«Ұстаз – мектептің жүрегі» мерекелік концерт
(сценарий)
(Фанфар ойналады)
(Би-бастауыш кыздар)
Нұрболат:Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
Айбике: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Мейірім:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болсадағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Нұрболат: Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
Мейірім: Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысы-Тасбауова Сандуғаш Койшыбайовнаны шақырамыз!
Айбике:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
(Тақпақтар)
Нұрболат: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Сіздерді көрудің өзі біз үшін үлкен қуаныш!
Алдарыңызда, 10 сынып қыздарының орындауында би. Қарсы алыңыздар!
Нұрболат: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
Мейірім: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болдыма?
Айбике: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлық пен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
Мейірім: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Айбике: Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар!
Мейірім:
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені-деп мектебіміздің әнші қыздарын «Мектеп» әнімен қарсы алыңыздар!
Нұрболат: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Біз осы кейде, асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады.
Мейірім: “Ұстаздық — ұлықұрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Нұрболат: Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік!
Айбике: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Нұрболат: Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен. Ендеше алдарыңызда, 9-ә сынып қыздары
Айбике: Мейірім, ұстаздарымыздың көңіл күйлерін одан сайын көтеру үшін, ойын ойнатсақ қалай қарайсың?
(Сұрақ-жауап)
Мейірім:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәттікүй, асқақән мен әсембиді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
(10-11кл ұлдарбиі)
Қошеметтеп қолдап отырайық!
Айбике: Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ортада хор-9 а сынып оқушыларының орындауында!
Нұрболат:
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын, -дей келе 8 сынып қыздарының биін қарсы алыңыздар! Қошеметтеп қолдап отырайық!
(Сахнаға 11 сынып оқушылары келеді)
(Жанбота-ән)
Мейірім:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Нұрболат: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын дей отырып бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстаздар мерекесіне керемет сценарий 2024-2025

шағым қалдыра аласыз