Ұстаз - ұлы тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз - ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер күніне арналған сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздар мерекесіне арнаған «Ұстаз –ұлы тұлға» атты мерекелік кештің жүргізілу реті.

Мақсаты: Ұстаздарға меркелік көңіл-күй сыйлау, еңбегін бағалау. Шара арқылы ұстаздарға – ұлы тұлға екенін қуана жеткізу, ұстаз мәртебесін арттыру.

Көрнекілігі: Ұстаздарға арналған құттықтау қағаздары, тақырыптық слайдтар, безендіру қағаздары, шарлар мен жар қағаздары, гүлдер мен стикерлер.

Мерекелік кештің өту барысы:

Кеш «Қазақ биімен» ашылады

1-жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы мезгілін әркім сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Ұстаздар, біздің мерекеміз де осы күздің үлесіне тиіпті.

2-жүргізуші : Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін пенде жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол әрине, ұстаздар, сіздер мен біздер!

1-жүргізуші: Құрметті, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші:Ұстаздар мерекесіне арнайы ұйымдастырған «Ұстаз – ұлы есім» атты ашық мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы- деп ұстаздар қауымын меремен құттықтау үшін мектеп басшысы Ғаля Құлтайқызына сөз береміз.

2-жүргізуші: Бүгін қандай қуанышты күн еді

Күз-береке мейірлене түледі.

Ән арнайды әнші қызың алдыңда,

Қуаныштан жарылардай жүрегі- деп кезекті әсем әнге береміз.


1-жүргізуші:

Ұстаз бізді білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашанда кешірген.

«Өмір жолы – қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген деп келесі кезекті құттықтауға берейік. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Би болады


2-жүргізуші:

Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Ұстаздарға айтар алғыс шексіз ғой,

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен –деп келесі кезекті тағы да ақ тілекке берейік----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткеннің жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Ұстаз деген әрдайым алтын есім

Сіздерге сыйлық етіп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақыметін деп ортаға жас мамандарды шақырамыз.


Жастар легі

М - Мейірімді алғаш үйретіп, қалам ұстатқан алғашқы ұстаздар!

Ұ- Ұлағатты тарихшылар мен әдебиетшілер!

Ғ – Ғазиз жүректі орыс және ағылшын тілі мамандары.

А – Ақылды математиктер мен физиктер!

Л – Лайықты мамандар биологтар мен химиктер!

І – Іскер маман технологтар мен суретшілер!

М – мықты, жігерлі мамандар спортшылар!

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!



1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар өздеріңізге арналған жақсы теңеулерге сан жетпейді.

2-жүргізуші: Десек те «Мұғалім» деген ұлы сөзге сыйып тұрған теңеуге назар аударайық.


1-жүргізуші: Осындай керемет ұстаздар сіздердің арқаларыңызда Қазақ елі әлем биігінде тұрары сөзсіз.

2-жүргізуші: Қыздар Ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарыссақ қалай қарайсың?

1-жүргізуші: Мен қарсы емеспін

2-жүргізуші: «Ұстаз – ұлы тұлға»

1-жүргізуші: «Ұстаз болу –өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

2-жүргізуші: «Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр»

3-жүргізуші: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

1-жүргізуші: Ұстаз туралы қаншa мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

2-жүргізуші: Ендеше, қымбатты ұстаздар, әрқашан шаршамай, талмай іздене беріңіздер.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз, мерейлеріңіз үстем бола берсін!































7-сынып оқушыларының ұйымдастырған мұғалімдер күніне арналған тәрбие сағатынан көріністер



Мектебіміздің қарт ұстазы Нағима Айтжанова тәрбие сағатқа арнайы шақырылып сый –құрмет көрсетілді

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2018
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі