Ұстаз қоғам тірегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз қоғам тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік мақала, Адамзат санасының қалыптасуы мен ой-өріс зеректігінің артуында ұстаз рөлі аса маңызды. Бұл, әсіресе, жаһандық жасампаздыққа бет бұрған бүгінгідей заман үшін маңызды. Сол себепті ұлағатты ұстаз қоғамдағы айрықша мамандықтардың біріне айналғалы қашан. Қазақ халқының білімге құштарлығы қашанда жан сүйсінтіп келген. Тарихтың талай тезінен өткен ұлт ғылым-біліммен кештеу таныса бастағанына қарамастан, дала философиясын, табиғат сырын, тіпті математикалық өлшемнің өзін қазақы ұғыммен зерделей алған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз қоғам тірегі



Адамзат санасының қалыптасуы мен ой-өріс зеректігінің артуында ұстаз рөлі аса маңызды. Бұл, әсіресе, жаһандық жасампаздыққа бет бұрған бүгінгідей заман үшін маңызды. Сол себепті ұлағатты ұстаз қоғамдағы айрықша мамандықтардың біріне айналғалы қашан. Қазақ халқының білімге құштарлығы қашанда жан сүйсінтіп келген. Тарихтың талай тезінен өткен ұлт ғылым-біліммен кештеу таныса бастағанына қарамастан, дала философиясын, табиғат сырын, тіпті математикалық өлшемнің өзін қазақы ұғыммен зерделей алған. Осындай ұлттың зердесіне ғылым шоғы түскенде тұтанбай тұра алмайтыны содан болар. Мұның бәрі алғаш рет қазақ даласында мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбегінен-ақ мәлім бола бастады. Ыбырай Алтынсарин сабақты орыс графикасына негізделген қазақ әліп-биімен оқытты. Ыбырай мектебінде Торғай өңірінен жас шамалары 9 бен 13 аралығындағы он төрт бала оқыған. Ұлы ағартушының талантты шәкірттері қатарында ізін жалғастырған шәкірттері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушыларда түлеп ұшты. Олардың қатарында: Ахмет Бірімжанов, Әліби Жангелдин, Спандияр Көбеев, Нұржан Наушабаев, Бекет Өтеуілов, Жиһанша Сейдалин, Смағұл Майоров, Біләл Асфандияров, Ахмет Балғымбаев,  Әбубәкір  Алдияровтар бар. Міне, бұл мысал жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады.

Қазақ даласына білім нәрін сепкен осындай азаматтардың арманы бүгінгі таңда айна-қатесіз орындалды десек қателеспейміз. Себебі тәуелсіз Қазақстанның оқуға құмар, білімге бейім балалары заман талабына сай білім алуда. Жылдар жылжыған сайын білім беру жүйесінің әдістемелері де өзгеріп, түрлене түсетіні заңдылық. Сондықтан да бүгінгінің ұстазы да жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтылысы бар болуы қажет. Ондағы мақсат - оқушыны мектепке құштар ету, сол арқылы білімге, өнерге, еңбекке баулу. Өйткен себебі, баланы біліммен қызықтыра алмасақ назары өзге дүниелерге ауып кетуі әбден мүмкін. Ал ел келешегі үшін бұдан асқан қателік бола қоймас. Сондықтан да жалпы адамзат алдында әр мұғалім өз борышына адал болуға тырысады. Бұл үшін ұстаздарға жағдай жасалуда.

«Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» деген сөз бар. Ұстаз, оқытушы қадірі туралы Мағжан Жұмабаев осылай айтқан еді. Осы ұстанымға сай қазір педагог қоғамда тиісті мәртебеге ие болып келеді. Бұл мәселені Елбасы, Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев та көтеріп, педагог мәртебесін айқындауды міндеттеген еді. Мемлекет тарапынан ұлағатты маманға жасалған осындай қолдау мектеп секілді білім ордасында еңбек етіп жүрген ұстаздарға дем береді. Ал мұғалімдер зияткер, зиялы қоғамның қалыптасуына күш салады.



Светлана Искакова

М. Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2021
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі