Ұстаз болу арманым

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ұстаз болу арманым

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мен және менің болашақ мамандығым



Маман болу,бір мамандықтың иесі болу адам өмірінің қиындық пен қызыққа толы парағы деп білемін. Адам мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандық таңдау үшін бала күнгі арман тілектеріңді мақсаттармен ұштастырып, сол мақсатқа жетуге қадамдар жасау керек. Мамандық көп,бірақ мамандар аз, ал солардың ішінде шын мамандар одан да аз. Мамандық әрбір адамның сүйіп жасайтын және оның ертеңгі болашағы. Өз ісінің маманы болу бақыты көпке бұйыра бермейді. Ол үшін адам мамандығын шексіз сүю керек. Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Дәрігер адамдарды емдесе, ұстаз оқушыларына білім береді,әнші ән айтады,құрлысшы үй салады,тігінші киім тігеді тағы да басқа мамандықтар туралы айта беруге болады.

Менің бала күнімдегі арманым қадірлі, құрметті ұстаз болу. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең»- дегендей әркімнің балалық шағында мамандық таңдауға деген әртүрлі қалауы болады емеспе. Сол сияқты менің де бала күндегі арманым ұстаз болу. Нағыз ұстаз болу бақыт және үлкен абырой. Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді. Ұстаз болу төзімділікті табандылықты, ізденімпаздықты және де темірдей тәртіпті талап етеді. Мектепті жақсы оқып, үнемі ізденіп , ұстаздық мамандықты оқысам деймін. Бұл мамандықты таңдауға өз ұстаздарым түрткі болды. Солардың бірі алғашқы ұстазым Гауһар мұғалім. Жазу мен оқуды үйретіп, білімге деген қызығушылығымды арттырғаны үшін марқұм Гауһар ұстазыма мәңгі қарыздармын. Шындығында ұстаз болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің -бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз болу адамзат баласының кеудесінен үлкен орын алатын жандардың бірі болу деп ойлаймын. Мен сияқты әр адам алғашқы ұстаздарын ұмытпайтынын білемін. Себебі ұстазың берген тәрбие мен білім келешек өміріңе жол сілтер шамшырақ. Ұстаздық ең асыл, қасиетті мамандық . Ұстаз ол мектепке алғаш аяқ басқан күннен бері оқушыға тура жол көрсетіп, талмай жалықпай білім беріп, жақсылығыңды асырып, жамандығыңды жасырып сені тек биіктен көргісі келетін адам. Ұстаз таудан арқырай аққан тау суы секілді айналасына қуат беріп, жолында кезіккенді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалдатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып дамылдайды. Ұстаз шәкіртіне шуақ төккен күн ана. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Мұғалім болу абыройлы істердің бірі. Мұғалім мамандығы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, түзу жолды көрсетеді. Мұғалім барлық мамандықтардың анасы. Ұстазға мың алғыс та аздық етпейді. Мұғалім болу үшін сабақты жақсы оқу керек. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандық иесі болғым келеді. Мен ұстаз болуды бала күнімнен армандаймын және де сол арманға жету үшін өзіме үлкен мақсат қойдым. Арманға жету үшін көп еңбектенемін. Мұғалім мамандығы маған қатты ұнайды. Себебі мұғалімнің жұмысы өте маңызды және өте қиын сонысымен қызықты. Мамандықтардың ұлысы-ұстаздық деп білемін. Мен де болашақта білімге сусап келген оқушыларға алғаш қалам ұстатар ,яғни бастауыш сынып мұғалімі болсам деймін. Сөйтіп оқушыларымның жүрегінен орын тауып, олардық құрметіне бөленсем деймін. Қазіргі таңда әдеби шығармаларды көп оқимын. Сөздік,тілдік қорымды дамытсам, сауатты жазсам деймін. Қатарластарымның көбі әлеуметтік желілерде қате көп жібереді. «Ұстаз қателессе бүтін бір қоғамды өлтіреді» - дегендей болашақ мамандығымды абыроймен алып жүру үшін қазірден өзіммен жұмыс істеудемін. Білім бастауыштан қаланады емеспе. Сондықтан болашақта білімді, білікті маман болу жолында көп ізденіп, әлі көп оқуым керек. Уақытымды босқа өткізбей, қолым босағанда бір нәрсе білсем,үйренсем деймін. Анам мен ұстазымның айтуынша мен қайсар қызбын. Ол кісілердің сенімін ақтап таңдаған мамандығымда биік белестерді бағындырамын. Мен ұстаз боламын!





Қатысушының тегі аты -жөні

Кәрімова Дильназ Серікқызы

Жетекшінің толық аты-жөні

Тайтөлеуова Жазира Бақтығазықызы

Ата-анасының толық аты -жөні

Қырықбаев Серік Кәрімұлы

Облыс, аудан, қала, село(ауыл) атауы

Абай облысы, Абай ауданы,Көкбай ауылы

Білім беру мекемесінің атауы

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ

Байқау атауы

«АЛТЫН ТҮЛЕК»

Телефон, ұялы, е-mail

Zhazira_0083@mail.ru

тел:87025460083

Сапалы 3*4 фотосы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі