Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұстаз -ұлы тұлға" ашық тәрбие сағаты 8 б сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Ұстаз ұлы – тұлға
Сынып: 8 б
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру .Мерекелерімен құттықтау.Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау
Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер, шарлар, интерактивті тақта, бейнероликтер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар
тілейміз.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар
Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.
Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
Жүргізушілер ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті аяулы ұстаздар!
2-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңмен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен Ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
1-жүргізуші: «Ұстаз» ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – ҰСТАЗ.
2-жүргізуші : Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Хор «Ұстазым» 8 б сынып оқушылар
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Дана ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Мадияр, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Шәкірттердің ұстаздарға құттықтауы.
Үш тілде оқушылардың жазған эсселерімен жыр шумақтарын тарту ету.
Оқушыларымыздың ұстаздарыма арналған шыр шумақтарын тыңдаңыздар.
1-жүргізуші: Қане Дана ұстаздарымызбен қызықты ойындар жүргізіп, сұрақтарымызға жауаптар алайықшы. Қоржын ішінде сұрақтар жасырылған сол сұрақтарды ұстаздар алып жауап береді.
Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Ұстаз болу Сіз үшін қиын ба?
-
Қазіргі жаңартылған бағдарлама Сізге қиындығын тигізіп жатырған жоқпа?
-
Біздің сыныбымыз туралы не ойлайсыз? Біз қандай сыныппыз?
-
Мектеп. Ұстаз. Шәкірт осы үш суретке 1 шумақ өлең құрастыру.
-
Сіз өз пәніңізді қалай таңдау жасадыңыз?
Рахмет Сіздерге ұстаздар, сіздерді тағыда мерекелеріңізбен құттықтай отырып әнге кезек береміз.
«МЕРЕКЕ» әні орындайтындар. Сұлтанбаев М. Байдәулетов М. Тастыбаев А қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Пән мұғалімдеріне арналған құттықтау лебізіміз бар. Біз ұстаздарымызға қанша жақсы тілектер айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған жыр шумақтарымызды қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Келесі кезекте ұстаздарымыздың өміріне тоқталып кетсек. Ұстаздар өмірі қандай екен?
Талапбайқызы Ақеркенің орындауында «МҰҒАЛІМДЕР КІМ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ?»
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды.
Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар «Кітап -білім бұлағы» дейді атам қазақ осы айтылған сөздің астарында көптеген ойлар бар. Біз кітапханада жинаулы тұрған кітаптардың өміріне тоқталғымыз келіп отыр. Көрініс. «Кітаптар мұңы» орындайтын бір топ оқушылар.
Автор:/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар/.
1.Қазақ әдебиеті:-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік?
2.Дүние жүзі тарихы: -Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.
1.Қазақ әдебиеті: -Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
2.Дүние жүзі тарихы: -Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әрпімді жекелей теріп көз майын тауысты. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниеті еді ғой бәрінікі.
3.География: -Иә, достар, менің де күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады.
1.Қазақ әдебиеті: -Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып тастады.
2.Дүние жүзі тарихы: /асығып, тұтығып/ -Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
1.Қазақ әдебиеті: -Әріптестер, ең құрығанда кіші сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?! Олар да кінәлі-ау!
4.Математика: -Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!
1.Қазақ әдебиеті: -Бірақ әр оқушы өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай ұқыпты балалар да жоқ емес. Бірақ олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай келеді.
2.Дүние жүзі тарихы: -Иә, иә, сен дұрыс айтасың. Менің өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуміз мектеп кітапханасынан бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайтармайды, арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы су жаңа күйінде шықты.
3.География: -Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен.
(Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.)
1.Қазақ әдебиеті: -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер.
4.Математика: /кекетіп/ -Түптер. Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
2.Дүние жүзі тарихы: /басу айтып/ -Әріптестер, мен тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан, бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік.
Бәрі: -Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.
/Бәрі үміттеніп кетеді/.
2-жүргізуші: -Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау — бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.
1-жүргізуші:
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан сый ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рахметін.
(құттықтау открыткалары беріледі.)
«Бейнеролик» «Ұстаз – ұлы тұлға»
Келесі кезекте сынып жетекшіміз Құралай апайымызға сөз берсек.
Мұғалім сөзі :
Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Мұғалім—оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Мұғалім—өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
Мұғалім—өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады
Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар Сіздерге сыныбыммен бірге бас иемін.
Караоке «Ұстазым»
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Сабақтың тақырыбы:
«Ұстаз ұлы – тұлға»
Сынып: 8 б
Күні: 4.10.2018 жыл