400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздар күніне сценрий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Shape2


Бекітемін.

Мектеп директоры: Айтназаров М.







Тақырыбы:


«Ұстаз ұлы есім»

(мерекелік шараның сценарийі)










Өткізген: Арыкова А.

Гайпова Ж.


Ұстаздар мерекесіне арналған сценарий

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Мерекенің ашылуы: Мектеп туралы видео көрсетіледі.

(Фанфар. Жүргізушілер ортадаға шығады)

Нұрай: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Жанболат: «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Нұрай: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Жанболат: Олай болса, қадірлі ұстаздар!Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. 

Нұрай: Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз - ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да танылынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған.


Жанболат: Бүгінгі салтанатты мерекелік кешімізді ашу үшін құттықтау сөз мектеп директоры – Айтназаров Мұрат Шикалұлына беріледі.

МАРАПАТТАУ РӘСІМІ


Нұрай:

Исакулов Нұржанның орындауында « Ұстазым менің » әнін қабыл алыңыздар.


Жанболат: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!


Нұрай: Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. Алдарыңызда «Ұлт ұстазы» қойылымы


Жанболат: Мереке қарсаңында ұстаздардан шағын сұрақ-жауап алған едік, соны тамашалаңыздар.


Жанболат: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда «Үнді»биі


Нұрай: Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.


Жанболат:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Бекбосын Әбілмансұр мен Бекбауов Сәндібектің орындауында «Адай күйі» күйі қабыл алыңыздар!


Нұрай:

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.


Жанболат: Дұрыс айтасың, … .
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.


Нұрай: Алдарыңызға Аружан мен Жарқынайды шақырамыз

Ойын (Жарқынай, Аружан)

 

Жанболат:

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Мың бұралған бишілердің өнері дей отыра ортамызға бишілерімізді шақырамыз.


Нұрай:Құрметті ұстаздар қарсы алыңыздар, жас мамандарының орындауында «Ұстазға тілек» әні.


Жанболат:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігі мерекелік кешіміздің сахнасында Аяна мен Марсты лоторея ойынымен шақырамыз.







Нұрай: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры – дей келе,

биылғы мектеп бітіруші түлектерді «Ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.


Нұрай: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Жанболат: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.


Нұрай:  Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рақмет! Сау болыңыздар!

























https://www.instagram.com/reel/DAwNvXJoEFL/?igsh=amliY2VncGs1MnM5

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
124
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі