ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ – ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ТИІМДІ
№2 «Айсұлу» б/б тәрбиешісі
- Сіздің ойыңызша, моторика дегеніміз не?
- Ұсақ моторика дегеніміз не?
Ұсақ моториканың дағдылары - бұл ұсақ заттарды басқара білу және дәлірек әрекеттер жасау қабілеті.
Түймені қадау, байлау, музыкалық аспаптарда ойнау, сурет салу, кесу және тағы басқалар – ұсақ моториканың дағдылары.
Ұсақ моториканы дамытудың қандай әдістерін білесіз және қолданасыз?
Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.
Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.
Сонымен қатар, ертеден-ақ дана халқымыз баланың қол, саусақ қозғалысына ерекше мән берген. Қыздарын ісмерлікке баулыса, ұлдарын ұсталық, зергерлікке баулиды, ертедегі санамақтармыз, мазақтамаларымыз, саусақ ойындарымыз да оған куә. Ал нәрестелерді кішкентайынан сылап-сипап, буын-буындарын қозғалтып, бесікке бөлеген болатын.
Мидың қыртысы қаншалықты дамыса, соншалықты тіл де дамиды, және ақыл-ойы да соншалықты. Бұл концепция ғалымдардың қазіргі теориялар негізінде жатыр. Адам миының қыртысының тіл бөлігі қозғалыс бөлігімен көршілес орналасқан. Былайша айтқанда, оның бөлігі болып табылады. Алдыңғы мидың орталық иірімі − қозғалыс проекциясының бөлігі. Одан келетін бұйрықтар әр түрлі қозғалыстарға жауапты. Қолдың білезік бөлігі қозғалыс проекциясының үштен бір бөлігін алып жатыр, ал ол тіл, сөйлеу бөлігіне өте жақын орналасқан. Дәл осы қолдың білезік бөлігінің көлемі мен тіл, сөйлеу бөлігіне жақын орналасуы, ғалымдарды, ұсақ саусақ моторикасын жаттықтыру баланың тілінің дамуына зор ықпал ететініне алып келген. Электрофизиологиялық зерттеулер, тіл дамына жауапты бөлік саусақтардан тарайтын импульстердің әсерімен қалыптасады деп көрсетеді.
Көріп тұрғанымыздай, қолдың қызметі мен тілдің дамуы қатар жүреді. Міндетті түрде, бұл балалармен жұмыста қолданылуы қажет. Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.
Сондықтан баланың сөйлеу тілінің таза, дұрыс, уақытылы қалыптасуына, , түрлі бұзушылықтардың алдын-алуға және түзетуге қамқорлық жасау өте маңызды. Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп.
Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет десек онда, баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ – ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ТИІМДІ
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ – ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ТИІМДІ
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ – ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ТИІМДІ
№2 «Айсұлу» б/б тәрбиешісі
- Сіздің ойыңызша, моторика дегеніміз не?
- Ұсақ моторика дегеніміз не?
Ұсақ моториканың дағдылары - бұл ұсақ заттарды басқара білу және дәлірек әрекеттер жасау қабілеті.
Түймені қадау, байлау, музыкалық аспаптарда ойнау, сурет салу, кесу және тағы басқалар – ұсақ моториканың дағдылары.
Ұсақ моториканы дамытудың қандай әдістерін білесіз және қолданасыз?
Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.
Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.
Сонымен қатар, ертеден-ақ дана халқымыз баланың қол, саусақ қозғалысына ерекше мән берген. Қыздарын ісмерлікке баулыса, ұлдарын ұсталық, зергерлікке баулиды, ертедегі санамақтармыз, мазақтамаларымыз, саусақ ойындарымыз да оған куә. Ал нәрестелерді кішкентайынан сылап-сипап, буын-буындарын қозғалтып, бесікке бөлеген болатын.
Мидың қыртысы қаншалықты дамыса, соншалықты тіл де дамиды, және ақыл-ойы да соншалықты. Бұл концепция ғалымдардың қазіргі теориялар негізінде жатыр. Адам миының қыртысының тіл бөлігі қозғалыс бөлігімен көршілес орналасқан. Былайша айтқанда, оның бөлігі болып табылады. Алдыңғы мидың орталық иірімі − қозғалыс проекциясының бөлігі. Одан келетін бұйрықтар әр түрлі қозғалыстарға жауапты. Қолдың білезік бөлігі қозғалыс проекциясының үштен бір бөлігін алып жатыр, ал ол тіл, сөйлеу бөлігіне өте жақын орналасқан. Дәл осы қолдың білезік бөлігінің көлемі мен тіл, сөйлеу бөлігіне жақын орналасуы, ғалымдарды, ұсақ саусақ моторикасын жаттықтыру баланың тілінің дамуына зор ықпал ететініне алып келген. Электрофизиологиялық зерттеулер, тіл дамына жауапты бөлік саусақтардан тарайтын импульстердің әсерімен қалыптасады деп көрсетеді.
Көріп тұрғанымыздай, қолдың қызметі мен тілдің дамуы қатар жүреді. Міндетті түрде, бұл балалармен жұмыста қолданылуы қажет. Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.
Сондықтан баланың сөйлеу тілінің таза, дұрыс, уақытылы қалыптасуына, , түрлі бұзушылықтардың алдын-алуға және түзетуге қамқорлық жасау өте маңызды. Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп.
Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет десек онда, баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді.
шағым қалдыра аласыз













