400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ұстаз туралы ой (Мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда ұстаздардың ерен еңбек иесі екендігі жөнінде айтылған.Сондықтан бұл материал ұстаздарға және ұстаз болуды армандап жүрген болашақ ұстаздарға қажетті деп ойлаймын. Ұстаз жайлы айта берсең өте көп құнды пікірлер бар. Сол себепті мен барлық теңеулерге сүйене отырып, өз ойыммен түйіндедім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Каримбаева Нағима

Ұстаз туралы ой

Мектеп атты құтты мекеннен, аяулы ұстаздан адамзат баласының барлығы тәлім-тәрбие алып, өсіп өнеді. Дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей ұлағатты ұстаздарымыздан білім алып, ұстаздық кәсібін таңдап, бүгінгі таңда оқушыларға білім нәрін беріп, ұстаз атанып, ұлы істің игі жолында аянбай қызмет жасап келемін. Ұжымымыз бүгінгі күнде жас өрендерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп бар ынтасымен жұмыс жасағандықтан мектебіміз жаңа, жас болуына қарамастан алдыңғы қатардағы мектептер тізімінен орын алып келуде. Мұның барлығы заман ағымына қарай ілесіп қарқынды еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың белсенді іс-әрекеті деп білемін. Қай дәуірде болмасын ата-бабамыз жастарға көп үміт артқан. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев та жастарға сенім білдіріп, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастарға көп мүмкіндіктер беріп қолдады. Еліміздің болашағы, ертеңгі күні жастарға және біз тәрбиелейтін жас ұрпаққа тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі дамыған заманда, жан-жақтама білімді, ізденімпаз, шығармашыл, бір сөзбен айтқанда, жаңашыл мұғалім жаңа мектепке ғана емес, көз-келген мектепке ауадай қажет. Себебі жаңашыл ұстаз – заман талабы.

«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Осындай қызығы мен қиыншылығы мол мамандықты мен де таңдадым. Себебі, ұстаз болу – бала кездегі арманым болатын. Сол арманға жеттім деп айта аламын. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені бұл – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне ұлы мамандық. Бірақ «Ұстаздық жолы қиын бұралаң, Істей алмас бұл жұмысты құр адам» деген сөзді естен шығармаған жөн.Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ? Әрине, өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат қуатын салу керектігін айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, жоғары идеялы адамға тән қасиет. Сондай-ақ, ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың оң шешімін табуға дайын болуы тиіс.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда жас ұландарымыздың биіктен көрнуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Осы мәселенің бәрін жинақтай келе жаңа заман мұғаліміне сай – рефлексияға қабілетті, өзін-өзі дамытуға талпынған әдіс-тәсілге бай, зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық, әдістемелік, ақпараттық және басқа құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті шығармашыл тұлға болуымыз керек. Ендігі алдағы үлкен арманым да көздеген мақсатым да шеберлігі шыңдалған, тәжірибесі мол ұстаз атанып, бәсекеге қабілетті болу.

Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» дейді. Менің ойымша, мұндай қасиеттерді адам бойына тек қана ұлағатты ұстаздар ғана дарыта алары сөзсіз. Ұстаз бен оның елеулі еңбегі жайлы айта берсек сөз жетпейді. Сондықтан өз ойымды өлең шумақтарымен қорытындылауды жөн деп білдім.

Ұстаз жайлы ақындар көп жыр еткен,

Айтады олар өз ойларын жүректен.

Мақал-мәтел, нақыл сөздің бәрі де

Ұстаздардың ұлылығын сөз еткен.

Тағыда айта берсем артық болар,

Теңеулерге ұстаздардың көңілі толар.

Менің де қызығы мен қиын жолда

Шәкірттерім арқылы бағым жанар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
2957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі