Ұстаз білім шырағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз білім шырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз – болу үшін жүрек керек. Бұл сөздің астында талай ой саларлық дүние жатыр. Осы мамандықта білім алғанымен, адамдардың бәрі – бірдей ұстаз бола алмайды. Алдына балапан болып келген ақ үрпек бүлдіршіндерді қанаттандырып, үлкен өмір жолына салу мұғалімнің міндеті. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз – білім шырағы

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

Ұстаз – болу үшін жүрек керек. Бұл сөздің астында талай ой саларлық дүние жатыр. Осы мамандықта білім алғанымен, адамдардың бәрі – бірдей ұстаз бола алмайды. Алдына балапан болып келген ақ үрпек бүлдіршіндерді қанаттандырып, үлкен өмір жолына салу мұғалімнің міндеті. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. 

Бала бойыңа бар жақсы дүниені сіңіру, қолыңа алғаш қалам ұстатып, әліпби үйретіп, өзінің ойын жетік жеткізе алатын, саналы азамат болып қалыптасуында, ұстаздың алатын орны орасан зор. Әр баланы жеке тұлға ретінде ашып, даралығымен көзге түскен балапандарға даңғыл жол сілтеуде осы ұстаздың парызы.

Өзімнің педагогикалық жұмыс тәжірбиемде алдымнан талай бүлдіршін өтіп, қаншама түлекті ұшырдым. Мен әр баламның жетістігіне қуанып, олардың өмір жолында адаспай, үлкен азамат болып өскендерін әрдайым мақтан тұтамын. Мен барлық біліктілігім мен білімімді, күш-жігерім мен энергиямды бала тәрбиесіне жұмсап, берген барлық өнеге, ақылымды осы кішкентай балғындарым бойына 100 пайыз сіңірсе екен деймін. Бала бойыңдағы бар қабілетті танып, олардың шам шырағы болғым келеді.

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”.

Біз бүгінде ұстаз мәртебесін жоғалтпай, осындай киелі атақты жоғары ұстап, атына кір келтірмей, балаларға жақсы білім беру жолында аянып қалмауымыз керек. Ел болашағы болатын – өскелең ұрпақ өкілдеріне үлгі, білімнің шырағы бола білейік.









Қатысушының толық аты-жөні:

Жаманова Мендыгул Серикбаевна

Қаласы/ауданы/ауылы:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Мектеп:

21 орта мектеп-лицейі

Туылған жылы/жасы:

01.12.1969 жыл/ 50жас

Байланыс телефоны:

87054247855

Эл.почтасы:

zhamanovams@mail.ru

Жетекшінің аты-жөні:

-



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2021
781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі