Ұстаздар мың алғыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар мың алғыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу қызметі тақырыбы: «Ұстаздарға мың алғыс»
Мақсаты:
1. 1 Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау
1. 2 Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: шарлар, жалаушалар, суреттер.
«Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі»
Алдын ала орындалатын жұмыс: Ашық хаттар дайындау.
Әнұран ойнатылады.
Жылулық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып
Қайырлы таң алтын күн,

Қайырлы таң жер ана
Қайырлы таң достарым,

Сендерді көрсем қуанам!
Қуанамын менде, қуанасың сенде,
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! - деп
жылулық шеңберін жасайды.
Топтан ортаға жарып шығып

Әлимжан: Кел, балалар,
Ән салайық
Ұлағатты Ұстаздар күнін
Қуанышпан қарсы алайық

Раяна: Балалардың бақшасында бүгін той,
Ұстаздардың күні бүгін біліп қой.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, міне бүгін «Жанарыс» жекеменшік балабақшасы «Құлыншақ» тобында Ұстаздар күніне арнаған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздарға төл мерекелеріңіз құтты болсын, көңілдеріңіз ашық аспан сияқты таза болсын, Бүгінгі ел басқарған азаматтар, білім алған сіздердің арқаңызда.

Аліби: Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп
Кел қосылып ән шырқайық би билеп
Хадиша: Қашанда елгезек,
Ұстаздар сияқты.
Өсемін мен де өжет
Бала боп ұятты.
Нұрғали: Болды кезім мақтаған
Болды кезім ұқпаған
Болды кезім ұстаздың
Ойынан дәл шықпаған.
Тәрбиеші: балалар өнерлеріңе тәнтіміз. Осы ұстаз деген - кімдерге сабақ берген. Әншіге де, жыршыға да, жүгізушіге де, президентке де, бишіге де сабақ берген. Әрбір маман иесі осы Ұлы ұстаздың алдынан өткен. Қане тағы қандай өнерлерің бар.
Би Қара жорға

А
лия: Ұстаздардың анасы
Балалардың панасы
Ұстаздарды сүйеміз
Әдеппен бас иеміз.
Дінмұхамбет: балалар апайымыз бізге не үйретті айтып берейік.
Хормен: Бала бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.

Санамақ
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даярлап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші.
Шынашағам балапан,
Бәріне ортақ алақан

Аружан: Халқым жетсін мұратқа,
Ұстаздарды ардақта
Тәрбие жолын бастағын,
Ұстаз деген асқақ ән.
Индира: Адал жақсы ниетпен
Бар ұстазға бақ тілеп
Жарып шыққан жүректі
Сөздің бәрі ақ тілек.
Білімнің бұлағы

Ардақты мұғалім,
Білімнің – бұлағым.
Таусылмас сен жайлы,
Тасқынды жыр әнім.

Қанатым талмайды,
Қиялым самғайды.
Ақын да, ғалым да,
Ұстазсыз болмайды.

Мереке күніңмен,
Құттықтап бүгін мен.
Ойыма ой қосам,
Сен берген біліммен.

Қортынды:
Балалар бүгінгі күн – қандай мереке екен?
Ұстаздар кімге сабақ берген?

Балдырғанның көріп шаттық жүзінен.
Мейіріммен шапағым боп тізілген
Кеше ғана менде шәкірт болып ем,
Келем бүгін ұстаздардың ізімен – дей келе сөз кезегін ұстаздарға берейік.






















































Бекітемін:

«Жанарыс»жекеменшік балабақшасы

әдіскері: Бисенбаева Т.С

«01» қазан 2020 жыл







Ашық оқу қызметі тақырыбы: «Ұстаздарға мың алғыс»

Shape1









Өткізген: Оразова Ф

«Құлыншақ» тобы










Оқу жылы 2020-2021

Shape3 Shape2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2020
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі