400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар барша адамзатты тәрбиелейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзаттық өркениет жолының ең алғашқы қайнар бұлағынан бастап, бүгінгі ақпараттық-технологиялы қоғамға дейінгі аралыққа ой көзімен шолу жасасақ мемлекеттерді, адамдарды, ұйымдар мен топтарды бір-бірінен ажыратып тұрататын басты құндылық –білім мен мәдениет деңгейі екенін байқау қиын емес. Содан болса керек айбарынан адам түгіл ат үріккен Абылай хан «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп халықына үн қатыпты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Іле ауданы №46 орта мектептің

биология пәні мұғалімі Найзабекова Дамира Амиркуловна

Ұстаздар барша адамзатты тәрбиелейді


Адамзаттық өркениет жолының ең алғашқы қайнар бұлағынан бастап, бүгінгі ақпараттық-технологиялы қоғамға дейінгі аралыққа ой көзімен шолу жасасақ мемлекеттерді, адамдарды, ұйымдар мен топтарды бір-бірінен ажыратып тұрататын басты құндылық –білім мен мәдениет деңгейі екенін байқау қиын емес. Содан болса керек айбарынан адам түгіл ат үріккен Абылай хан «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп халықына үн қатыпты. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғысы келген кешегі алаш арыстарының да ел-жұртты оқуға, білімге шақырып «Оян, қазақ!» деп ұрандатуы бекер емес-ті. Иә, қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын кезең. Адам өмірі басты капитал болғанда, сол өмірден адаспай өз жалыңды табуда білімнің берері ұшан теңіз. Құдықтағы бақаға аспан теңгедей көрінеді, адамды сол құдықтағы бақа деп қарасақ, өнер-білім, ілім мен ғылымды үйренген сайын таным көкжиегі мен тынысы кеңейе түседі. Ал осы білімді үйретуші-мұғалім. Ол алдына келген шәкіртін ғылым-білімнің шексіз тұңғиығына бойлатып, адасқан сәттерінде темірқазықша жол көрсететін жарық жұлдыз, дұрыс бағытқа қарай нұсқайтын тұсбағдар тәрізді.

Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби «Ұстаз-бала жанының тамыршысы» дегендей әр баланың жүрегіне барар жолды тамыршыдай тап басып, жан дүниесіне ізгілік нұрын шашатын, кеудесіне білім шырағын жағатын ұстаз ұлағатты болмай кім ұлағатты болмақ. Өмірдің өзі ұлы ұстаз болғанда сол үлкен өмірдің сан түрлі сүрлеу-соқпақтарына қанат қаққалы отырған шәкіртті түрлі аламанға даярлайтын орда мұғалімнің алды тәрізді. Сондықтан бұл мамандықтың атан түйе қайысардай ауырлығы да жоқ емес. Жалпы мамандық сөзі латын тілінен аударғанда «өз ісім деп жариялаймын» деген мағынаны береді екен. Ал мұғалімдікті жүрегінің түгі, табанының бүрі барлар ғана өз ісі деп жариялар. Ұстаз болу - жүректің батырлығы. Күллі әлемді дүрілдеткен Александр Македонскийдің өзі адамзаттың әрі өзінің алғашқы ұстазы Аристотельдің алдында бас иген ғой. Қарсы келген қай дұшпаны болмасын селк еткізуге шамасы жетпеген Ескендір Зұлқарнайынның үлкен басын кішірейткен ұстаздың ұлағаты. Әлемге алғашқы ұстаз атанған Аристотельдің шәкірті ұстаздан ұлы емес екенін мойындауы да заңды.


Бүгінгі таңның ұстазы жаңашыл тұлға. Ол санқырлы, өзгені ғана емес үнемі өзін де дамытып отырады. Заманы қалай өзгерсе бөркін солай бұра сала түлкі заманды тазыша шалып, жаңа коғамға сай бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың басты міндеті. Өткеннен өнеге ала отырып, ақпараттың аламанына ат қосарда бүгінгі күннің талабына сай, келешегі жарқын, толыққанды тұлғаны қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ерен.


Әдетте қазақ қыз ұлтты тәрбиелейді деп жатады, ал мен өнер-білімнің ұлтқа бөлінбейтінін ескере отырып, білім үйретуші ұстаздар барша адамзатты тәрбиелейді дер едім. Хакім Абай «адамға мінез үш алуан ортадан жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, жолдас-жорадан, әсіресе солардың қайсысын жақын тарта, содан көбірек жұғады» деп ұстаздың адам өміріндегі маңызын көрсете түскендей. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы деген осындай ойлардан туса керек.


Ардақты ақынымыз М.Шахановтың «Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болса өз көгін, Өз-өзіңді ұмыта біл бақыты үшін өзгенің» деген өлең тармақтарын әр ұстаз кеудесіне тұмар етіп таққандай. Білім беру жолында ақырын жүріп анық басатын барша ұстаздар мәртебеге лайық! Ұстаздан ұлағат-ұрпаққа аманат!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі