Материалдар / Ұстаз-ұлағатты есім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз-ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатына арналған .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
1058
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты есім»

Қарлыға: Аса қадірлі ұстаздар, «Ұстаз –ұлағатты есім» тақырыбындағы концертімізге қош келдіңіздер! Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Ұстаз болу – ең ұлы бақыт. Осы бақыттың тізгінін ұстаған баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ұстаз бақытының бір сыры - «Ұстаздан шәкірт озар жарысқанда» деген халық даналығында. Сіздердің білікті, білімді ұстаз екендіктеріңізді дәлелдейтін дарынды да талантты шәкірттеріңіз көп болсын. Білім ғасырына айналған ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға дайындау жолындағы еңбектеріңіз жана беріп, тек қана биіктерден көріне беріңіздер» дей келе , құттықтау кезегін ата-аналарға береміз.

Ажардың анасы:

Ұстаз деген қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр - сырын үйрететін ұстаз. Менің ойымша кез -келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Шын ұстаз – болуды балалық шағынан армандайды. «Ұстаз болу өз уақытынды аямай, өзгенің бақытын аялау» - деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқан. Ұстаз - ұлағатты ұғым. Сондықтан, барлық ұстаздарды мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Аружанның анасы:

Құрметті ұстаздар қауымы! Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің тек қана биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспін. Өмірде «нағыз ұстаз» бақытына бөленіңіздер. Сіздерді шәкірттеріңіз қуанта берсін. Біз үшін сіздер теңіз түбіндегі маржансыздар. Әрқашан шәкірт жүрегіндегі тұлғаларыңыз биіктей берсін.



Аружанның әкесі:

Шоқан мектебінің аса қадірлі ұстаздары!

Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Баршаңызға ұзақ өмір, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Шәкірттеріңіз тек қана биіктерден көрініп, сіздерді қуанта берсін.

Ән : «Ұстазым» орындайтын Бралина Баян Сабыржанқызы

Би: Рыскелді Нұрсаяның орындауында «Ою-өрнек» биі.

Аруза:

Нұр құйған бөбектердің зердесіне,

Білімнің сусындадым теңізінен.

Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,

Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.



Әсел:

Мұғалім ардақты ұмытылмас,

Өзіме бала күннен үні сырлас.

Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,

Арманның асқарына ұмтылған жас.

 

 

Мұғалім берген білім, ой

Бойымдағы күш жалын.

Көңілімнің нұры ғой

Сүйікті менің ұстазым!



Аружан:Ұстаз – ұлы тұлға. Ұлы болатын себебі, ғалым да, ақын да, шахтер да,жалпы адам баласының бәрі ұстаздан тәлім алған. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған әр бүлдіршінді білім нәрімен сусындатып, таудай болып шығуына септігін тигізетін - ұстаз. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Сонымен қатар, жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тірегі болатыны, тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуі – ұстаз берген білімде.Ендеше « Ұстаз-ұлы есім» атты концертімізді аяқтаймыз сау болыңыздар!

























Оқушылардың құттықтауы





Әлжан Нәзік

7 «Б» сынып оқушысы



Құрманов Айдос

6 «А» сынып оқушысы

Аса қадірлі ұстаздар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге тек қана мықты денсаулық, жүздеріңізге шаттық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Шоқан мектебінің барша ұстаздары біз үшін ерекше.



Мырзаханова Гүлдана

6 «А» сынып оқушысы

Біздің сүйікті ұстаздарымыз! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Әрқашан биіктен көріне беріңіздер.





Мағауия Айдана

6 «Б» сынып оқушысы













































Шәкірт үні





Құдайберген Снежана

5 «Б» сынып оқушысы

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Кезінде Мағжан ақын : «Әр елдің келешегі мектебіне байланысты» деген екен. Тәуелсіз еліміздің тарихи, әлеуметтік, мәдени – рухани болмысын дамытуға , қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Ұстаз алдында шахтер да, батыр да, атақты тұлғалар да басын иген.Мұғалім болу екінің бірінің маңдайына бұйырмайтын бақыт. Менің арманым – ұстаз болу. Осы арманыма жетсем екен деймін.





Орекен Дариға

7 «А» сынып оқушысы

Ұстаз – ұлы тұлға.

Расымен де, бұл пікір еш дәлелдеуді қажет етпейді. Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Мұғалім әрқашан оқушыларына бар жақсыны беруге тырысады. Менің ойымша, оқушының мектептегі ең бірінші міндеті – ұстазын сыйлау. Әр ұстаз біздің болашақта жақсы азамат болып қалыптасып шығуымыз үшін аянбай еңбек етеді. Сондықтан, ұстаз әрқашан қадірлі тұлға ретінде ерекшеленеді.

Жер бетіндегі мамандықтың ең қасиеттісі – ұстаздық қызмет. Себебі, ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып, үйрететін абзал жан. Біз осы абзал жандарды әрқашан мақтан тұтамыз.

Нұрланқызы Әйгерім

6«Б» сынып оқушысы

Ұстаз деген қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр - сырын үйрететін ұстаз. Менің ойымша кез -келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Шын ұстаз – болуды балалық шағынан армандайды. «Ұстаз болу өз уақытынды аямай, өзгенің бақытын аялау» - деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқан. Ұстаз - ұлағатты ұғым. Сондықтан, барлық ұстаздарды құрметтеп, айтқаның орындап, ұстаздарды сыйлайық.



Орекен Аруна

5 «В» сынып оқушысы

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұлы болатын себебі, ғалым да, ақын да, шахтер да,жалпы адам баласының бәрі ұстаздан тәлім алған. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған әр бүлдіршінді білім нәрімен сусындатып, таудай болып шығуына септігін тигізетін - ұстаз. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Сонымен қатар, жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тірегі болатыны, тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуі – ұстаз берген білімде.





Тұяқова Жасмин

7 «А» сынып оқушысы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн – шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы

деп жырлағандай, ұстаз болу – ерекше бақыт.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан – жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым- қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне тек білім беріп қана қоймайды, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығаруға, яғни, қатаң бәсеке жағдайда өмір сүруге шығаруы керек. Ол «Нағыз ұстаздың» ғана қолынан келеді.





Әлім Томирис

7 «А» сынып оқушысы

Ұстаз - білім үйретуші. Мұғалімсіз ешқандай бала оқуды және жазуды меңгермейтін еді. Мысалы, маған қазақ тілі пәнінен беретін ұстазым Толғанай апай маған қазақ тілі пәнін терең меңгеруді үйретті. Ол апайдың арқасында мен ережелерді, жазуды, оқуды да үйрендім. Ағылшын тілін өзімнің сынып жетекшім Әсел апай үйретті. Ұстаздық мамандықты ешқандай мамандықпен салыстыруға болмайды. Әрбір мамандық иелерін мұғалімдер оқытқан. Білімнің барлығы - мұғалімде. Егер мұғалім болмаса, біз білімді, оқуды түсінбес едік.





Уахитова Эльвира

7 «А» сынып оқушысы

Ұстаз – ұлы тұлға

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» - деген екен ұлы Абай.

«Ұстаз» - құрметті сөз. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы адам болып қалыптасады. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген сөз де жақсы айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, жақсы қасиеттің бәрі ұстаздан дариды. Алғаш «Әліппенің» бетін ашқызып, қолымызға қалам ұстатып, адамгершілікке баулыған ұстаз бейнесі көңіліміздің төрінен орын алады ғой. Ұрпақтың болашағы біздің ұстаздарымызға байланысты. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай сөзінің өзінде үлкен мән жатыр. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Білім көшін алдыға жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметіміз арта түспек. Дүниедегі мамандық иелерінің төресі – ұстаздық. Ұстаз - барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың иесі» демекші мұғалімнен тәрбие алмаған жан жоқ шығар. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтейтін тәрізді. Әлемдегі барлық адам оған бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Қай заманда болсын ұстаздарға құрмет жоғары болған. Тарихтың ұлы ойшылдары да өз ұстаздарын мақтан тұтады. Айталық, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Сондықтан да ұстазды сыйлау - өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.



Сүлейменова Гүлназ

6 «А» сынып оқушысы

Ұлағатты ұстаз

Мұғалім мамандығы - басқа мамандықтардың ішіндегі жан – жақтылықты, білімділікті, мейірімділікті талап ететін мамандық. Ұстаз - әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Алғаш әліппенің бетін ашқыздыртып, әріп танытқан, өмірдің қыр – сырын білуге үйреткен, адамгершілікке баулыған жан. Ұстазды құрметтеп, сыйлау - әр оқушының парызы. Себебі, ұстаз бізді білім нәрімен сусындатады.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!