«Ұстаз – ұлы тұлға»
мерекелік концерттің сценарийі

2022-2023 оқу жылы
«Ұстаз – ұлы тұлға»
Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш сценарийі
Жүргізушілер: Ержан, Жангүл, Таһир, Айзере.
Фанфар (ойналады, ортаға жүргізушілер шығады)
Айзере: Мұнда келген қонақтарымыз тойға жиналған ба, мерейтой ма әлде, ана ағай ма, әлде мына апайдың мерейтойы ма екен??
Таһир: Жоқ, таппадың.
Айзере: Эврика, эврика бүгін мектептің ашылу тұсаукесері екен ғой! (қуана) Дұрыс па, ендеше кеттік тойды бастайық.
Таһир: Жоқ қайдағы, саған не болған, жалданған асабамысың? ( пауза) Бүгінгі той, бүгінгі мереке - кәсіби мереке ұстаздар күні! (дауысын көтере)
Айзере: Ееееее, ендеше бүгінгі мереке ұлағатты ұстаздар күні екен ғой! (қуана)
Таһир: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
Айзере: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
Таһир: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас - тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
Айзере: Махаббатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз - кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
Жангүл: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар!
Ержан: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Жангүл:Қажымас қайрат,
Ержан:Шығармашылық табыс,
Жангүл:Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!
(Ортаға биші ұлдар Флешмоб шығады)
Ержан: - Шаңырақта биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуаныштан жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.
- дей отыра құттықтау сөз мектебіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Таңжарбай Нұргүл Жолдыбайқызына беріледі!
Жангүл: Осындай керемет құттықтаудан кейін аяулы ұстаздар сіздерге арналған әнімізді қабыл алыңыздар. Алдарыңызда 3 «Ә» сынып оқушылары «Ұстазым» әнімен Ерланқызы Айзере мен Нұрғазыұлы Нұралыны қошеметпен қарсы алыңыздар!
Ержан: Ұстаз - ұлттың тірегі. Ұлттың ұлы ел болып, биікке көтерілуі – ұстаздың ұлағаттылығынан. Ұстазы мықты қашанда алысқа барады.
Жангүл: Әр баланың бала жүрегіне мейірімділік нұрын ұялатып, оның болашаққа деген үлкен сенімі мен үмітін үкілеп беретін мектебіміздің ардагер ұстаздарын мақтанышпен атап өтеміз:
-
Балмағамбетова Айша Балмағамбетқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
-
Ермуханова Ғайный Ермуханқызы – биология және химия пәні мұғалімі
-
Нетуллин Жұмамұрат Шайдоллаұлы – бастауыш сынып мұғалімі
-
Тукешова Бибізада Мейірханқызы – математика пәні мұғалімі
-
Бақова Венера Оспанқызы – математика пәні мұғалімі
Ардақты ардегер ұстаздарымызды қошеметтеп отырайық.
(аталған ардагер ұстаздарды орындарынан тұрғызылып сыйлықтар ұсынылады)
Ортаға мектебіміздің «Жас қыран» оқушыларын өлең жолдарымен шақырамыз. Қошеметтеп отырайық!
Таһир: Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда 9
сынып қыздарының биін тамашалаңыздар!
Би
(9кл)
Айзере: Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы дегендей, алдарыңызда 4 «А» сынып оқушылары Қанат Ғазиз бен Алдаберді Жанботаны «Ұстазым» әнімен қарсы алыңыздар!
Ержан: Орындалып көздеген ой, арманың
Жақсылыққа толы болсын жан - жағың.
Тілейміз біз отбасының шаттығын
Бәріңізге нұры жаусын Алланың.
(Осы жерде Гүлназия шығады әнімен. Хабарланбайды.)
Таһир: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның
жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін
аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі
қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі –
Ұстаз.
Айзере: Дұрыс айтасың
Нұртілеу.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда
қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз
алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен
ұштасып жатады.
Ержан: Нұртілеу, Айзере сендер менің қасымдағы Жангүлді көрмедіңдер ме?
Айзере: Жоооқ, көрмедік.
Таһир: Айтпақшы мен Жангүлдің қайда екенін білетін сияқтымын. Мана бір елші келіп Жангүлді алып кетті.
Жангүл: (жүгіріп келіп
Үнді тілінде ұстаздар мерекесімен құттықтайды да музыка қосылып
кетеді) (Үнді
би)
Таһир: Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы
шәкірт шығатыны сөзсіз.
Айзере:Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі
ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді.
Таһир: Олай болса, қадірлі
ұстаздар!
Таһир,
Айзере: Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз.
Ержан: Келесі тыңдайтын әндеріңіз « » орындайтын
музыка пәнінің мұғалімі Майшабай Әлжан ағайымызды қошеметтеп
шақырайық!
(Осы жерде Айдос пен Шамшат шығады әнімен. Хабарланбайды.)
Жангүл: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән –
мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер,
тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Алдарыңызда мектебіміздің президенті, 11 сынып
оқушысы Муканов Тілегенді тамаша әнімен шақырамыз. Ду
қол шапалақ!
Таһир: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,
егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі
ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға
арналады.
Айзере: Олай болса ұстаздарымыздың
құрметіне 8
«Ә» сынып оқушыларының дайындаған биін
тамашалаңыздар!
Ержан: Мұғалім, ғазиз
мұғалім,
Төгілген арай,
шуағым
Арманым қонса,
қолыма,
Арқаң деп сенің
ұғамын.
Жангүл: Мұғалім, ғазиз
мұғалім,
Сарқылмас мәңгі
бұлағым.
Ұланың бүгі
тойыңда,
Арнайды саған бұл
әнін.
Қошеметпен ортаға 9 «Ә» сынып оқушысы Жарқынайды әсем әнімен
шақырамыз!
Таһир: Мектеп үйім, ұстаздарым ата –
анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр
алам.
Айзере: Саяң ыстық, сен мәуелі
бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа
тараған.
Ержан: Бүгінгі күн құшақтары гүлге
толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты
болсын.
Жангүл: Білімімен суарған
шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын
!

Ержан: Құрметті ұстаздар, қонақтар
!
Жангүл: Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне
арналған «Ұстаз
– ұлы тұлға» атты мерекелік кешімізді
жабық деп
жариялаймыз.
Таһир, Айзере: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстаздар күніне концертке қызықты сценарий

шағым қалдыра аласыз