Материалдар / «Ұстаз әрдайым ұлы тұлға»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұстаз әрдайым ұлы тұлға»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАР ТУРАЛЫ ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ СӨЗДЕР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтау қаласы

14 жалпы білім беру орта мектебі КММ

Өзін-өзі тану мұғалімі:

Муналбаева Гүлдана Аманқосқызы

 



«Ұстаз әрдайым ұлы тұлға»

Ұстаз............ұлы есім. Айтылған да – ақ құлаққа жылы естілетін үн. Өмірде талай ақын, жазушы, батыр өткен. Бірақ солардың барлығы ұстаздан тәлім алған. Ұстаз оқушыға білім беріп, үйретіп жол нұсқаушы өмірдің ақ қарасын көрсетуші. Адам баласының бірінші үйі өз үйі, ал екінші үйі мектеп. Сол сияқты балаға бірінші ата - анасы тәрбие берсе, екінші ұстаз тәрбиелейді. Оңы мен солын көрсетеді, бағыт - бағдар береді. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Ойды өрбіте келе ұстаз атты ұлы тұлғаға не айтылса да, жылы сөздермен жоғарғы мақтауларға лайықты жан!
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Оқушыға бар білгенін үйретіп, үйдегі барлық нәрсені ұмытып, толықтай өз мамандығына берілген жан дер едім.....

«Заманына сай адамы» дейді қазіргі таңда оқушылармен бірге қуанышты сәтті көп өткізудеміз. Себебі қазір оқушыларға қатты талап жоқ! Бір жағынан оқушыларда емін-еркін сөйлесіп жүреміз! Мұғалім емес кейде мен солардың өзім анасындаймын.
Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

ұстаз есімін естігенімде бірден ойлабастан менің ұстаз болғым келді. Бала күнімде мен аулада отырып,колыма жасанды журнал алып,оқушылардың тізімін жасап,өзімше мұғалім бола бастайтынмын. Шынында мен мұғалімнің рөлін жақсы сомдап шығатынмын. Уйдегілерге мен мұғалім боламын десем...барі маған қайдағы жоқ-ты айтпа деп айтатын. Қазір шынында бала күніме қарасам қызыға да сагына қараймын. Қандай арман болса да орындалады екен. Тек оны армандап қана қоймай ұмытылу мен сенім керек. Ұстаз деген ұлылыққа өмір бойы бас иеміз. Қазіргі таңда сол ілім- білім арқасында өмір сүріп жатырмыз. Жас ұрпаққа білім де тәрбие беруші ол әрине – Ұстаз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!