Ұстаз - ұлы тұлға

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз - ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН»

«Каспий» жоғары педагогика

және салалық технологиялар

колледжі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

__________Әмірбекова Г.С

«____»____________ 2024 ж.








ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға»










Өткізген: Амантұрлы Ж.О.

2ИББ-23 б/б тобы















2024-2025 оқу жылдары

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға»

Апта дәйексөзі: Ел-жұртымның бақыты аталатын,

Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!

Тәрбие сағаттың мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын студенттерге түсіндіру.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.

«Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.

«Барлық істің басшысы - білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев

Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. К.Д.Ушинский

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

«Сауысқанның тамағы,

Шоқуменен табылған.

Өнер, білім бәрі де,

Оқуменен табылған.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар» Ы.Алтынсарин

І-жүргізуші:

Армысыздар, Ұстаздарым -әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би де билеп, әнде бүгін шырқалар

ІІ-жүргізуші:

Ұстазым-саф алтын , діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін

Бүгінгі мереке күніңе

Сәл ғана құрметім бұл менің.

Құрметті ұстаздар, 1ИББ-23 б/б тобының ұйымдастыруымен «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1- жүргізуші:

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: «Мерекелеріңіз құтты болсын!»

Хор: Ұстазым

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың,Асылбек? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.Олай болса,шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Ару, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжіміздеде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Жүргізуші:

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

2-Жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

1- Жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2 - Жүргізуші: Біз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-студент: Ж.Мадина

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.


2-студент: А.Саламат

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.


3-студент: К.Мадина

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.


4-студент: Б.Есқуат

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!


5-студент: Т.Гүлшат

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың


6-студент: Т.Болатбек

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға


7-студент: Д.Ботагөз

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.


8-студент: О.Жеткербай

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


9-студент: Т.Мөлдір

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!


10- студент: Қ.Нұрасыл

Ұстаздардың шаршамайтын еңбегіне таң қалам

Ұлылықпен, даналықпен өмір заңын талдаған

Талай ғасыр құпиясын ашып келген ғаламның

Сол арқылы сүйемін мен қасиетін даламның


1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді деп бүгінгі тәрбме сағатымызды аяқтаймыз.


Хаттама_____


Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі

Уақыты: 07.10.2024.

Отырыс: 507 каб.

Тобы: 2ИББ-23 б/б

Барлығы: 25 студент

Қатысқандар: 23 студент



Күн тәртібінде:


  1. «Ұстаз – ұлы тұлға»

  2. Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топ кураторы сөз алып, «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында өткен тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті. Студенттер Ұстаз туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, ән шырқалды. Студенттердің Ұстаз еңбегінің жемісі, білім оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың, ұстаз жолының қиын да қилы болатыны айтылып, алдағы уақытта осындай шараларды бұданда жоғары деңгейде өткізу керек екендіктері айтылды.





Шешім:

  1. «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында өткен тәрбие сағаты «жақсы» деп бағалансын.

  2. 2-мәселе бойынша студенттерді іс – шараларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын шыңдау,топтағы студенттердің сабаққа қатысын және форма сақтау керектігі айтылды.

  3. Осы айтылған мәселелер орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына жүктелсін.



Жиналыс төрайымы: Ж.Амантұрлы

Жиналыс хатшысы: М.Козденова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі