қалыптастыру.
Дамытушылық:
Өзіндік пікірін еркін жеткізуге ықпал ету, ойын жүйелі, қисынды
жүйелеуге баулу. Сыни тұрғыдан ойлауды
дамыту.
Тәрбиелік:
Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы мемлекеттік
тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, құрметтеуге өз
тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс –
тәсілдері: Ой тастау, жүйелеу, шығармашылық
ізденіс,сұрақ-жауап.
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, бейнелеу
өнері.
Жұмыс
формалары: топтық..
Сабақтың
көрнекілігі: тілге қатысты ой – толғаулар жинағы, түрлі түсті
қағаздар мен
қаламдар.
I-жүргізуші.“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш
тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар:
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі
және ағылшын тілі жаһандық, экономикаға ойдағыдай кірігу
тілі”
Н. Ә.
Назарбаев
II-жүргізуші. Қайырлы күн, қасиетті қазақ
тілінің жанашырлары! 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері
мерекесіне орай-оқушылардың тіл байлығын,тілге деген
қызығушылығын,құрметін,сүйіспеншілігін арттыру мақсатында
өткізілгелі отырған «Үш тілді білу – елге үлгі болу» атты сыныптан
тыс шараға қош
келдіңіздер.
I-жүргізуші. 22-қыркүйек күні бүкіл Қазақстан
халқы бірлік пен берекенің үлкен мейрамын тойлайды.Ол-тілдер
мерекесі. Түрі,тілі,діні бөлек болғанымен жүрегі «Қазақстан-туған
жерім,Отаным» деп соққан 130-дан астам ұлт өкілдері бір ауыздан жар
салуда.
II.Жүргізуші.Алдымен сіздердің
жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен
таныстырайық:
1.
2.
3..
I.Жүргізуші-«Үш тілді білу – елге үлгі
болу » сайысын бастайық. Бұл ойын 5
кезеңнен тұрады
I.Әр сынып өз топтарын таныстырады.Қарсылас
топтарына өз тілектерін
айтады
II. «Қазақстан» сөзінен сөздер құрап оларды
қазақша, ағылшынша, орысша айту
керек.
III Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр
топқа 10 – сұрақтан оқылады. Оқушылар «иә»
немесе предложений
глагол бывает сказуемым?
(да)
3) Омонимы
одинаково пишутся и однаково звучат?
(да)
4) Қазақстанның
астанасы Алматы қаласы ма?
(жоқ)
5) Ағылшын
тілінде 44 – дыбыс бар.
(иә)
6) « Раst
Simple» - дегеніміз осы шақ.
(жоқ)
7) «Pen –
friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар»
(иә)
8) Қазақ
тілінде жалғаудың бес түрі бар
(жоқ)
9) қазақ
тілінде 7 септік бар
(иә)
10) Қазақ
тілінде бастауыш сөйлем соңында тұра ма?
(жоқ)
II.Жүргізуші.
ІІ топтың
сұрақтары.
1. Фонетика
изучает состав слова?
(нет)
2. К главным
членам предложения относятся подлежащее и сказуемое?
(да)
3. Антонимы
слова противоположного значения?
(да)
4. Қазақ
тілінде сегіз сөз табы бар? (
жоқ)
5. –лар, -лер,
-дар, -дер көптік жалғауы ма?
(иә)
6. Фразеология
тұрақты сөз тіркестері туралы ілім. (
иә)
7. Англияның
астанасы Лондон (иә)
8. Ағылшын
тілінде 30 әріп бар? (
жоқ)
9. «Parents»
дегеніміз достар?
(жоқ)
10. «Past
continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ?
(ия)
I
.Жүргізуші. VI
« Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл
кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылады. Оқушылар жұмбақтың шешуін
тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық әрі дұрыс
жауапқа 50 – ұпай
берілед.
II.Жүргізуші
1топ
1.Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
2.Ұзын мойны, Екі
ішек, Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең
бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
3.Көтеріліп
теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер
даланың.
(жаңбыр)
4.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
5.Бір нәрсе жоғарыда от жағып
тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)
I
Жүргізуші. II
топ.
6.Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)
7.Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)
8.Екі
басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)
9.Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана
сүті)
10.Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
II.Жүргізуші. V. Кезең. «Үш тілді білу –
заман талабы» тақырыбында жарнама
жасау.
Шығармашылық тапсырма. Әр топ өз қиялдарымен,
тапқырлықтарымен жарнама жасап, «үш тілділік» туралы өз ойларын
суретпен салып, сол суреттерін
қорғайды.
I.Жүргізуші. Топтар дайын болғанша Аблайова
Дильназдың орындауында ән
тыңдайық.
II.Жүргізуші« Жеті жұрттың тілін
біл,
Жеті түрлі білім біл» деп халық даналығында
айтылғандай, бүгінгі сабағымызда үш тілдің ерекшелігіне тоқталып, «
Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз
жоқ» екеніне көзімізді жеткіздік. Үш тілді білу – заман талабы,
әйтсе де қанша тіл білсек те өз тілімізді
ұмытпайық.
Бүгінгі сайысымыздың жеңілпазын білу үшін
әділқазыларды ортаға
шақырайық.
I -II.Жүргізуші.Қатысқандарыңызға көп
рахмет