Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз еңбегі өлшеусіз...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз ардагерлер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз еңбегі-өлшеусіз…

«Ақын Орақ Байғалиевтің өлең шумақтары барынша мығым, арасында арам ет болмайды.» Жорақ ағай.jpg ұмекен Нажмединов

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі - деп Ыбырай Алтынсарин айтпақшы , ұжымда өзінің тынымсыз еңбектерімен , әрқашан ізденісіте жүретін мектептің жүрегі бола білген Орақ Байғалиев ағайды ерекше атап өтуге болады. Орақ Байғалиев өзінің еңбек жолын 1966 жылы Жетібай кентінде мектепті бітіріп, Мұнай барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі қызметінен бастаған.Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің тарих факультетін таммамдағаннан кейін, Қарақия ауданында мектеп аралық өндірістік оқу комбинатында оқушыларды автокөлік жүргізуші мамандығына баулыды.Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестігінің Жетібай технологиялық көлік- құралдары басқармасында қауіпсіздік техникасы бойынша аға – инжинер,автотізбек бастығы,кадрлар бөлім бастығы , «Маңғыстау өндірістік ұлу тас өндіру және өңдеу бірлестігінде» заңгер және кәсіподақ комитеті төрағасы болып қызмет атқарды. Ақтау қалалық «№28 жалпы білім беру орта мектебінде», «Дарынды балаларға арналған мектеп интернатында , ал қазіргі таңда «№1 кеші жалпы білім беру орта мектебінде гуманитарлық пәндерден сабақ беріп, «№8 орта мектепте» «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған жас потриоттар үйірмесін жүргізеді. .Оның алғашқы өлеңдері Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», облыстық «Коммунистік еңбек»,Республикалық «Ерекше жас», «Жалын», «Жұлдыз» журналдарында жарық көрген. «Шаңырақ», «Жадымдасың Ақжайық» өлеңдеріне белгілі композитор Марат Ордабаев әуен жазған.Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру бағытында оқушылармен шығармашылық кездесулер өткізіп,Ақтау қаласының 50 жылдығына арнап шығарылған 50 кітаптің бірі «Қараша» жыр-жинағының тұсау кесері қалалық деңгейде аталып өтілді.Маңғыстау әкімдігінің қолдауымен кітап электронды түрде ғаламторға жүктелді. Орақ Байғалиев әрқашан өз уақытын пайдалы дүниеге жұмсағанды жөн көреді. Ол Семейде «Абай» музейінде, Павлодар облысында «Сұлтанмахмуд Торайғыровтың» , орыстың біртуар ақындары Сергей Есениннің ,Владимер Высотский сынды ұлы ақындардың бейіттеріне арнайы барып тағзым еткен.Мәскеуде өткен Авардың ұлы ақыны Расул Хамзатовтың , орыстың үш бәйтерегі Роберт Рождественский, Андрей Вознесенский,Евгений Евтушенконың шығармашылық кештеріне арнайы барып қатысқан.Орақ Байғалиев ЖОО-да оқып жүргенде тарихшы бола тұрсада ,Қазақ классиктері Сабит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтардың әңгімелерін тыңдап,өзіне шабыт алғандығын айтады.Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Өтежан Нұрғалиевтің өлеңдерін өз ауыздарынан тыңдаған.Оның өз кітаптарын да халық сүйсіне оқиды. Оларға тоқтала кетсек «Тұңғыш» 1978 ж, «Амал келді» 2007ж, «Сәуір туған шақ» 2009ж, «Сүмбіле» 2011жылдары жарық көрді.

Ұстазымыздың бүгінгі жеткен жетістіктеріне қуана отырып, барша шәкірттерінің атынан зор денсаулық, жанұясына амандық, жарқын шығармашылық ғұмыр, жаңадан биік белестерді тайсалмай бағындырып ақындық өнерін сүйетін барша қауымды мәнді де, сәнді шығармаларымен тәнті ете беруіне тілектестігімді білдіремін!

«№1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі»КММ химия пәні мұғалімі Қыдырбай Камшат Мақсатқызы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12