"Ұшақ" ашық сабақ. Шығармашылық саласы. "Балапан" шипажай тобы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұшақ" ашық сабақ. Шығармашылық саласы. "Балапан" шипажай тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге өз тәжірибеммен бөлісу. шипажай тобында жас ерекшеліктері әртүрлі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 24.11.2020 ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Жапсыру»

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты:

Білімділік: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау, аспан денелерін ажырата білуді үйрету. Ұшақты жапсырып, құрастыруда материалды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне, қарай дұрыс жапсыра білуге үйрету.

Дамытушылық: ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;

Тәрбиелік: жұмысты ретімен атқара білуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әуежай бейнеленген картинаны талдау, суретке қарап әңгіме құрастыру,көлік түрлері жайында әңгімелесу.

Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту

Көрнекіліктер: суреттер, слайд

Оқу-қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері

-Балалар мен сіздерді әдеттегідей жылулық шеңберіне жинап тұрмын.

Сіздер адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге

Өте тамаша балалар. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізге қуанышты өз жүрегімізбен арнап отырмыз.




Шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге жасайды.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

-Балалар сендер балабақшаға немен келесіңдер?

-Дұрыс балалар ,ал суреттерге назар аударайықшы, бұл жерде тұрғандар нелер?

Бұлардың жалпы атауы көліктер деп аталады. Picture 13

Балалар , бұл көліктер қайда жүретінін білу үшін , ойын ойнайық.

Д/о: «Не қайда жүреді»

Шарты: қай көліктің қайда жүретінін табады.

Picture 10

-Өте жақсы , балалар, сендер қай көліктің қайда жүретінін жақсы біледі екенсіңдер.

-Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер шешуін тауып көріңдер.


Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)


- Ұшақтар не үшін қажет?
- Ұшақты кім жүргізеді?
- Ұшақтың ішінде не бар?

Ұшақ және ұшқыштар туралы әңгімелеу. Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқиды,ал сендер ұшқыш болғыларың келе ме?

-Ондай болса балалар біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасап алайық.

Сергіту сәті.

«Бала-бала балақан» (Видеомен)

-Өте жақсы, балалар. Орнымызға отырайық.

Екі топпен жұмыс жасалады.

1 Желіммен жапсыру жұмыс.( ересек топпен)

2 Фетрдан жасалған ұшақ бөлшектерін жапсыру.(кіші топпен)

Ұшақ жасау үшін үлгі суретке назар аударайық.

Picture 7

-Балалар ұшақтың түсі қандай?

-Қанатының түсі қандай екен?

-Балалар желіммен жұмыс жасағанда желімді ауызға салуға болмайды.

-Балалар мынау ұшақтың негізгі бөлігі, мұны біз алдымыздағы қағазға жапсырамыз. Ұшақ ұшу үшін не керек?

-Дұрыс, қанаты керек,енді қанатын жапсырамыз. Ұшақтың негізгі бөлігінің ішінде адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын көру үшін оларға терезе керек. Олай болса терезесін жапсырайық. Міне ұшағымыз дайын болды.

Picture 4

Д/о: « Кімнің ұшағы алысқа ұшады»

Қағаздан жасалған ұшақтарды ұшырып ойнайды.

-Машинамен, автобуспен.








Балалардың жауабы














ойынды қызығушылықпен ойнайды.











Жұмбақтың шешуін табады




Балалардың жауабы.





қызығушылықпен тыңдайды







Сергіту сәтін жасайды





























-Қанаты



















-Ұшақтарды ұшырып ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар біз бүгін нені жапсырдық?

-Ұшақ қайда жүреді?

-Ұшақты кім жүргізеді?

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ұшақтың бөліктерін,оларды рет-ретімен жапсыруды;

Болу керек: ұшақтың әуе көлігі екенін,аспанда ұшатынын;берілген тапсырманы тыңғылықты орындауды;

Істей білу керек:жапсыру барысында ұшақ бөліктерін ретімен орналастыруды














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2021
408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі