Материалдар / "Ұстаз-ұлы тұлға"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұстаз-ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе - өз шығармашылығымның жемісі. Көп жыл бойы ұстаздық еңбек етіп,өмірден түйген ойым. Сондықтан бұл эссемді байқауларға, сайыстарға қатысу үшін мұғалімдерге, тіпті мектеп оқушыларына көмек болады деп салып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
492
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Ұстаз-ұлы тұлға»

«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.» Абай

«Адам! Не деген қасиетті,не деген ұлы есім! Жан біткен жер үстінде жалғыз дүркін тіршілік етпек, ғұмыр кешпек: ал осынау бір-ақ берілер өмірде адам болудан асқан бақыт бар ма? Дүниеде адам аяғы баспаған атырап, адам ойы шарламаған шартарап қалған ба? Кәрі тарих куә: жер бетінің айғыз-айғыз әжімі ардан туған, арман қуған адамның ізі емес пе?!» Ия,зергердің зеріндей,әуезділіктен тұратын ғалым-ұстаз Зейнолла Қабдоловтың осы пікіріне қалай сүйсінбессің?! Жазушы адам табиғатын ақыл-ой елегінен бір өткізіп саралайды... осылай суреттеп қана қоймайды, арман-қиялыңа қанат бітіреді.Түйсігіңді оятып, шабыттандырады. Бұл-тек сөздің көркемдік әлемі ғана ма? Жоқ... шын мәнінде ,бұл сөздер –менің көкірегіме қаншама тұңғиық сырларды тоқып, болашағыма, мақсатыма тіке қарауға жол көрсететін ғибрат әлеміндей... Адам ұлын құрмет қыл , Жұртыңа түзу қызмет қыл. -деп ұлы Нарманбет ақын жырлаған. Ата-бабаларымыз адал кәсіпті ту етіп, адам атына түсірмеуді өмірлік парыз деп ұғынған. Ия, бүкіл адами қасиеттердің тоғысқан орны –Ұстаздық әлем. Шәкірттердің жүрегіне жол тауып, жасыл құрақтай жайқалған жас балғындарға өзіңнің ұстаздық мейіріміңді көрсету, білім жолында бағдар беру жаныңа жайлылық сыйлап, өмір мәнін аша түседі. Балаға сабақ беру бір бөлек, ал оны тәрбиелеп, мына әлемнің аспанында түзу, еркін ұшу үшін қанатын қатайту ұлы іс деп есептеймін. Осылайша ойлап қана Ұстаз атына лайық боласың. Ұстаздық –Адамдық бастауы. Ия, жүрек түкпірінде жатқан құнды ойлар мен асыл сезімдердің біріккендегі түпкі мақсаты-Адам болу. Қайбір ұлы атақ иелерін алсақ та бәрі ұстаздың алдынан шыққан. Міне, осыған қарап-ақ, бұл қызметтің құдіретін ұғына аласың. Көңілдің кеңдігін , ойдың асқақтығын, көздің қыралығын, мінездің тектілігін қажет ететін Ұстаздық- менің өмірлік таңдауым һәм Адам атына дақ түсірмес өміршең кәсібім. Қасиетті қызметтің мәні –Адам тәрбиелеу болса, бақыты-Адам болу. Мен өз мамандығыммен мақтанамын. Өйткені, өмір жолында адам тәрбиелеп артыма мәңгі өшпес із қалдырып келемін. Өзім тәрбиелеп шығарған шәкірттерімнің білімді , білікті маман иесі болып, ел-жұртына қызмет жасап, адал жолмен өз кәсіптерін жасап жүргенін көріп сүйсінемін.Бұл мен үшін ұстаздық еңбек еткен жылдарымның жемісі.



№ 47 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кадралина Ляззат Каиреденовна
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!