Ұстаздар күні "Жарқыра жас маман" концерт сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар күні "Жарқыра жас маман" концерт сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар күніне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші:

Қайырлы күн ұстаздар!Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер көп.

2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді бүгінгі 5қазан- мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Жарқыра жас маман» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

2-жүргізуші:

Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.

1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Декеева Лиза апайға және мектеп әдіскері Мүрсәлім Гүлім апайға беріледі.

2-жүргізуші:

Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Алғашқы ән шашуымыз өздеріңізге арналады асыл ұстаздар. Ортада «Ұстаз» әнімен Жарас Айгерім.

2-жүргізуші:

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Біздің мектептен түлеп ұшқан әр шәкірт сіздердің есімдеріңізді ұлықтап, үнемі сіздермен мақтанады. Келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің бетке ұстар үлкен буыны, ұлағатты ұстаздарға береміз.



1-жүргізуші:

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған.

 Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                   

 Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.

Пародия. «Лейли» каспий тобы

2-жүргізуші:

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Жас мамандар дайындаған «Жас маман мектепте» атты сахналық қойылымын қабыл алыңыздар

2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, деп сахнаға «Ұстазым» әнімен Бақтыбаева Айнұрды шақырамыз.

1-жүргізуші:

Күлкіменен ұзартар бар ғұмырын,

Қабыл алың әзілдерін кіші Айнұрдың.

Мектептің апайлары тиктокта жүр,

Пародияда жасайтын апай Айнұр.

Айнұрдың дайындаған әзіл бейнеролигын қабыл алыңыздар. «Тиктоктағы мұғалім»

2-жүргізуші: Мектебімізден су жаңа клип шықты. Ютюб арнасынан бірге тамашалайық.

1-жүргізуші:

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

Ортаға өзін жасырып келіп тұрған жас мамандарды шақырамыз.

«Маска» шоу.

Хор. «Мұғалімім»

1- жүргізуші: Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2024
201
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі