400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры

Эссе

Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,- дейді әл-Фараби. Иә, осы білім мен тәрбие биікке шыңдайтын құстың қос қанатындай дүние екендігі баршаға аян. Ұрпақ бойына осы екі түсінікті мектеп қабырғасынан қалыптастыруда ұстаздар еңбектенеді, тер төгеді. Осы жолда бар өмірін сарп еткен ұстаздар жайлы қалайша тебіренбеске?!

Мұғалім оқушысына үлгі болуы үшін білім-ғылымға қанық, үнемі жаңашылдыққа жақын, ізденімпаз болуы аса қажет. Себебі, жаңа дәуір жастары ғылыммен, дәлелмен көз жеткізуді талап етеді. Кез келген оқушыға мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі айна болады. Оларға үлгі бола отырып, дұрыс бағыт беру, еңбектенуге құлшынысын арттыру, талабын шыңдау – мұғалімнің шеберлігінің сырында болмақ. Ұстаз өз жұмысын сүйіп істесе, тұла бойы мейірімге толып, шәкірт жүрегінен орын таба білсе болғаны емес пе? Міне, сонда ғана әрбір жақсы ұстаз ұлылықтың , адалдықтың бастауы, қайнар көзі болып қалары анық. Педагогика ғылымының негізін қалаушы К.Д.Ушинский: «Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіретін болса, ол- кемел ұстаз» демеп пе еді?! Демек, оқушыға өнеге бола білу үшін де, білім жолында кемелдікке жету үшін де адамгершілік қасиетті жоғары ұстай білу де негізгі қадам болып саналады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушыны дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарады. Текті жұрт әрқашан мұғалімдерін қадірлеп, өзі білім алған мектебін қастерлеген. Біздің келешегіміздің кепілі- білімді ұрпақ тәрбиесінде! Ұрпағымыздың нағыз білімді, жан-жақты дамыған, өз елін сүйетін азамат болуы ұстазына байланысты. Бар әлем, барлық ғалам бас иіп сыйлайтын бұл тұлғаға жетер жан бар ма екен?! Жоқ, әрине... Ұстаз -ұлылықтың, адалдықтың символы. (266 сөз)

Нуржигитов Асхат Адилбекович дене шынықтыру пәні мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.06.2024
207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі