Ұстаздар есірткіге қарсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар есірткіге қарсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Есірткі жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаздар есірткіге қарсы!»

Қоғам байлығы - адам, адам байлығы – денсаулық дейміз. Сол үшін де өмірді даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз «ақ жаулық» пен «он саулықтан» бұрын денсаулықты дәріптеген. Олардың мұраты – тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағына негізделген қоғамда өмір сүру еді. Алайда ата-бабаның мұратын жүзеге асыратын кейбір жастар нашақордың соңынан еріп барады. Қоғамда орын алып жатқан бұндай келеңсіз оқиғаларға қарап ішің ашиды, әрине.

Басқа мемлекеттермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек, жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып ержетуге үгіттеуіміз қажет. Баланы адал жолға түсіріп, дұрыс тәлім-тәрбие беру алдымен үйдегі ата-ананың міндеті болса, келесі бала жанының бағбаны, екінші анасына айналған ұстаздар қауымына да тікелей байланысты. Біз, ұлылар жолын жалғаған ұлағатты ұстаздар, шәкірттеріміздің салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әрекеттерге жоламай, әр басқан қадамын қадағалап, келер ұрпақтың жарқын болашаққа аяқ басуына өз септігімізді тигізіп, дұрыс жол нұсқап отыруымыз қажет!

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің бір сөзінде, “Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық", - деп баса айтып өткен болатын. Ғасыр ажалына айналған «есірткімен» бүгінде бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді.

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» — деп тегін айтпаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық кең етек алуда.

«Өзін-өзі шексіз жақсы көру – ессіздік, өзін сыйламау - ақымақтық» деген қанатты сөз бар емес?!

Құрметті, жас ұрпақ! Өздеріңді, адамгершілік қасиеттеріңді сыйлап, ар-намыстарыңа кір келтірмеу керексіңдер. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі айқын болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттауымыз керек. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды Күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамдағы зиянды дағдыларды тиюға күш бағыттауымыз керек. Болашақ – жастардың қолында! Ұстаздар қауымы есірткіге қарсы!

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына



Исабекова Салтанат Серікханқызы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы

С.Сейфуллин ауылы

137 орта мектеп

Физика пәні мұғалімі





.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2020
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі