Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұшқыр ой алаңы дебат үйірмесінің хаттамасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұшқыр ой алаңы дебат үйірмесінің 10 хаттамасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектепішілік дебат турнирінің _________

Хаттамасы

________ ж.

Дебат лигасы______

Әділ қазылар мүшесі:

1.____________________

2.____________________

3.____________________

Лига атауы

Спикердің аты-жөні

Спикердің аты-жөні

Сыныбы

Қорытынды





















Әділ қазылар мүшелерінің қолы:

1.____________________

2.____________________

3.____________________



























Хаттама №1

Күн тәртібінде : Мектепте 8-11 сынып білім алушылар арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының ашылуы.

Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі ,8-11 сынып оқушылары.

Мерзімі: 13.01.2021ж

Өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету,азаматтық белсенділік құзіреттілікті қалыптастыру,сыни ойлау жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету ,жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектепшілік бұйрық негізінде

  1. Мектепте 8-11 сынып білім алушылары арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубы ашылды.

  2. Мектептің «Ұшқыр ой алаңы » дебаттық клубының жетекшісі етіп тәлімгер _________бекітілсін.

  3. «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының жұмыс жоспары бекітілді.

  4. Осы бұйрықтың орындалуын директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.М.Куанбаеваға жүктелді.



Қаулы :__.___.2021ж №____ негізгі бұйрықпен 8-11 сынып білім алушыларына таныстырылсын.Әр өткізілген іс шара әлеуметтік желілерге жариялансын.













Аға тәлімгер: ________________________





































Хаттама №2

Күн тәртібінде : Мектепте 8-11 сынып білім алушылар арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының мектепшілік жоспарын құру .

Қатысқандар:8-11 сынып оқушылары.

Мерзімі: « » 2025ж

________________________ жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға тәлімгер «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубына арналған жылдық жұмыс жоспары 7 бағытта жұмыс жүргізуді жоспарлады.

1.Патриоттық тәрбие

Мақсаты: Өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету,азаматтық белсенділік,құзіреттілікті қалыптастыру,сыни ойлау.жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету,жеке тұлғаны қалыптастыру.

2.Адамгершілік-рухани тәрбие.

Мақсаты: Жалпы адамзаттытық құндылықтармен,қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этникалық моральдық қасиеттерін және ұстанымдарын қалыптастыру.

3.Құқықтық және көп мәдениеттілік тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлау,ана тілін және мемлекеттік тілді,қазақ халқының,Қазақстан Республикасының этностар,этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

4.Отбасылық тәрбие.

Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту,бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

5.Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы көзқарасын қалыптастыру,экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

6.Кәсіби-шығармашылық тәрбие.

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі дамытуы,өздігімен білім алуы,өзін-өзі жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру,алған білімін жаңа жағдайларға алмастыру білігін дамыту.Әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез бейімделудің ортақ қабілеттерін қалыптастыру.

7.Физикалық тәрбие және салауатты өмір салтын ұстану.

Мақсаты: Салауатты өмір салты,дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік құру.



Қаулы: Дебат жоспары бойынша жұмыс жүргізілсін.







Аға тәлімгер: ________________________







































































Хаттама №3

Күн тәртібінде : Мектепте 8-11 сынып білім алушылар арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының жұмысының ұйымдастырылуы.

Қатысқандар:8-11 сынып оқушылары.

Мерзімі: « » .2025ж

Дебат – бұл нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық

пікір алмасу, өзекті тақырыптар бойынша пайымдаулар, ой-пікірлер;

- бұл жарқын, ойын-сауық зияткерлік ойын, танымал қызмет түрі, белсенді

жастардың – қоғамның болашақ көшбасшыларының келешегі;

- бұл білім алушылардың бойында сыни ойлауды, төзімділікті, шешендік

(өнерді) шеберлікті, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарауды, серіктестік қарымқатынасты, командада жұмыс істей білуді, мәселелердің мәніне зейін қоюды және

идеяларды қорғау қабілетін қалыптастырудың қуатты зияткерлік құралы.Дебат қозғалысының жалпы стратегиясы, мақсаты мен міндеттері бар, ол

мектеп оқушыларын еліміздің әр өңірінде дебаттық орталықтар, клубтар құру

арқылы дебаттық қозғалысқа жаппай тартуға бағытталған.

Дебаттық қозғалыстың мақсаты: қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы

талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және

шығармашылық белсенділігін арттыру.

Дебаттық қозғалыстың міндеттері:

білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті,

жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды

дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру;

дебаттық қозғалысты насихаттау, қолдау және дамыту;

білім алушыларды дебаттық қозғалысқа жаппай тарту, мәдени-демалыс және

ағарту қызметінің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана

отырып, еліміздің әрбір өңірінде, білім беру ұйымдарында дебаттық орталықтар,

клубтар құру;

дебаттық қозғалысты ресурстық қамтамасыз ету – кадрлық әлеует,

материалдық-техникалық база, қаржыландыру.

Дебаттық қозғалысқа қатысушылар ашықтық, жүйелілік, еріктілік,

ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын

басшылыққа алады.

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық

мәдени-білім беру жобасының ережесі «Қазақстан Республикасында білім беруді

және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес

және халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.

Әлемдік тәжірибеде жастардың Дебаттық қозғалысы бірегей әлеуметтік

құбылыс болып табылады. Бүгінгі таңда халықаралық дебаттар білім беру

қауымдастығы (IDEA) 50 елде 60-тан астам тілде дебат өткізеді.

IDEA-ның негізгі міндеті – оқушылар мен педагогтерге өздері тұратын

қоғамның өмірі мен дамуына әсер ететін мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру;

қоғамның барлық топтарының өкілдерін қатысуға ынталандыратын Дебаттық

клубтардың кең желісін құру.

Осыған орай Орта Мектеп Тоқсан Сегіз мектебінде дебат клубы құрылды. Бұл жаңа бастаманы мектебіміздің 6-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Ақиқат» ПО байланысқа шығып, дебат клубының ұйымдастырылуы, жұмысы жайында түсіндіру мақсатында төраға Беспаев Ақан, спикер Перметова С кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар бұл кездесуден терең ой түйіп, шабыттанды.Жұмыс нәтижелі болуы үшін WatsApp желісінде топ ашылып, бағыт бағдар көрсету алаңы жұмысына кірісіп кетті.













Аға тәлімгер: ________________________

























































Хаттама №4

Күн тәртібінде : Мектепте 8-11 сынып білім алушылар арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының отырысы.

Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары.

Мерзімі: « » 2021ж

#дебаттәрбиешымкентәдістемелікорталық



2021 жылгы 09 сәуір күні мектебімізде Шымкент каласы

М. Әуезов атындағы ОКМУ жанынан құралған

«Ақиқат» пікірсайыс орталығымен оқушыларымыздың дебат дағдыларын дамыту мақсатында бірлескен жүйелі түрде жұмыс нәттжесі бойынша №27 Мәртөбе жалпы орта білім беретін мектебіміздің дебат мүшелерінің арасында мектепшілік жоспарға сай дебат өтті.

#62жоббм







Қаулы : Дайындық жүйелі түрде ұйымдастырылсын.

















Аға тәлімгер: ________________________











































Хаттама №5

Күн тәртібінде : 1.Мектепте 8-11 сынып білім алушылар арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының отырысы.

2. Еңбекші ауданы мектеп арасында өтетін турнирге дайындық.



Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары.

Мерзімі: « ».2021ж

Бірінші мәселе бойынша мектеп лигалары жиналып,алдағы турнир ережесімен мектеп тәлімгері ________________________ таныстырды.

2021 жылы сәуір күні сағат 8.30 –да А.Макаренко атындағы№ 41 мекте-лицейі базасында өтетін «Тәуелсіз елдің тұлғасы» атты Еңбекші аудандық дебат турнирінің

ЕРЕЖЕСІ

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

  1. Осы ереже «Ұшқыр ой алаңы» қалалық № 10, 12, 24,25,28, 30, 31,34, 36, 37, 38, 39, 40,41, 43, 44, 46, 63, 65, 67, 94, 96, 97, 124, 98, 99, 100, 101, мектеп оқушылары арасында өтетін дебат турнирінің (бұдан әрі – турнир) мақсат – міндеттерін және өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

ІІ. ТУРНИРДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. Елдегі қазіргі жағдайды талдау және қоғамдық талқылау арқылы жастардың саяси белсенділігі мен азаматтық жағдайын арттыруға ықпал ету.

  2. Білім алушылардың жалпы мәдени ой өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері,дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік,шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын,коммуникативтік біліктерін дамыту.

  3. Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту.

  4. Оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отан сүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатысушылық сезімін қалыптастыру.

  5. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің, қосымша білім беру педагогтерінің балалармен жастарды өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту, азаматтық көзқарасын дамыту және конструктивті диалогпен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жандандыру.

  6. Оқушылар арасында интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.

  7. Турнирді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитетінің және әділқазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

Қарастырылатын тақырыптар:

  1. БП жетістікке жету үшін жоғары оқу орнын бітіру маңызды емес деп есептейді.

  2. БП алдағы уақытта жойылу қауіпі жоғары мамандықты көрсетеді.

  3. БП Қазақстан экологиясының нашарлауына басты факторды көрсетеді.



ІІІ. ТУРНИРДІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ:

  1. Командалардың қатысу тілі- қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде. Үшінші команданың тілі – ағылшын тілі.

  2. Турнирге жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сыныптарының білім алушылары қатысады, қатысатын топтар екі адамнан тұруы және классикалық үлгідегі киімде болуы тиіс.

  3. Турнир 2021 жылдың сәуір күні өткізіледі.

  4. Турнирде ойындар алдын-ала берілген тақырыптар бойынша ойнатылады. Ойынның форматы: Американдық – парламенттік формат (АПФ)

  5. Пікірсайысшыларды бағалау арнайы критерийлер бойынша жүзеге асырылады. (1 қосымша)

IV. ТУРНИРДІҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

  1. Ойындар 3 кезеңде өткізіледі:1 кезең – жалпы кезеңі, 2 кезең – жартылай финал кезең, 3-кезең – қорытынды кезеңі

  2. Ойын барысында командалар жеребе арқылы қарсыласын анықтайды.

V. ТУРНИР ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

  1. Турнир жеңімпаздарына төрешілердің шешіміне сәйкес (І, ІІ, ІІІ орын, «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Дебаттық креатив» номинациялар бойынша) дипломдар табыс етіледі;



2021 жылы сәуір күні сағат 8.30 –да А.Макарекно атындағы №41 мектеп-лицейі базасында өтетін «Ұшқыр ой алаңы» атты Еңбекші аудандық дебат турнирінің

БАҒДАРЛАМАСЫ


Өткізілу тәртібі

Уақыты

Тіркеу

08-30 –09.00

Ашылу салтанаты (жеребе тастау және сетка жариялау)

09.00 – 09.10

Іріктеу кезеңдері

АПФ (Американдық парламенттік формат) 1 раунд

09.30 – 10.00

АПФ (Американдық парламенттік формат) 2 раунд

10.30 – 11.10

АПФ (Американдық парламенттік формат) 3 раунд

11.30 – 12.30








Қаулы: Оқушылармен турнир ережесі таныстырылды. Турнирге дайындық жүйелі түрде ұйымдастырылсын.







Аға тәлімгер: ________________________























Хаттама №6

Күн тәртібінде : 1.Мектепте 8-11 сынып білім алушылар арасында Америкалық парламенттік форматта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық клубының отырысы.

2. Еңбекші ауданы мектеп арасында өтетін турнирге дайындық.



Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары.

Мерзімі: « » .2021ж

Бірінші мәселе бойынша мектеп лигалары жиналып,алдағы турнирқалдырылғаны жайында хабар келгені хабарланды. Себебі ,мектепті 2 аптаға карантинге жауып қойылуы. Отырыста оқушылармен ақылдаса дайындалып жүрген турнир қарарымен өзіміздің мектебімізде лигалар арасында осы тақырыпта дебат ұйымдастыру.Бір ауыздан шешім қабылданып ,мектеп басшылығына ұсыныспен шығып рұқсат алынды. Отырыста оқушылар үкімет тарапынан,оппозиция тарапынан пікірлерін ортаға салды.

БП жетістікке жету үшін жоғары оқу орнын бітіру маңызды емес деп есептейді.

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Жоғарғы оқу орнын аяқтау- мақсатқа жетудің басты факторы болып табылады. Оның бірден-бір себебі- жоғарғы білім алған адамның болашағы жарқын болады. ЖОО-нын бітірген маман өз жұмысын тыңғылықты атқарады, онымен қоса, табыс табады және жұмыс орнында және өмірде сүйіспеншілік пен махаббатқа бөленеді. Ал жоғарғы білім алмаған адамдардың басым көпшілігі қиын жұмыстарды істейді. Құлпы бар есікті ашу үшін- оның кілтін табу керек. Дәл солай мақсатқа жету үшін оның көзі- білімді алу қажет. Мысалы, небір ұлы ғалымдар мен ғұламалар мақсатына жету үшін тынбай еңбектенген, білім алған. Осылайша олар жетістікке жеткен. Оған Энштейн, Архимед, Ибн Сино, Арестотель сынды атақты тұлғалар дәлел болады. Олар бүкіл өмірін білім алуға арнаған. Бұл мысалдар арқылы айтқым келгені білімсіз адамның өмірден өз орнын табуы қиынға соғады. Сондықтан жоғарғы оқу орнын бітіру- тұлға болып қалыптасуда және мақсатқа жетуде өте мағызды рөл ойнайды деп дебат ережесіне сай факт,аргумент,статистикаларымен бөлісті.

Қаулы: 16.04.2021 жыл күні мектеп акт залында барлық санитарлық қауіпсіздікті сақтап мектепшілік дебат өткізілсін.



Аға тәлімгер: ________________________

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12