Материалдар / Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы атты мақала
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы


Ұлтымыздың ұлы ұстазы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген болатын. Күн өтті, ай өтті, жыл өтті, ғасыр өтті... Қазіргі жаһандану заманында хакім Абай тілге тиек еткендей ұлттың, елдің, халықтың болашағы ақыл мен ғылымның, білім мен ілімнің деңгейімен өлшенеді. Осы бір қасиеттерді шәкірт бойына тарататын, болашақтың шам шырағын ұрпақ қолына ұстататын бірден бір жан – ұстаздар. Қай заманда болмасын ұстаздың ұлылығын дәріптеп, ұстаз мәртебесін қашанда биік ұстаған.

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан», - дейді ұлы Абай. Адал қоғам дегенді естіп пе едіңіз? Осы аталмыш қоғамды қалыптастыру – ұстаз еңбегінің ақырғы жемісі. Бұл адал қоғамды кім қалыптастырады? Әрине, ұстаздар. Ұстаз адалдықтың символы емес пе!? Адал қоғамның, адал ортаның, адал дүниенің кетігін табатын, кірпішін қалайтын адал тұлғаны қалыптастыру мына біздердің, ұстаздардың міндеті деп білемін. Оқушының дүниетанымын оятып, қоғамды өркендетуге өз үлесін қосатын шәкірт тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Бізде шәкірт болдық. Бізде ұстаздың білім нәрімен сусындадық. Мектеп қабырғасындағы шәкірт бүгінде ұлттың ұл-қызының бойына адамгершілік қасиеттерді, ұлттық және рухани құндылықтарды дарытып, тәлім-тәрбиеге, үлгі-өнегеге, білімге баулуда. Демек, қазақ елінің өркениетінің жаһандануына үлесін қосатын ұрпақты өсіру ұстаздардың адал еңбегіне, таза жүрегіне байланысты.

Француз-швейцариялық философ, жазушы Жан-Жак Руссо: «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау», - деген болатын. Бұл сөзбен келіспеу мүмкін емес. Жылдар бойы қаншама тер төгіп, жас буынның жарқын болашағына жол ашатын, арман-мақсатына, бақытына алғашқы қадамды жасауға ынтыландыратын ұстаздар. Бар өмірін сарп етіп, талпыныс қанатын қақтыратын да солар. Шәкіртпен тіл табысу, оларды мәдениеттілікке баулу, даму қағидаларын шәкірт бойына тарату, ақыл-ойды қалыптастыру біршама уақытты талап ететін үлкен жауапкершілік. Күні-түні шәкіртіме бұл жолы не үйретсем екен деп толғанатын ұстаздардың еңбегі ерең.

«Болашақта кім болғың келеді?». Ойланыңызшы, осы сұрақты ең алғаш рет сізге кім қойды? Әрине, мән бермейміз. Алайда, осы төрт сөзден тұратын сұрақ шәкіртке ой салады емес пе?! Кімде кім болмасын, кез келген адам мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаз алдында қыстан шыққан, көктемгі гүл секілді болады. Гүлдің жайнап, құлпырып ашылуы жылулық пен күн нұрына байланысты. Міне, осы себептен де ұстаздар жылулықты да, жарықты да сыйлайтын аспандағы жарқыраған күн іспетті. Мен – ұстазбын. Ал, ұстаз – қараңғы түнде дұрыс жолға салушы түнгі аспандағы темірқазық.

Ұстаз – дамушы. Ұстаз шәкірт болып дамиды, өзі дамиды және шәкіртпен бірге дамиды. Ұстаз дамымай шәкірт дамымас. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ...», - демекші, ұстаз ізденуден, үйренуден, білгенін үйретуден жалыққан емес. Білген үстіне біле түссем, қоғамға пайда келтірсем деген жетер жолы шырмалаң арманға ұмтылудан жалыққан емес. Себебі, ұстаздың бүгінгі күнгі еңбегі, ертеңгі күннің нәтижесі, ал нәтиже – болашақ елдің айнасы. Ұстаздың негізгі мақсаты – тек білім, тәрбие беру ғана емес, бейімделгіш, жан-жақты, толыққанды, дамуға қабілетті тұлғаны қалыптастыра отырып, уақытпен бірге даму. Үздіксіз ізденісті өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз ғана жас буынның шоқтығын биіктетіп, білуге деген ниетін оята алады деп ойлаймын.

Ағартушылық пен ұстаздықты ұштастырған, қазақтан шыққан көрнекті жазушы Ыбырай Алтынсарин өзінің төл еңбегінде:

«Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар», - деп балаларды білімге шақырған болатын. Кез келген ұстаз қараңғы түндегі шам, дауылды күндегі шырақ іспетті. Таным-білім негізін, әділеттілік пен ізгілік идеясын алға тартқан, мәңгүртік пен надандықтан қашық болуды насихаттаған шоқтығы биік ұлы Абай да, өмірін өлеңмен өрген ақиық ақын Мұғағали да, қаламынан бал тамған жазушы Бердібек те, ақиқат пен адалдықты ақ парақ бетінің айнасына айналдырған Мұхтар да ұстаз болған, олардың да ұстазы болған. Тамырын тереңге жайған тарих беттеріне үңілсек жүзінің болмаса да, бірінің өміріне шамнан шырақ жаққан ұлы тұлғаларды жолықтырамыз.

Қорытындылай келе, ұстаз деген – ұлы есім екенінін айтқым келеді. Қазіргі жас буын – болашақтың жалғасы. Ұстазы дана болса, келешек ұрпақ саналы болады. Ал, ұстаз шәкірттің ой-санасын кеңейте алса, дана ұстаздың еңбегі сан ғасырар бойы жемісін береді. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады», - демекші, адам болуға, өз өміріне өзі жауапкершілік ала алатын көзі ашық тұлға болуға жетелеген ұстаздың орны бөлек. Сондықтан да, ерінбей еңбек етіп, жарқын болашақтың есігін ашар кілтті жас буын қолына ұстату міндетім деп білемін. Қолына найза ұстап халқын жаудан қорғаған батырдың да, елінің атын ұлықтаған ақынның да, ғылым жолын қуған ғалымның да ұстазы бар. Ұлылық пен адалдықтың символына айналған ұстаз болу мен үшін үлкен мәртебе!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!