жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үшбұрыш және оның түрлері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3В Үшбұрыштар Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Үшбұрыш және оның түрлері. |
||||||
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату. |
||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: үшбұрыш элементтері, түрлерімен танысады, үшбұрыш тақырыбы бойынша берілген есептерді шығаруға дағдыланады; Оқушылардың басым бөлігі: берілген мәліметтермен, кестемен, дайын суреттермен жұмыс жасай алады. Кейбір оқушылар: берілген элементтерін және дайын мәліметтермен орындай біледі. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминдер: фигура, жазықтық, түзу, нүкте, кесінді, бұрыш, бұрыштың түрлері, медиана, бұрыштың биссектрисасы, перпендикуляр. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерлі қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген..., үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні оның медианасы..., үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі, оның осы бұрышының биссектрисасы деп..., үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның периметрі деп... |
||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана, зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарды қалыптастыру. |
||||||
|
Пəнаралық байланыс |
Сызу (сызбаларды дұрыс салу) |
||||||
|
Алдыңғы білім |
Геометрияның алғашқы мәліметтері |
||||||
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру: Амандасу(Салеметсіздерме!!!) І. Психологиялық ахуал. Түрлі әдістермен бір-бірімен қайталамай амандасу. ІІ. «Қызығушылықтарын ояту» Өткен тақырыптар бойынша ұяшықта сұрақтар беріледі.
1.Негізгі геометриялық фигураларды ата. 2.Кесінді дегеніміз не? 3.Сәуле дегеніміз не? 4.Бұрыш дегеніміз не? 5.Бұрышты қалай белгілейді? 6.Бұрыштың ішкі аймағы, сыртқы аймағы деген не? 7.Бұрыштың қандай түрлері бар? 8.Бұрыштарды, кесінділерді қалай салыстырамыз? 9.Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?
ІІІ. Топқа бөлу. Геометриялық фигуралардың түстері арқылы 3 топқа бөлінеді (үшбұрыш, төртбұрыш, ромб)
|
Интербелсенді тақта |
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
|
ІҮ. Тақырыпқа шығу. Мағынаны тану. Зерттеу жұмысы.Тапсырма 1: Бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп, оларды кесінділермен қосайық. Шыққан геометриялық фигура қалай аталады?
Бір түзу бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда, шыққан геометриялық фигураны үшбұрыш деп атайды.
Зерттеу жұмысы. Тапсырма2: Үшбұрыштың қандай түрлері бар?
Үшбұрышты бұрыштары бойынша зерттеу.
Үшбұрышты қабырғалары бойынша зерттеу.
Тақырыптың мақсатын анықтау (тақырыпқа байланысты сұрақтар қою) 1. Біздің басты мақсатымыз қандай? 2. Кез келген үшбұрыштардың жалпы ортақ қандай элементтері бар? 3. Бұл тақырыпта не істеймиз?
Тапсырма 3. Жаңа материалмен жұмыс (ЖИГСО стратегиясы) Өздігімен оқу, іздену, өмірмен байланыстыру, постер арқылы қорғау Білім алушы: Оқушылар өз бетімен оқып, топ ішінде бір-біріне түсіндіреді де, топтан бір оқушы шығып постер арқылы тақырыпты қорғайды.
«Геометрия пәнін қоршаған ортамен байланыстыру» Геометрия пәнін бізді қоршаған ортадан әр түрлі геометриялық фигуралар пішінді заттарды кездестіруге болады. Мысалы, біздің Мемлекеттік туымыз тік төртбұрыш пішінді, ондағы Күн дөңгелек түрінде бейнеленген, сіріңке қорабы параллепипед пішінді болып келуі. Және кесінді тақырыбын дәлелдеп, сызбасын көрсетіп, белгілеулерін жазып, Орал қаласындағы отырғызылған көшеттердің арасын әдемі болу үшін арақашықтығын сақтаса әдемі көрінеді, және талдар арасын тең кесінділер деп көрсете білді. Үйлер, ғимараттар, жолдар, көпірлер салуға егін егуге,каналдар қазуға, жол ұзындығын, ғимараттың ауданын есептеу кезінде қажеттігін тауып айтты. «Үшбұрыш тақырыбын қоршаған ортамен байланыстару» Екінші топ өздерін тіпті өткен алтыншы сынып материалымен байланысын тауып мені таң қалдырып дәлелдегені үшбұрыштың шаш қию үлгісінде, егер адамның бет пішіні үшбұрышты болса, онда шаш қию, үлгісі бар екенін көрсетті. Яғни оқушы симметрия таырыбын тауып өмірмен байланыстырды. Оқушылар май шамның жанған кезде үшбұрышты болып жанатынын да назардан тыс қалдырмады.
Тапсырма 4: семантикалық карта (жеке оқушыға)
Дескриптор: білім алушы
Қалыптастырушы бағалау: әр дұрыс жауапқа 1 баллдан, жалпы 7 балл. 6. Сергіту сәті Оқушылар көз және қол жаттығуларын жасайды.
Ү. Пысықтау Тапсырма 5. Деңгейлік есептер А№129. Бір түзудің бойында жатпайтын D, Е, М үш нүктесін белгілеңдер және DЕ, ЕМ, МD кесінділерін сызыңдар. Пайда болған үшбұрыштың төбелерін, қабырғаларын және бұрыштарын жазып көрсетіңдер. В№138 Үшбұрыш пішінді жер бөлігінің периметрі 1248 м. Берілген екі қабырғасы бойынша үшінші қабырғасын табыңдар: 1) а=476м, b=504м; 2) a=540м, b=400м. С№145 Үшбұрыштың екі қабырғасының қосындысы 72 дм, үшінші қабырғасы бұл қосындыдан 18 дм кем. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. Дескриптор: Білім алушы - есептің берілгені бойынша үшбұрыш түрін анықтай алады; - есептің берілген элементтері арқылы өрнекті құра алады;
- есептің белгісіз
элементтерін тауып, шешімін шығ | ||||||||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген