Материалдар / Үшбұрыштың ауданы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үшбұрыштың ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулалар ; - теңқабырлы үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулалар; - үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2021
609
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


8.1А Аудандар

Мектеп: Жансен Кереев ат ЖББОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбауова М.С



Сынып: 8

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштыңауданы. Үшбұрыштыңауданын табуформулаларынқорытыпшығару


Cабақтың түрі

Жаңаматериалдымеңгерусабағы .


Оқу мақсаттары

8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;


Сабақмақсаттары

- үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару;

( , және Герон формуласы).

-үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану


Бағалау критерийлері

- формуласын қорытып шығару

- формуласын қорытып шығару;

- тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулалар ;

- теңқабырлы үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулалар;

- үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

шама, өлшеу бірлігі; ені, ауданы; периметр, үшбұрыштың жарты периметрі; жазық фигура; тең шамалы фигуралар, тең фигуралар; көпбұрыштың ауданы; үшбұрыштың ауданы; төртбұрыштың ауданы; параллелограммның ауданы; квадраттың ауданы; тікбұрыштың ауданы; ромбтың ауданы.


Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдай білу, кезекпен сөйлеу қабілеті, мысалдар мен дәлелдер келтіріп аудиторияға өз ойларын дәл жеткізе білу, дербес оқу мен академиялық шындыққа талпыну, жаңа жағдайларға бейімделу, проблемаларды қою, шешімдер қабылдау, топта жұмыс істеу, өзінің жұмыс сапасына жауапты болу, Құндылықтарды дарыту сабақтың барысында жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.


Пәнаралықбайланыстар

Сызу мен байланыс.


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны көрнекі құралы және жазу құралы ретінде пайдалану.


Бастапқы білім


Шаманың мөлшерін білу, шаманы бір өлшем бірлігінен екіншісіне айырбастау мүмкіндігі. Көпбұрыштың, үшбұрыштың, төртбұрыштың және олардың элементтерінің анықтамаларын білу. Үшбұрыштың және төртбұрыштың түрлерін тану қабілеті. Квадраттың және төртбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану мүмкіндігі.


Сабақтың барысы



Сабақтағыжоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


2 мин

1. Ұйымдастырукезеңі.

Мұғалімнің әрекеті оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың/оқытудың мақсаттарын, «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды


Презентация

слайд 1-4



Сабақтың ортасы

3 мин









10 мин

















12 мин















10 мин






2. Тікбұрыштың,параллелограммның, ромбтың ауданын табудың негізгі формулаларын қайталау

Фронталды жұмыс.

Білімін белсендіру үшін мұғалім төртбұрыштың ауданын табудың негізгі формулаларын қайталауды ұсынады. Оқушылар тіктөртбұрыш, квадрат, параллелограмм және ромбтың ауданын табу үшін бұрын қарастырылған формулалардың ауызша тұжырымдамасын айтады.

3. Жаңа материалды үйрену. Үшбұрышты ауданын табудың формулаларын қорытып шығару.

Мұғалім оқушылармен бірге бұрын қолданған формулаларды қолданып, үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қорытып шығарады.

және формулаларын қорытып шығарғаннан кейін, оқушыларға теңқабырғалы үшбұрыштың ауданын табу формуласын, екі тәсілмен дербес қорытып шығаруды ұсынуға болады. Мұндай жұмыстың түрлері қарастырылған материалды терең түсінуге мүмкіндік береді.

Сызбалармен және формулалармен слайдтарды ұсыну материалды визуалды қабылдау үшін қажет.
  Мұғалім формулаларды қорытады, оқушыларға сұрақтар қойып, күрделі кездерді түсіндіреді.

Үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану. Деңгейлік есептерді шешу. Жұп немесе шағын топтарда жұмыс істеу.

Қабілетті оқушылар аз дайындалған оқушылармен жұмыс жасауы үшін сынып 3-4 оқушылардан тұратын жұптарға немесе шағын топтарға бөлінеді. Топтар немесе жұптар өздеріне қажетті деңгейдегі тапсырмаларды (А, В, С) таңдайды.


Әрбір оқушы дәптердегі есептерді шешеді, басқа оқушылармен шешімдерді талқылап, қажет болса сыныптастар мен мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Кейін оқушылар жұпта немесе топта шешімдерді тексереді (мұғалімнің берген жауаптары бойынша). Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, қателерді түзетеді, балама шешімдерді нұсқаларын ұсы нуы мүмкін, есептер бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім бақылайды, түсіндіреді, қажет болса, шешімдер мен жауаптарды түзейді, оқушыларға кері байланыс орнатады.
  Тапсырмаларды жылдам орындаған оқушылар үшін мұғалім қосымша есептерді ұсынады.

Есептерді шешу. Өздік жұмыс.

Әрбір оқушы жеке дара үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды қолдануға арналған төрт есепті шешеді.

Алдын ала берілген уақыт өткеннен кейін мұғалім жұмыстарды типтік қателерді талдау және бағалау үшін тексеруге жинайды.













слайд 5-8

















слайд 9

Қосымша №1






Қосымша №2









Слайд 10


Қосымша №3



Сабақтыңсоңы

3 мин

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларды сабақты қорытындылауға, қиындықтардың себептерін анықтауға назар аударуды ұсынады.

Үйжұмысы.

Үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану дағдылары мен біліктерін бекіту бойынша есептер.


Слайд 11



Қосымша №4




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылар жұптық жұмыста бір біріне шамалары келгенше көмектеседі. Саралау жұптық және топтық жұмыстарда көрінетін болады. Оқу үлгерімі жоғары оқушылардың басқа оқушыларға көмек көрсетуі қажет.

Үшбұрыштың қасиеттерін туралы білімдерін білу үшін жеке дара жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушыға оның аяқталуынан кейінкері байланыс жүргізіледі.

Сабақтың басында кабинетті желдету. Парталар мен үстелдердің дұрыс қойылуына назар аудару.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!