Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебі
«Ұстаз ұлағаты»
Сынып: 9 «А»
Сынып жетекшісі: Әбдікерім Ақбаян
Ерназар 2019 ж
«Ұлағатты ұстаз» атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің
бағдарламасы!
1.Жүргізуші
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Манап ағай мен Патима апкей келеді ортамызға,,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! ! -дей отырып, шыбығынан
көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек
тұлғаларды тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты жиынның төріне
шақырамыз.
(Мұғалімдерді алып келіп, сахна төріне отырғызады) 1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Кадирова Патима және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Кадирбеков Абдиманап ұстаздарымызға арналған «Ұлағатты ұстаз!» атты зейнеткерлікке жету салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Еңбегімен ел алдында сыйланған,
Ұстаз десе тартылады сый балдан.
Мерейтоймен құттықтайды
қуана,
Мектебіңіз, мына отырған жиналған.
10-сынып оқушыларының орындауында
Ән: « Ұстаз» трио
1.Жүргізуші
Қазіргі таңға дейін Манап ағай мен Патима әпкейіміз Кейкиев орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен, өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізде сабақ беріп келеді. Осы кезеңнің ішінде қоғамымыздың ілгері дамуына сәйкес, ұстаздарға, жүктелген жауапкершілік жүгі де салмақтай түсті. Мұғалімнің бойындағы тағы бір ерекшелігі – ол өзі үлгі көрсете отырып басқадан талап ете білуі. Осы бағытта өткізген сабақтары, тәрбие сағаттары, ата-аналармен өткізген түрлі шаралары өз әріптестері мен көпшіліктің көңілінен шығатын. Құдай берген қабілетінің арқасында «білікті ұстаз» биігіне көтеріліп, асқарлы асудың ұшар басына алқынбай жеткен Манап ағаймыздың өткен өмір жолына, маңдай тері төгілген еңбек соқпағына іштей разы болмайтын шәкірті жоқ шығар, сірә. Ал, екі қыз екі ұл тәрбиелеп төрт құбыласы тең болып отырған Патима апкейіміздің ұлағатты ұстаздығы – адамгершілік жырына тұнып тұрған ғажайып бір әлем. Бізде, жасы кіші әріптестері сол бір ғажайып сырлы әлем тұнығынан барымызша еркін, мейіріміз қана сусындап, мол рухани азық алғанымызды мақтаныш етеміз.
Күн нұрындай шашылған
Кеудесінен ерек нұр,
Жарқыраған аспанда,
Дәл өзіндей жұлдызға,
Жол сілтеген асқарға
Ұстазымыз бұл біздің, - деп алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Тулегенова Сағира әпкейімізгебереміз.
1.жүргізуші.
Көңілдірге дем беріп сыйымыз бен,
Жарасамыз әсем ән биіміз бен,
8 ші сынып қыздары өнерлерін,
Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.
БИ. 8 сынып қыздары Дамира мен Ботаның өзіңізге арнаған қазақша биін қабыл алыңыздар.
1.Жүргізуші
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады
Поэзия
Ұстаздарымызды құттықтап арнайы келіп отырған Республикамызға танымал ақын сазгер осы Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы Пионер ауылының азаматы жерлесіміз Исақов Айтмұхамбет ағамызды Патима апкейге арналған өлен шумақтарымен сахына төріне шақырамыз.(Қазақша киіммен қыз Патима апкейге Грамота сыйлайды.)
1. Жүргізуші «Өлен-шумақтар»
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ
Еңбегіңіз зейнет болып ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап-дей келе ендігі кезекті 6- сынып оқушыларының құттықтауларына береміз.(4 оқушы) 1.Құралай
2.Аружан
3.Айғаным
4.Рахат
(Қазақша киімдегі қыз Манап ағайға Громота сыйлайды.)
БИ. 8 сынып оқушылырының орындауында «Ырғақты би»
1.Жүргізуші Осы жасқа жеткенде бар жетпеген
Жаратқанның нұры сізге көктеген
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін
Көңілдеген көркем кейіп көктеген – дей келе ортамызға 11-сынып оқушысы Мәдібек Марғұланды «АНА» монологымен сахнаға шақырамыз.
1.Жүргізуші. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік бағытта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Ұстаздарымызға қандай құрмет көрсетсекте артық етпейді.Сахна төріне арнау өлеңімен Айтмұханбет Исақов ағамызды шақырамыз.«АРНАУ»
Келесі кезекте сөз кезегі кәсіп одақ ұйымының төрайымы: Амирсеитова Динара Манасовнаға беріледі.(Сыйлықтар сыйланады.)
1.Жүргізуші Қайырылып ұзақ қарап өткеніме
Арнадым еңбегімді мектебіме
Талай жыл өтіпті ғой ұжымдастар
Осы мектепте қызымет еткеніме - деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Манап ағай мен Патима апкейге сөз кезегін береміз.
1. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,
Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.
Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,
Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.
Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,
Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,
Шаттық күнде көңіліміз марқайып,
Деп тілейік болсын ылғи амандық.
Құрметті ақылы дария, шежірелі қария –Манап ағай және Патима апкей тағы да мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!
Отбастарыңызға береке – бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіздер дей келе, құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып «Ұлағатты ұстаз» атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Барлығымыз тұрып,шапалақты ұрып «Көк тудың желбірегені» әнін бірге шырқайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұстаз ұлағаты"

шағым қалдыра аласыз