Материалдар / Ұстаздар күнінің сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздар күнінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күні. Барлық сыныптар қамтылған ұстаздар күнінің бағдарламасы, сценарийі. Фанфар, амандасу, құттықтау сөз, Шағын орталық тәрбиеленушілері мен МАД тобының бүлдіршіндерінен бастап, сынып оқушыларының өнерлері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2022
326
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаздар күнінің сценарийі

Фанфар

1.жүр: Армысыздарардақты да аяулы ұстаздар!

2.жүр. Бүгінгі «Ұстаз- ұлы тұлға» атты концертімізге қош келдіңіздер!

1.жүр.Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Деп құттықтау сөзді мектеп директоры Баян Төлеуханқызына береміз

2.жүр.Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы.

Деп ортаға Шағын орталық тәрбиеленушілері мен МАД тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

1.жүр.Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз.


2.жүр. Дұрыс айтасын , Аянат.

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Ұстаздан тәрбие болған немесе ұстаз алдын көрген деген сөздер ана тәрбиесін алған деген сөздерінен ұштасып жатады

Ендігі кезекті Балташ Мерейлімнің тамаша әніне берейік

1.жүр.Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан өнегелі шәкірт шыгатыны сөзсіз.

2.жүр.Ұстаз - ұлағатты есім.шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім- тәрбие беру, жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

Алдарыңызда 1 сынып билім алушылары


1.жүр.шәкірттерге білімберуде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиеттті тұлға ретінде ерекшеленді.

2.жүр.Олай болса, қадірлі ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Деп 4 сынып білім алушыларын ортаға шақырамыз

1.жүр.Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

2.жүр.Еңбектеріңізге табыс,отбасыларынызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Би:3сынып білім алушыларының биін тамашалайық


1.жүр. Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қанша мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

2,жүр.Иә, ол ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстасу мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп , оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі- ұлы еңбек.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Ортаға 5сынып білім алушыларын шақырайық

1.жүр.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік.

2.жүр «Мектеп- білім тірегі, ұстаз оның жүрегі»- деп ғұлама ағаларымыз айтқандай,Меңболат менің ойымша, кез келген адам ұстаз бола алмайды.

Орақбай Мәдидің орындауында «Ұстазым»әні қарсы алыңыздар


-3-

1.жүр.Олай ойлауыңның себебі неде?

2.жүр.Себебі ұстаздық - өнер,тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамның қолынанкеле бермейді.

1.жүр.Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Гүлзрдр апай «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

БИ: 7 сынып білім алушыларының заманауи биін тамашалайық

2.жүр Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген - анасы ол адамның .

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың - деген өте дурыс айтылған

Ұстаз ол екінші анамыз ал мектеп екінші үйіміз .

Ән:8 сынып білім алушыларын қарсы алыңыздар


1.жүр.Мұғалім,ғазиз мұғалім,

Төгілген арай , шуағым.

Арманым қонса,қолыма,

Арқаң деп сенің ұғымын

2.жүр. Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.

Ән:11 сынып білім алушыларын сіздерге арналған әніне кезек берейік

2.жүр.Аянат, ұстаздық ету - уақыт ұту емес,өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.


1.жүр.Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімімен суарған шәкірттерің,

Төл мерекең , ұстаздар құтты болсын!

2.жүр.Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы

(екеуі хормен)

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

Ән: Деп 10 сынып білім алушыларын шақырамыз

1.жүр Құрметті ұстаздар,кештің қонақтарыбүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік концертіміз аяқталды.

Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!