Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Үшінші (базалық) деңгей туралы мақалы, сабақ жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы, Кентау қаласы
№25 жалпы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі
Бабаев Эльбек Адабаевич
Қ.Р.педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру
бағдарламасының үшінші деңгейлі сертификат иегері
«Әрбір мұғалімді педагогикалық құралдарды
қолдануға үйретуге болады, әрі үйрету керек те,
сонда ғана оның еңбегі жоғары нәтижелі болып,
мұғалімнің орны күн астындағы ең артық орын болар еді»
(Я.А.Каменский)
Тақырыбы: Информатика сабағында жетi модуль идеяларын
қолданудың тиімділігі
Егемендi елiмiздiң бiлiм беру жүйесiндегі басты мақсаттардың бірі - әлемдік білім беру жүйесіне ену, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиiмдi жолдарынан іздену, жан-жақты шығармашылық ізденістегі, дарынды тұлға қалыптастыру. (Педогогика жаршысы 57 бет).
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды бiлетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым – қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерiстердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Диалогтік оқыту тәсілі бүгінгі күнде сабақтардың сапалы болуына, оқушыларды сапалы білім алуға жетелейтін өте қажет және маңызды әдістердің біріне жатады.
Диалогтік оқу- оқушылардың мұғаліммен және оқушылар арасында еркін пікір алмасуына, ойын дәлелді жеткізуіне, еркін сөйлеп, әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Диалогтік оқыту көптеген отандық және шет ел ғалымдарының назарында болып жан-жақты зерттелген.
Мысалы: Мерсердің (2000) зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.
Олар:
-
Әңгiме-дебат, орта бірлесуден гөрі, көбінесе бәсекелестікке бағылталған, қарама-қарсы пікірлердің таласы.
-
Топтық әңгіме: топ арасындағы идея талқыланады, келісу, келіспеу, төзімділікпен тыңдау басты бағдар.
-
Зерттеушілік әңгіме: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды, айтқандарын дәлелдейді, келісімге ұмтылу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 40-бет).
Ал Қазақстандық ғалымдар арасынан М.Жанпейісованың, Ж.Қараевтың т.б. жұмыстарында оқытудың жаңа технологиялары терең зерделеніп, жан-жақты қарастырылған. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, баланың танымын қалыптастыру, дамыту балаға өз бетінше зерттеу әдістерін меңгерту мен шығармашылық икемділігін дамыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Cондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет) Міне, осыған негізделе мен 7 сыныптарды зерттеуге ала отырып, сабақты Блум таксономиясымен жоспарлауға кірісіп те кеттiм. Мен өз сабақтарымды осы диалогтік әдістерді пайдаланып жоспарладым, оқушыларға сұрақ қою және жауап беруге арналған тапсырмалар негізінде сабақ жоспарын құрып, сабақта зерттеулерімді бастадым. Мысалы: информатика пәнінен 7-сыныптарда «Компьютерлік графика түрлері» жәнеде «Векторлық графиканы өңдеу» атты тараудағы сабақтарымда диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалауды қолданып, бірталай жетістіктерге жеттім.
Қорыта келгенде, сaпaлы да санaлы оқушылaрды тәрбиелеймін және де дaрынды оқушылaрды көбірек дaмытaмын деген мaқсaт қойып отырмын. Қaншaлықты қиындық туғызсa да ұстaз деген бәрін жеңе алaтын білімін дәлелдей білетін дaрынды да талaнтты көшбaсшы екенін есте сақтaған жөн дей келе: Мен келешекте Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосатын дaрынды, тaлaнтты, білімді ұрпaқты тәрбиелеуге күш жігерімді сaлып еңбек етемін. Білікті ұстaз болу үшін көп еңбек етіп өз білімімді шыңдaй түсемін.
Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
Көрсетіп берсең есте сақтармын,
Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.
(Конфуций)
Сыныбы |
7 |
|
Сабақ тақырыбы |
Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. |
|
Жалпы мақсаттар |
Векторлық графикаға толық мәлімет беріп, оның түрлеріне мысалдар келтіре отырып, түсінік беру. |
|
Оқыту нәтижелері |
|
|
Модуль |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту,
|
|
Әдіс-тәсілдер |
“Ой шақыру” стратегиясы, “Миға шабуыл”, «Өзара оқу», психологиялық ахуал, “Кубизм” әдіс-тәсілі, жеке жұмыс |
|
Түйінді идеялар |
Өзін-өзін бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру |
|
Көрнекілік тер |
Суреттер, постер, ББҮ кестесі |
|
Дереккөздер |
Оқулық, әдістемелік құрал, ғаламтор мәтериалдары. |
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
1-кезең: Ұйымдастыру. Қызығушылық ты ояту, сыныпты топқа бөлу 8 мин |
Амандасу; Сыныпты түгелдеу; Оқушыларды сабаққа әзірлеу; Психологиялық ахуал: «Көңілді» жаттығуын орындау Топқа бөлуін ұйымдастыру. Оқушылар кәтелдегі түрлі түсті қағаздардағы суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы бойынша реферат қорғайды. |
1. Оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген «Көңілді» жаттығуын орындайды. 2. Оқушылар кәтелдегі суреттерді таңдау арқылы топтарына бөлінеді. Топпен ақылдаса келе топ спикерін таңдайды. 3. Оқушылар дайындап әкелген рефераттарын қорғайды.Топпен талқылап, пікірлерімен бөліседі. Өткен білімдерін пайдаланады, қорытындылайды. |
2-кезең: Мағынаны ажырату: 23 мин |
– оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; – жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады; 1. Балалар компьютерлік графиканың түрлерін білесіңдер ме? 2. Векторлық графика дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Мұғалім жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Өзара оқу» стратегиясы бойынша әр оқушыға әр түрлі тақырыпта оқуға тақырыпшалар ұсынады. 4. “Айна” жаттығуын ұйымдастыру. 5. Топтық жұмыс. І топ «Векторлық кескіндер» ІІ топ «Растрлық графика» постерін жасату, қорғату. 5. Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру. |
1. Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді. 2. Ресурстармен танысады, талқылайды. Топ мүшелері ұсынылған материалды меңгеріп, өз тақырыпшалары бойынша топ мүшелеріне түсіндіреді. 3. “Айна” жаттығуын оқушылар жұптасып орындайды. 4. Топқа берілген тапсырма бойынша модель жасайды, қорғайды, дәлелдейді. 5. Компьютермен жеке жұмыс жасайды. |
3-кезең: Ой- толғаныс: 8 мин |
-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді. Қорытынды: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексереді. |
1. Сабаққа белсенділік танытпаған оқушылар есте сақталған мәліметтерді айтады. 2. Топ спикерінің бағалауы |
Үй тапсырмасы 2 мин |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар Деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. |
Күнделікке үй тапсырмасын жазады. |
Рефлексия 2 мин |
Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар толық қатысты. |
ББҮ |
Бағалау 2 мин |
Формативті бағалау, |
|