400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұсақ моториканы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп психологіна,бастауыш сынып мұғаліміне керек.Баланың қолын жазуға дағдылананады,саусақ жаттығуы арқылы есте сақтауы, сөйлеу қабілеті дамиды,балада көркемдік талғам қалыптаса бастайды,бала жазуды меңгеруге дайындала бастайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ

Ұсақ моториканың дамуы адамның бас миының сол жақ бөлігімен тығыз байланысты екені бұрыннан белгілі. Себебі, бұл бөлікте сөйлеуге жауап беретін орталықтар орналасқан және де күрделі психикалық функциялар мен оқу дағдылары осы тұстан қалыптаса бастайды. Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеуге жауап беретін орталықты да барынша дамыта аламыз.

В.А.Сухомлинский: «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық басым болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...», - деп жазған.

Баланың даму деңгейін анықтау үшін көбіне мынадай әдіс қолданылады: тәрбиешісі (немесе ұстазы, ата-анасы) балаға бір саусағын көрсетуді сұрайды, артынан екеу, сосын үшеу. Егер бала саусақтарын еш қинамастан, бүкпей, емін-еркін ашатын болса, онда ол – сөйлеуге жетік бала. Саусақтарының барлығын біркелкі бүгіп жазса және сол уақытта бұлшық еттеріне күш түсіріп, тырыстыратын балалар – сөйлеуге асықпайтын балалар. Саусақтарының қозғалысы емін-еркін болмайынша, баланың тіл дамуы мен ойлау қабілеті қиындау болады.

Саусақтарға жүйелі түрде жаттығу жасау арқылы баланың ойлау қабілеті мен тілінің дамуына үлкен ықпалымызды тигізе алады екенбіз.

Баланың саусақтарының қимыл-қозғалысы жеткілікті нүктелерге жеткен кезде ғана оның сөздік қоры қажетті деңгейде қалыптасады.

Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту сөздік қордың әр сатысының жоғарылап қалыптасуына септігін тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар жаңадан сөздерді үйренуге негіз жасай алады.

Қол саусақтарына жаттығу жасау баланың ортақ дамуын ынталандырып, әсіресе тілдік дамуын жетілдіретінін барлық авторлар растайды.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қол жаттығулары

Баланың саусақтарын жаттықтыруды алты айлық кезінен бастаған дұрыс. Ең қарапайым әдіс – массаж жасау (саусақтарының ұшынан бастап алақанына дейін сипау).

Мынадай өте қарапайым жаттығу да жасатуға болады: әр саусақты жеке-жеке бүгіп жазу. Екі қолдың саусақтарына да күніне 2-3 минуттан міндетті түрде жасату.

Балаға ермексазды да берген өте жақсы. Бала үнемі ермексаз бен балшықты (глина) пайдаланып ойнаса – оның саусақтарындағы ұсақ бұлшық еттер қатаяды.

Сонымен қатар жіпке моншақтарды тізгізу, киімдегі түймелерді ағытқызып қайта таққызу арқылы жаттығу жасатудың маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі балаларға жаттығуларды 3-5 рет баяу қарқынмен бірінші бір қолды, сосын екіншісін, соңында екі қолмен де бірге жасатқызу қажет. Балаға бағыт-бағдар бергенде оған анық түсіндіру керек. Ұрыспай, дауыс көтермей, байсалды түсіндіру – ең маңызды қадамдардың бірі.


«Көзілдірік»

Әжесі көзілдірігін тағады

Немересін жақсылап қарайды.

(бала бас бармағының көмегімен шеңбер жасау арқылы көздеріне тақайды, яғни көзілдірік жасайды).


«Орындық»

Аяқтары мен арқасы, отыратын орны бар

Міне, сізге орындық – демалатын жеріміз бар.

(сол жақ алақанға бас бармақтың бұралған жұдырығын орналастыру).



«Тырма»

Жапырақтар бақшаға түседі,

Мен оларды тырмамен тазалаймын.

(саусақтарды өзара айқастырып, алақанды өзіңе қарату, тіктеу).


«Ит»

Иттің мұрны өткір екен,

Оның мойны, құйрығы бар екен.

(сол жақ алақанды өзіңе қарату. Бас бармақты жоғары көтеру. Сұқ саусақты, ортаңғы және аты жоқ саусақты бірге ұстау. Алма-кезек жіберіп, кішкентай саусақты көтеру).


«Мысық»

Мысықтың төбесінде құлақтары бар

Сыбдырды жастықта жатып-ақ есту үшін.

(Сұқ саусақты, ортаңғы саусақты және ең кіші саусақты жоғары көтеру).


«Менің отбасым»

Міне – атамыз,

Міне – әжеміз,

Міне – әкеміз,

Міне – анамыз,

Міне, қызым менің,

Ал міне – отбасым менің.

(бас бармақтан бастап кезекпен саусақтарды бүгу, соңында «Міне – менің отбасым» дегенде екінші қолмен жұдырықты жауып алу).


«Біздің балақай»

Бұл саусақ – ата,

Бұл саусақ – әже,

Бұл саусақ – әке,

Бұл саусақ – ана,

Бұл саусақ – біздің бала.

(саусақтарды жұдырыққа бүгу, сосын бас бармақтан бастап кезекпен жазу).


«Сақиналар»

Бала бас бармақтың көмегімен кезек-кезек қалған саусақтарды байланыстырып қосып отыру арқылы сақина жасайды, яғни алдымен сұқ саусақ, сосын ортаңғы және ары қарай кете береді.

Сұқ саусақтан ең кіші саусаққа дейін жүргізіліп шыққан соң, кейін кіші саусақтан сұқ саусаққа дейін қайта қайталайды. Алдымен бір қолдың саусақтарына жасайды, кейін екі қолдың саусақтары бірдей жұмыс жасайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі