400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұстаз - ұлы ұғым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз туралы ой толғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : Ұстаз-адалдықтың ұлылықтың символы

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Педагогтің қолында әр кезде сол кілт тұру керек»

М.Шаханов

Әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті. Мен өз сөзімді ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзімен ойымды жеткізгім келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы педагог шабыттандырады.

Міне қандай теңеулермен керемет айтылған десеңізші!? Әрине ұстаз адалдықтың символы деп айта аламыз, көзбен де көріп жүрміз екінші анасындай болған ұстаздардың қолында, болашақ жастардың өмірін гүлдендіруге байланысты. Еліміздің болашағы өз кәсібінің жілігін шағып, майын ішкен дамыған педагог қолында екенін тәрбиеші қауымы ұмытпаса екен. Көзге көрсете отырып, оқу әрекетінде баланың көңілінен шығатындай ұғындыру керек. Менің өз сабағыма адалдығым; мектепке қарай асыққан білім алушыға әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеп, әрбір балаға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебін бойына сыйлап, жасерекшелігіне қарай сомдаймын. Әр минутымды бағалаймын. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды Міне, осы жолда ұстаздық қызметке бет бұрып, бала жанының бағбаны болуға бел будым. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу – мен үшін мәңгілік мәртебе. Өйткені, көзінің тірісінде қасықтай қаны, шығардай жаны қалғанша қазаққа қызмет еткен Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып, Ахметтей арыстарымыздың өмірі үзілгенмен, артында арманы болып қалған, үзілмеген үмітін жалғау маған жүктелген міндет деп білемін.. Нағыз ұстаз , міне осы. Өйткені әрбір шәкіртінің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде. Ұлы ұстаз - жас ұрпақ тәрбиешісі, жол көрсетушісі. Қорыта келе, әр бала бойындағы кездесетін талантты, дарынды ашу біздей ұстаздардың ең басты атқаратын міндетін орындасақ Жаңа Қазақстанның болашағын гүлдендіре аламыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
89
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі