Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз-ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мерекесіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызыларай жалпы орта білім беретін мектеп»

















Тақырыбы:

Shape1







­Өткізген :Смайлова Б.Ж



















2017-2018оқу жылы

Ұстаз –ұлағатты есім

Армысыздар, аяулы ұстаздар! Жас ұрпақтың рухани сәулеткерлері, сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Халықтың нұрлы ертең үшін, ел игілігі жолында атқарылып жатқан еңбектеріңізге жеміс,дендеріңізге саулық тілейміз! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!

Н: Бүгінгі «Ұстаз –ұлағатты есім» атты ұстаздар мерекесіне арналған кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын ардақты ұстаздар!

Қ : Биік сенің ұстаздық қасиетің.

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,

Жадымызда сақталар өсиетің.

Н: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен.

Бізге деген жылылықты табамыз.

Қ: Ұстаз деген-ұлағаттың шайыры,

Қадіріңнің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген -шуағы мол щапағат,

Шаршамайтын,шалықпайтын тәйірі

Н: Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерің оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін

Қ: Ортаға бүгінгі мерекеге деген шашуын алып келіп отырған

7- сынып оқушысы Ескелді Жанарысты «Ұстазым»әнімен

шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Ән орындалады.

Н: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Әліпбиді оқып біліп жаттадым.

Естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырымнан қаққаның.

Қ: Әділдіктің қақ жарып қара қылын ,

Мінездерімен ұқтырған даналығын.

Жақсыгүл, Перизат, Зергул.Дариялар,

Үйретер бастауыштың бал-бұлағын.

Н: «Айару» би тобының орындауындағы би бастауыш сынып

мұғалімдеріне арналады: Қабыл алыңыздар!

Би орындалады

З: Физиканың заңдары анық аңыз,

Сол заңдарды өмірде сан ұғамыз.

Ом мен Ампер, Фарадей, Ньютондарды,

Амангелді мұғалім арқасында танығанбыз.

О: Талай елдер айналған аты аңызға,

Жадымызда көрсеткен картаңызда

Жердің бетін армансыз танып білдік,

Зәуреш апай өзіңіздің арқаңызда

З: Нұргүл апай саналады жеке дара,

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.

Әр алуан салалы,болған сара

Баласындай көреді әрбір баланы.

О: Ендеше, мектебіміздің үш тағаны, үш қамқоры болып жүрген Амангелді ағай, Зәуреш апай, Нұргүл апайлар сіздердің құрметттеріңізге 9 -сынып оқушысы Құралхан Қайсардың жүрегінен шыққан әнді қабыл алыңыздар.

Ән орындалады

О: Есте сақтап ұмытпаймыз әр үнін,

Өкінеміз, ескермедік қадірін.

Шығарады апайымыз Ботагөз

Математика есебінің барлығын.

Өзі ақ көңіл, аяғыш жан десек те

«Қызығы мол» деп шақырған есепке

Апайымды шашын бояп жүретін

Ұмытпаймыз шетел асып жүрсек те.

З : Қадыр тұтып құрметтейік асылды,

Өмір үшін өрге сүйрер тасыңды

Үйрететін Бота, Еркежан апайлардың есебі

Ой қонып жетілірер басыңды .

О: Монитор, пернетақта-сөздің басы,

Өрлейді компьютермен өрге тасы

Бүгінгі жaһандану заманында,

Балнұр, Гүлсім апайлардың зор ғой «бәсі»

З : Келесі 5 -сынып оқушысы Өмен Аружанның орындауындағы «Армандастар» ән математика және информатика мұғалімдеріне арналады, Қабыл алыңыздар!

Ән орындалады

О: Сөз таба алмай қалаша қысыламыз,

Жырдан кептер мұндайда ұшырамыз.

Белгі болып біздерден қалу үшін,

Аз ғана сый- ескерткіш ұсынамыз.

(музыка ойналып, сыйлықтар таратылады)

Қ: Ана тілім-өз тілім,

Үйрендік сан тәлімін.

Жадыра, Меруерт апайларға

Сыйлаймыз үлкен ән-жырын.

Н: «Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,

Айгүл апайдан көп біздің сұрарымыз

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін,

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Қ: Тілімізді ағылщынща сындырған ,

Тез игертіп, үлкен істі тындырған.

Апайымыз Зада ханымға

Тарту еттік жырымызды нұр тұнған.

Н: «Үш тұғырлы тіл» мамандарына 6- сынып оқушысы Жұмабек Балжанның орындауындағы «Аққу» биін қабыл алыңыздар!

Би орындалады

Қ: Өзі биолог өз кәсібін біледі,

Нұрға тұнған Әсем апайдың жүрегі

Шәкірттерін сүйетіні соншалық,

Ұрсып тұрып шыдай алмай күледі.

Н: Айгерім апай химия маманы,

Білмесек те білім отын жағады.

Қатал әрі әділдікті құрметтеп,

Шәкіртердің тілін шебер табады.

Қ: Үйрендік бейнелеудің қыр-сырын

Айнагүл мұғалім тілеріміз көп біздің

Табиғат сыйлағанда сұлулығын,

Айнагүл мұғалімдей ұғынды кім?

Н: Әсем, Айгерім, Айнагүл апайлардың құрметіне 8-сынып оқушыларының КВН-ін қабыл алыңыздар!

КВН

Қ : Құрметті ұстаздар, кезекті ойынға береміз.

Ойын ойналады.

З: Бұл далаға хан орда орнаған ба,

Батырлары даласын қорғаған ба?

Ауызды ашып қаласың, Жанай ағай

Тереңнен тарихты толғанда.

О: Ұл-қызыңыздарыңыз жүлдегер боп,

Түссінші алшысынан асығыңыз.

Қашанда биіктерден қол бұлғасын ,

Жарқын, Сұлтан ағайлар кәсібіңіз.

З: Шәкірттердің қайрап, ұштап жігерін

«Партиот бол» деп үнемі жүретін.

Ағайымыз Жексенбіге түлектер

Алғыс айтып жеткізіп тұр тілегін.

О: Салт-дәстүр мен өнер үшін жаралған,

Шәкірттері құштарланып нәр алған.

Технология пәнін сүйіп меңгердік,

Салмақты ағайымыз Армиядан.

З: Келесі орындалатын ән сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің қорғандары Жанай, Жексенбі, Жорка, Армия, Сұлтан ағайлар. Ортада 6- сынып оқушысы Қайырбек Нұргүл «Көңілді күн» әнімен мұғалімдер ортаға биге шығыңыздар!

Би орындалады

О: Шәкірттерін сүйген жұдырықтай жүрегі,

Тым еңбекқор, өздері де әдемі .

Камшат пен Айнұр мұғалім

Білімдерімен сусындатып жүреді,

З: Білгенге білім-байлық бағасы артық,

Салмағы сан жетпейді қорғасындай,

Мархабат пен Гүлнара үйренсең,

Таусылмас тау кенінің тасындай.

О: Мектебіміздің бала бағбандары Камшат, Айнұр, Мархабат, Гүлнара мұғалімдер келесі ән-жырымыз сіздерге арналады.Қабыл алыңыздар!

З: Жетектедің шыға алмас биікке,

Шыға алмайтын тауда жортқан киік те.

Түсіндіріп өмір атты ғаламды

Аяулы ұстаз,көрдің отқа күйіп те.

О: Ұстаз деген –ұстаз болып туғандар

Ұлылықты ұлықтаған имандар,

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

Н: Оқушыға өмір жолын жалғатып

Үйреттіңіз ақ-қараны таңдатып

Асыл ұстаз әр кез аман болыңыз,

Ұшырыңыз түлектерді самғатып

О: Өнеге қылып өмірде өсиетін,

Шәкірттері алдында бас иетін.

Ұстаз деген қашанда зор ұғым ғой,

Жоғалтпайтын қадірін, қасиетін.
Қ: Сабақ берген шын ынта пейілімен

Баулыған бар ұрпақты зейінімен

Жасай берсін ұстазым,жасай берсін

Даласындай қазақтың пейілі кең!

Н: Құрметті ұстаздар ! Мерекелеріңіз құтты болсын!

З: Отбастарыңызға бақыт,шаттық тілейміз!

О: Еңбектеріңіз табысты болсын!

Хор : Ұстазым жеке дауыста Тегісбек Маржан

Қ: «Ұстаз –ұлағатты есім» атты кешіміз осымен аяқталды.

Мерекелеріңіз тағыда құтты болсын,ұстаздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
335
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12