Материалдар / "Ұшқан ұя" повесіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұшқан ұя" повесіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша слайд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
843
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ әдебиеті

ҚЗ «Бәйтерек» мектебі

Күні:

25.01.2023ж

Педагогтің аты-жөні:

Г.Х.Зиябекова

Сынып: 8 «А»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

3-бөлім: Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

«Ұшқан ұя» повесіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасы

Оқу мақсаттары:

8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар шығарманың композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдап және автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

Психологиялық ахуал орнату.


Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін тыңдайды.

Үй тапсырмасын өздері жатқа білетін Бауыржан атамыздың қанатты сөздерімен жалғастырады.


Сабақтың тақырыбын болжау.


Суреттер арқылы тірек сөздерді айтады. Сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабағымыздың тақырыбы: ««Ұшқан ұя» повесіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасы»


Сәлемдеседі.

Аудионы тыңдап, үйге берілген Бауыржан атамыздың қанатты сөздерін жатқа айтады.

ҚБ сабақтың өн бойынан көрініс табады.


Ауызша кері байланыс беріледі.

Аудио суреттер, кесте, бағалау парақшасы, тапсырмалар, презентация, т.б.

Сабақтың ортасы.

Мағынаны ашу.

Мағынаны тану.


Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау дегеніміз – шығарманың жекелеген бөлшектерінің ерекшеліктерін арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, жеке бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білуге болады. Айталық, шығарманы идеялық мазмұны жағынан, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады.

Ой қозғау

«Ұшқан ұя» повестінен үзінді тыңдайды.

Тыңдаған үзінді бойынша өз ойларын айтады.


  • Үзіндіде кім туралы айтылған?

  • Оның бойында қандай қасиеттері бар екен?


1-тапсырма.Үзінді не туралы? Өз ойыңды бір сөйлеммен баянда. [4 балл]


1.

Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

- Кімнің баласысың? - деп сұрайтын ол.

- Мен Момыштың ұлымын.

- Момыш кімнің баласы?

- Момыш - Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен

атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың

басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.

2.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Жілігінің майы жоқ

Жіпке тағып берейін.

Көк сиырдың сүтінен

Көже жасап берейін.

Оның тұзын кім татар

Жыламайтын ұл татар, -

деп мәпелейтін еді.

3.

Атам

еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:

Құрық деп берсем - құл болма,

Шыбық деп берсем - шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма, -деп келініне мені қайтарып берген екен.

4.

Ал менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді

тойлаушы еді. Алғашқы мүшел - нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде

емес, ауыл-аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел -

баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді» деп тегін

айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні өрен аяғын жерде нық басты деп санайды.

5.

Қалыңмал деген ата-бабамыздың салып кеткен жолы ғой. Қашаннан

қалыптасқан кәдеміз емес пе. Менің шешеме де қалыңмал төлеген, маған да қалыңмал

төледі. Қыздарымның қалыңмалын алып құтты орнына қондырғанмын, ұлдарыма

қалыңмал төлеп келін түсіргем. Енді немерелерім қалыңмалсыз-ақ жөндерін табады дегені

несі екен?


2-тапсырма. Сәйкестендіру жұмысы [3 балл]

Кейіпкерлердің есімі


Шығармадағы кейіпкерлер образы

Имаш


Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

Қызтумас


Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.

Момыналы


Әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.

Момынқұл


Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.

Разия


Әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.

Үбіш


Бауыржан Момышұлының әпкелері.

Үбиан, Сәлима, Әлима


Рәзияның тұңғышы,

Төлебай


Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен


Дескриптор: кейіпкерлерді дұрыс таңдайды. [3 балл]


Оқушылар шығармадан үзінді тыңдайды.


Ой қозғау

«Ұшқан ұя» повестінен үзінді тыңдайды.

Тыңдаған үзінді бойынша өз ойларын айтады.


  • Үзіндіде кім туралы айтылған?

  • Оның бойында қандай қасиеттері бар екен?


1-тапсырма.Үзінді не туралы? Өз ойын бір сөйлеммен баяндап, жазады. [4 балл]


Дескрипторы:

-үзіндіні түсініп оқиды

-үзіндідегі дәстүрді анықтайды













































Дескриптор:

үзіндіні оқиды;

кейіпкерлерді дұрыс таңдайды. [3 балл]







Ауызша кері байланыс беріледі.


















Өзін өзі бағалау. Өзін бағалап, бағалау парақшасын толтыру.














































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!