Материалдар / Ұстаздардың ұстазы - Сүтемгенов Т.К. еске алу кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздардың ұстазы - Сүтемгенов Т.К. еске алу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
1771
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаздардың ұстазы ...



Қазбек: Армысыздар, ардақты ағайын !

Айкүміс: Қайырлы күн, құрметті қонақтар !

Қазбек: Бүгін мектебіміздің негізін қалап, 30 жыл бойы үздіксіз басқарған ұстаздардың ұстазы - Сүтемгенов Тойкен Көпейшеұлын еске алу кешіне қош келдіңіздер !

Айкүміс: Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,

Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.

Арамызда жұлдызды адам  жоқ бүгін ,

Еске алу тірілерден ізет тек ...

(экранда слайд жүріп отырады)

Айкүміс:   Тойкен Көпейшеұлы 1945 жылдың 7 қарашасында Қостанай облысы Науырзым ауданы, ескі Науырзым ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1962 жылы Мереке орта мектебін аяқтады. Орта мектепті бітірген соң, ауылда екі жыл жұмыс істеп, 1964 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық инсти-тутының физика-математика факультетіне түсіп, оны 1968 жылы бітіріп шықты.

Қазбек: 1968 жылы Науырзым ауданындағы Жамбыл орта мектебіне (аралас) физика пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 1972-1982 жыл аралығында Жамбыл орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Сол жылдары ССРО жоғары советінің депутатына қазақ сыныптарын жеке орта мектеп етіп оқыту туралы өтініш жасап, жаңадан қазақ орта мектебін салынуына көп еңбегін сіңірді. 1982 жылдың 1 сәуірінен бастап аталған мектептің директоры болып сайланып, 2012 жыдың күзіне дейін басқарып, құрметті зейнеткерлік демалысына шықты.

Айкүміс: 1994 жылы 7 науырзынан 2003 жылдың 10 қазан аралығында Науырзым аудандық мәслихатының депутаты және аудандық «Ардагерлер кеңесінің» мүшесі. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

2004 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарамеңді ауылындағы №654 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы міндетін атқарды. Ағайдан үлгі мен өнеге алған балалары мен атасының ісін жалғастыратын немерелері өсіп келеді.

Қазбек: Тойкен Көпейшеұлының келешек ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісінде жасаған еңбектері де еленіп, түрлі дәрежедегі марапаттарды иеленді. Атап айтар болсақ,

  • «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төс белгісі (1974 жыл);

  • Қазақ ССР оқу министірлігінің құрмет грамотасы (1987 жыл);

  • «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі (1990 жыл);

  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты (2001 жыл);

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальі (2011 жыл).


Қазбек: Құрметті қонақтар, еске алу кешін дәл бүгінгі күнде ұйымдастыруымыз жайдан жай емес. Бұған себеп дәл осы күні, яғни, 7 қараша Тойкен ағайымыз дүние есігін ашқан күн. Ағайымыз тірі болғанда 74 жасқа толар еді...


Айкүміс: Ұстаз едің,  жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректерде түлеткен.

Сенің биік рухыңа бас иіп,

Еске аламыз сағынышты жүрекпен !

Қазбек:   Құрметті қонақтар,  ұлы ұстазды еске алып, аруағына тағзым етейік ! бір минут үнсіздік. (сағат тықылы)

Айкүміс: Бүгінгі кешіміздің кіріспе сөзін мектеп директоры Нурбаев Роллан Қанатұлына береміз. /шапан, кубок, құжат беріледі/ (баяу музыка)

Қазбек: Құттықтау сөз кезегі бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Науырзым ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлына беріледі.

Айкүміс: Басқарып алтын ұя ұжымын да,

Еңбектің көріп бақыт қызығын да.

Ұйытқы боп қуаттанып жүре берген

Толмаған ешқашан да жүзі мұңға

 Қазбек: Жан-жағы бау - бақшалы берекелі

Немере, шөбере бар мерекелі.

Қызметінде талапшыл болғанымен,

Отбасында ақыл айтар әке еді ...

Айкүміс: иә, Тойкен Көпейшеұлы мектепте ұлағатты ұстаз, кемеңгер басшы болғанымен, өз отбасында ақыл айтар асқар тау - әке, ағайын туыстарының ортасында бас көтерер азамат болғаны баршаға аян.

Қазбек: Олай болса, Тойкен ағайдың өскен ортасы, балалық шағы туралы ой бөлісіп, еске алу үшін сахна төріне ағайдың өмірі жайлы сыр шертіп, сұхбаттасу үшін Тойкен Көпейшеұлының ағалары Нұр – Сұлтан қаласынан келген Жүсіпбеков Қоқан ағайды, Рудный қаласынан келген Жақаев Карбоз ағайды, Федоров ауданынан келген інісі Жақаев Жабай Сұлтанұлы, Купейшин Елтай Қабікенұлын, қарындасы Купейшина Еркетай Қабыкенқызын және Тойкен ағайдың қызы Сүтемгенова Гүлмайраны қошеметпен шақырамыз.

Қазбек: Ал, ағалар, Тойкен ағайдың балалық шағы туралы айтып өтсеңіздер. Ағайдың оқушы кезі, бозбала, жігіттік шақтардағы есте қалған іс – әрекеті, айтқан сөздерін еске түсірсеңіздер. /2 ағасы сөйлейді/

Ал, Жабай ағай, Елтай ағай, Еркетай апай, сіздер ағаларыңыз жайлы не айтар едіңіздер ? /інілері, қарындасыз\ сөйлейді /

Айкүміс: Ал, Гүлмайра, Тойкен ағай қандай әке еді ? Әкеңіздін айтқан ақылы, есте қалған сөздері жайлы айтып өтсеңіз. /қызы сөйлейді/

Қазбек: Құрметті қонақтар, Тойкен ағай туралы ой бөліскендеріңіз үшін сіздерге көп - көп рахмет! Орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз.

Айкүміс: Қорғаштап өмір дейтін сында бізді,
Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды.
Әкетай, сағынышпен еске аламыз,
Арнаймын сағынышты жыр - әнімді!

Қазбек: Сахна төріне «Менің әкем» әнімен аудандық мәдениет үйінің әншісі Бірмағанбетов Арыстанбекті шақырамыз !

Айкүміс: Айтайыншы қадіріңді жекелеп

Айтпасам да, өмір шіркін өтер-ед.

Шежіре ғой бұл кісінің өмірі,

Ойға оралар, еске алар сәті көп...

Қазбек: Құрметті қонақтар, белгілі бір себептермен бүгінгі кешімізге келе алмаса да видео арқылы өздерінің лебіздерін білдірген кісілер бар. Олай болса, Тойкен Көпейшеұлымен бірге көп жылдар бойы қызметтес болған әріптестері мен ағайдың тәлім, тәрбиесін көрген шәкірттерінің еске алуына кезек берсек. Экранға назар аударсаңыздар ! /видеолар көрсетіледі/

Ұстаз деген ұлағатты ұлы адам,

Бас иеді оған әркез бар ғалам.

Ұлы ұстазға ақындарымыз жалынды

Сырға толы ән, жырларын арнаған ...

Қазбек: Аудандық мәдениет үйінің әншісі Мырзатаев Сәулеттің орындауында «Дариға дәурен» әнін қабыл алыңыздар !

Айкүміс: Баршаның мәңгі жадында,

Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.

Жаралған асыл задында,

Асқардай биік тұлғаңыз

Қазбек: Ортамызда Тойкен ағайдың басшылығымен көптеген жылдар бойы бір ұжымда жұмыс істеп, ұстаздық өмірдің қызығы мен қиындығын бірге бөліскен ұстаздар отыр. Олай болса, Сахна төріне Үмітхан, Тыным, Мағиза Ташетовна, Рымжан, Нұржамал, Күлдір, Айсұлу Бөрібайқызын және Бейсен Кәкімбекұлын шақырамыз.

Айкүміс: Өмір! Өмір, өрекпідік өктем біз,
Кеуде қақтық, бірақ, көппен теп-теңбіз! …
Жазы өтіп, өмірдің күзі жеткенде,

Ағын судай жылжып қана өтерміз !

Қазбек: «Қайран дүние» әні. Орындайтын Сәулет Мырзатаев.

Қазбек: Әріптеске бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Ақыл айтып, ағалық көңіліңмен,

Жақындаттың әріптестер арасын

Айкүміс: Олай болса, ортаға Тойкен Көпейшеұлымын бірге көптеген жылдар бойы басшылық қызметте әріптес болып, етене араласқан мектеп директорлары Қасым Нүрсейітұлы, Бөлтірік Нұрахметұлы, Мұратбек Баяханұлы, Зауреш Сабитовна, Мейрамбек Өмірзақұлы, Мәулен Темірғалиұлы, Жұмабике Жұмабекқызы, Жомарт Амантайұлын және кезінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы болған, бүгінге науырзым аудандық маслихатының хатшысы Әбенова Гүлсім Есенғалиқызын сахна төріне шақырсақ.







Қазбек: Ал, құрметті қонақтар, сіздер Тойкен ағаймен бірге көп жылдар бірге қызмет еттіңіздер. Қызмет барысында Тойкен ағайға қатысты есте қалған сәттерін еске түсірсеңіздер. Тойкен ағай мектеп басшысы ретінде қандай кісі еді ? Ағайдың мінезіне, ұжымды басқарудағы ерекшелігіне тоқталсаңыздар /Кісілер сөйлейді/

Айкүміс: Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сіз бергенсіз алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын !

Қазбек: Мектебіміздің жас әншісі Арыстанбекова Жансаяның орындауында «Ардақты ұстазым» әнін қабыл алыңыздар !

Айкүміс: Тәрбиенің тұнығы ғой көздерің,
Жасымнан- ақ ойға тоқып, сезгенмін.
Биігімді бағындырам мен әлі,
Арманым мен мақсатымды көздедім

Қазбек: Сахна төріне ауданық мәдениет үйінің әншісі, Жамбыл орта мектебінің түлегі Әменова Гүлденді «Әке жыры» әнімен шақырамыз.

Қазбек: Есіміңіз әлі талай аталар,

Ұмытпайтын бала-шаға, дос та бар,

Артыңыздан ерген шәкірт, әріптестер

Ұмытпай мәңгі сізді есіне алар !

Айкүміс: Мектебіміздің негізін қалап, үздіксіз басқарған ұстаздардың ұстазы – Тойкен Көпейшеұлын еске алуға арналған кешімізді Тойкен ағайдың көзін көрген, алдыңғы буын ұстаздар мен

Қазбек: Ағайдың өзінен оқып, білім нәрімен сусындап, тәлім, тәрбиесін алған шәкірттерінің орындауында «Ұстазым менің» атты әнді қабыл алыңыздар. Орындайтын: Хор. Жеке дауыста мектебіміздің түлегі және жас ұстазымыз Мақпал Кенжеғалиева. Қабыл алыңыздар !

Айкүміс: Ұлы ұстаз, тұңғыш басшы, ұлы адам,

Күндер, айлар, өтсе дағы арадан.

Шәкірттерің, ұмытпайды ұрпағың,

Мәңгі атыңыз өшпек емес санадан !

Қазбек: Құрметті қонақтар, сіздерді мектебіміздің асханасында Тойкен ағайдың рухына арнап берілетін асқа шақырамыз !


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!