«Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» атты мерекелік
шара
Фанфар ( Ортаға 7 оқушы шығады қолдарында әріптері
бар)
М —
мейірімді
Ұ —
ұлағатты
Ғ —
ғазиз
А —
ақылшы
Л —
лайықты
І —
іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты
болсын! (бәрі бірге)
1
-жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған
оқушылар!
2 -жүргізуші:
Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар.Бүгін
бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай
болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай
жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
1 -жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып,
жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге
саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік
тілейміз.
2-жүргізуші:
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп
басшысы Анесов
Ескендір мырзаны шақырамыз!
1
-жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль-Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы қып.
2-жүргізуші:
Ұстаз
шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса-дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен
дейтін!
Көрініс. «Бақыт»
2-жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алың!
«Шабандоздар» биі 4-сынып жігіттерінің орындауында,
қабыл алыңыздар.
1 –
жүргізуші:
Ұстаз деген жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен де
одан адам болып жаралдың, - дей келе келесі ән сіздердің
құрметтеріңізге арналады. Досанова Сымбаттың орындауында
«Ұстазым» әні
2-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінгін сен
тереңнен.
Бар әлемге еңбегімен
еленген,
Сенің бағың өрге қарай
өрлесе
Ол да бірге қуанышқа
кенелген.
8-сынып қыздарының
орындауында «Шашу» биі
1 –
жүргізуші:
Сол арқылы сен де өмірді
жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін
алғаның,
Мақтау алсаң ұстаздардың
алдында,
Ол өзіңнің орындалған
арманың.
Қара өлең. Оқитын
Мырзағалиева Айнара.
2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән
қылып,
Одан басқа жүрген кім бар
жанды ұғып.
Ұстаз деген ұлылардың
ұлысы,
Қасиетіне бас иелік
мәңгілік!
Ән. 4-сынып оқушысы Өмірзақ
Шарапаттың орындауында «Оқып біліп
үйренеміз»
1-жүргізуші:
Айнара, мектептегі
ұстаздарымыз бос уақытында қандай ән тыңдайтынын білесің
бе?
2-жүргізуші: жоқ,
Орынжан.Бірақ оны 11-сынып зерттепті, бірге
тамашалайық.(көрініс апайлардың
фотолары)
1 –
жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке.
Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн
ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге
қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Ән. «Ұстазға құрмет» Қаржау
Жанеркенің орындауында.
Ақырын жүріп анық
бас,
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас,Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай,
шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз
құтты болсын!
7-сынып қыздарынан «90
Х» биін қабыл алыңыздар.
1-
жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай. Адамның жан дүниесін
түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік
емес пе?
2–
жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі,
Ән – шашу әсем әуен, түрлі
өнер.
Бүгінгі күн сіздерге
арналады.
Көрініс.
10-сынып
2 –
жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке
арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша
жан.
Ол мектептен шықпаса да
қыс-жазы
Жемісі оның жердің жүзін
шарлаған.
Бала десе ойламайды өз
қамын,
Көрсем дейді күнге де қол
созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
2
–
жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап
халықсыңдар!
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар
Жан біткен жанарыма нұр
сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар.
11-сыныптың ұлдарының
орындауында «Армандастар»
әні.
1-жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет.
Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз
өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты
тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген
Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік
достар!
2 —
жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Хор.
«Мұғалімім»
1 —
жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы,
сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді
егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде
қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды
айтамыз.
2-жүргізуші:
Білім шаңырағы — алтын ұя
мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі
үшін жемісті еңбек етсін!
Көңілдің ақ тілегін көл
етеміз,
Тілектермен нығайсын
мерекеңіз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ
алғыс,
Осымен аяқталды
мерекеміз!
Келесі кездескенше сау —
саламатта болайық.