Үшбұрыш және оның түрлері 7сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үшбұрыш және оның түрлері 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар: Үшбұрыштар

Мектеп: №17 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметбаева М.Ж

Сынып: 7А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыш және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі анықтамаларын білу және оларды салу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі анықтамаларын біледі және оларды сала алады .

Оқушылардың басым бөлігі

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігін салу барысында қорытынды жасай алады қолданады

Кейбір оқушылар

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі айырмашылығы

бойынша ажырата біледі.

Бағалау        критерийлері


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну,қолдану

Бағалау критерийлері

Үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктігін салады және белгілейді




Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігін ажыратып атай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Үшбұрыш, медиана, биссектриса, биіктік

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

Үшбұрыштың элементтері, үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігін қарай бөлінуі, үшбұрыш түрлері.

Құндылықтарды дарыту



Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

Үшбұрышты Астанадағы құрылыс саласына пайдалану тиімділігін пайымдай алуға, тәуелсіздіктің өркендеуіне үлес қосуға баулу;

Пәнаралық байланыстар

Технология пәні

Үшбұрыштарды құрақтар құрауда , пирамида модельдерін жасауда пайдалануға болады.


Бастапқы білім


Үшбұрыш түрлері

Сабақ барысы

Уақыт

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақ басы

(5-7минут)






  1. Шаттық шеңбері

Жүректі бір-біріне бере отырып бір сөзден ешкім қайталамайтын тілек айтады. Білім алушы ортақ қағидаға бағынуды, жауапкершілікті орындауды үйренеді.

  1. Қағаздан қиылған үшбұрыштарды алғызып топтарға бөлу

Үшбұрыштың түрлеріне қарай 3 шағын топқа топтасады. Шағын топтармен жұмыс жасау барлық оқушыны жұмысқа тартуға тиімді болады. Үшбұрыш түрлерін пайдаланып топтарға бөліп алғаннан кейін әр топтан бір оқушы сол үшбұрыш түріне сипаттама беріп кетеді, өткенді қайталайды..

Топ ішінде қызметтерін бөліседі, топ ережесін еске түсіріп кету қажет.



жүрекше



үшбұрыштар қимасы



Сабақ-тың ортасы

28-31 минут




ОЖТ: «Ойлан, жұптас, бөліс»    5-6

минут



















3-5 минут












4-7 минут







5-7 минут













Сабақтың соңы















3.«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі (3-2-3)

Жаңа тақырыпты топтардағы оқушыларға тапсырмалар арқылы түсінуге мүмкіндік беремін, 8 минутта танысады, өзара талдайды таныстырады.

Баяндамашы тақтаға шығып түсіндіру жүргізеді.

Жеке жұмыс:

Әр топқа бір тапсырмадан беріледі, белгіленген уақыт ішінде тапсырманы орындап, тақтаға біреуі шығып түсіндіреді.

1-топқа тапсырма берілген үшбұрыш төбелерін белгілеп үшбұрыштың әрбір төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосыңыз.


2-топқа тапсырма берілген үшбұрыш төбелерін белгілеп үшбұрыштың әрбір төбесінің биссектрисасын жүргіз.


3-топқа тапсырма берілген үшбұрыш төбелерін белгілеп үшбұрыштың әрбір төбесінен қарсы жатқан қабырғаға перпендикуляр түсір.

Бірінші тапсырманы 3-минут жеке ойланып орындайды,2-минут жұбымен ақылдасады,3-минут топпен талқылап кітаптан анықтамасын тауып тұжырымдап , постер қорғайды.

Топ жұмысы «Бағдаршам » әдісі арқылы бағаланады

Мұғалім қорытындылап топтарға сұрақ қояды :осы жерде үш сызбадан ұқсас не байқадыңдар?

Слайд көрсетіп :

1.Үш биссектриса бір нүктеде қиылысады,биссектрисалардың қиылысу нүктесі- іштей сызылған шеңбердің центрі болады.

2.Үш медиана бір нүктеде қиылысады, медианалардың қиылысу нүктесі- үшбұрыштың ауырлық центрі деп аталады.

3 .Үш биіктік бір нүктеде қиылысады,биіктіктің қиылысу нүктесі- үшбұрыштың ортоцентрі деп аталады.



Үшбұрыш биіктігі,биссектрисасы және медианасы туралы анықтамаларды ауызша бір қайталатып алып жұппен орындауға тапсырма беру .

Олай болса балалар осы үшбұрыш элементтері әртүрлі үшбұрыштарда қалай орналасады екен соны анықтап ,қорытынды шығарайық.

1-топқа тапсырма теңбүйірлі үшбұрыш сызып оның медианасын,биссектрисасын және биіктігін жүргіз.

2-топқа тапсырма теңқабырғалы үшбұрыш сызып оның медианасын,биссектрисасын және биіктігін жүргіз.

3-топқа тапсырма әртүрлі қабырғалы үшбұрыш сызып оның медианасын,биссектрисасын және биіктігін жүргіз.

Дұрыс сызылғн жұптың жұмысымен тақтаға шығарып қорытынды жасату.

Оқушылардың жұмысын мұғалім бағалайды. (Смайликтер арқылы)


Кері байланыс: Тест жұмысы арқылы

1.Биіктік

2.Медиана

3 .Биіктік










Тақтаға слайдпен дұрыс жауабын көрсету оқушылар бірін –бірі бағалайды

Рефлексия «Өз жұмысыңа баға бер» стикерлерге жазып тағтаға іледі








Таратпалы тапсырма





А3 форматы, маркер, магнит









Слайд


















Таратпалы тапсырмалар






Смайликтер




Слайд




























Стикер


Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіз дік техника сының сақталуы


Жекелей саралау тапсырмасын орындату

Тапсырмада деңгейлік сұрақтар берілген.

«Оқушы-оқушы» қатынасына тарту

 Қалыптастырушы бағалау

Геометриялық фигураларды дескриптор бойынша ұсыну, сабақ соңында әр оқушының үлесін анықтау.

Денсаулық сақтау техно логиялары.

Сергіту сәт терімен бел сенді іс-әре кет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіз дік техникасы ережелерінің тармақтары толық сақталды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Ұжымдық, топтық, жұптық, өзіндік жұмыстар сәтті жүргізілді. Сабақ және оқу мақсаттары толық орындалды.   Оқушылардың барлығы оқу материалына толық қол жеткізді. Саралау дұрыс жүргізіліп, уақыттық кезеңдер дұрыс сақтады. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда не нәрсеге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2018
885
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі