Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз-үлгі, өнеге, ұлағатым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге, тəлімгерлерге, тəрбие ісі меңгерушілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаз-үлгі өнеге, ұлғатым» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерттің сценариі


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Баршаңызды күз мезгілінің алтын шуағымен қатар келетін ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Ұстаз! Осы біз сөзде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы ұстаз мектептің жүрегі»,-дейді Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз білім болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер бәрі бір адамға қарыздар. Әрине ол-ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нағыз тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп, оны азамат етіп аттандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да «Ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек»,-дей келе алғашқы сөзді мектеп директорына береміз.

1-жүргізуші: Ұстаздықты сүйіп, қалап таңдаса,

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса.

Нағыз ұстаз, міне, осы дер едім,

Қиынымен қызығына қанбаса.

2-жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі мерекелік кештің баяндамасын оқу үшін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісіне береміз.

1-жүргізуші: Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысында, данасында, ғалымында, еңбекқор егіншісінде ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз.

Ұстаз әрі әртіс, әрі философ, әрі әнші, әрі күйші, әрі шәкірттің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны. Қысқасы сегіз қырлы, бір сырлы жандар.


2-жүргізуші: Шәкіртіне өмір сырын ұға біл,

Деген ұстаз ұстасы ғой мұраның.

Құрметтеген бар адамзат баласы,

Қастерлі есім, екінші ана мұғалім.


ӘDrawObject1 н: «Ұстазым» Әні: М.Әлімқұлов сөзі: Т.Молдағалиев


1-жүргізуші: Жан шуағы, күн шуағы арай ма?

Ұстаз деген әулиедей талайға,

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл.

Әл-Фараби, Оиар-Хаям, Абайда.


DrawObject2 Ән: «Ұстазым» Әні: А.Дүйсенов сөзі: Б.Шойбеков


2-жүргізуші: Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялдың қалың күйін.

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға,

Тербеліп ырғағына тамылжиық.


DrawObject3 Өлең оқу: Ұстаздарға арнау


1-жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық-ұлы ұғым. Ұстаздық ету өзінің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас.


2-жүргізуші: Желпіндіріп желіктірген күш қандай,

Балғында шат, шаттық нұрын ұшқандай.

Бүгінгі күн ұстаз күні содан ба?

Алтын күнде күлімдейді ұстаздай.


Би: «Шашу»

DrawObject4

1-жүргізуші: Нұрын құйып санасына зейіндінің,

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе.

Нұр шашып жүректерге мейірімің,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.


ӘDrawObject5 н: «Ана туралы жыр» Әні: Ш.Қалдаяқов Сөзі: Ғ.Қайырбеков


2-жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан саналы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Ұстаздардың мерекесі құрметіне,

Әуелеген әсем әнде жолданады.


Ән: «Асыл ана» Әні мен сөзі: А.Бажанова

DrawObject6

1-жүргізуші: Ұстаздық-от, күн бар да ол сөнбейді,

Шәкіртіне жаңбыр боп та селдейді.

Шәкіртінің шәкіртімен жағаласып,

Ұстаз мәңгі өмір сүрер өлмейді.


БDrawObject7 и: «Мектеп вальсі»


2-жүргізуші: Күмбірлейді туған жердің бел өрі,

Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.

Бал бұлақта қоңырау болып кеткендей,

Бүгінгі күн ұстаз күні себебі.


Ән: «Ана Әке» Әні: Р.Әлқожа Сөзі: Б.Әлқожа

DrawObject8

1-жүргізуші: Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз болу сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу жүректің күн шуағы,

Азбай тұғын адамның ақылдығы.


ӘDrawObject9 н: «Ұстазым» Әні Ә.Еспаев Сөзі: А.Шамкенов


2-жүргізуші: Ұстаз деген ардақты сөз, ұлы есім. Ұлы есімнің қасиетін есіңе алып жүресің, сол ұстаздың көмегімен ойды-қырды щапқылап, білім деген тұлпарға да сол арқылы мінерсің.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, зор байлық, қажымас қайрат, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, отбасыларыңызға ынтымақ пен береке тілейміз. Әрқашан да жарқын жүздеріңізбен шәкірт жүрегіне жылулық сыйлап, білімге, өнерге, салауатты өмір салтына тәрбиелей беріңіздер.

1-жүргізуші: Осымен, «Ұстаз-үлгі өнеге, ұлағатым» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.




Жаңақорған ауданының білім бөлімінің

балалар өнер мектебінің мұғалімі

Бимурзаева Патима

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.00.2018
640
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі