Материалдар / Ұстаздарға арналған Психологиялық тренинг Тақырыбы: «Жақсы көніл-күй жанды жадыратады»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаздарға арналған Психологиялық тренинг Тақырыбы: «Жақсы көніл-күй жанды жадыратады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған Психологиялық тренинг Тақырыбы: «Жақсы көніл-күй жанды жадыратады» Мақсаты: Мектеп ұжымының өзара жағымды қарым-қатынас жасауына, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату және ішкі қатаюдан арылту және жағымды сезімдерін дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау. Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2022
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаздарға арналған
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Жақсы көніл-күй жанды жадыратады»

Мақсаты: Мектеп ұжымының өзара жағымды қарым-қатынас жасауына, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату және ішкі қатаюдан арылту және жағымды сезімдерін дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау.

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

  1. Сәлемдесу.«Жылылық» жаттығуы бір-біріміздің алақандарымызға алақанымызды қойып, жақсы тілек тілеп, жылы-жылы сөздер айтайық.

Бір – біріңнің алақандарыңызды алақандарыңызға қойғанда қандай сезімде болдыңыздар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олайболса, тренингіміздімейірім, жылылық, сәттілікпенбастайық.

2.Аудотренинг

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізуімен көзге түсіп ерекшеленеді.Мұғалім екінші ата-ана, алдындағы шәкіртіне тәлім-тәрбие беріп, білімін жетілдіреді. Оқушысы мұңайса бірге мұңаяды, қуанса жас балаша бірге қуанады. Қанша жыл еңбек етсе де, ешқашан шәкірттерге білім нәрін беруден жалықпайды. Ұстаз деген ол ұлы тұлға. Ұстаздарымызға біз әрдайым басымызды иеміз!

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

3-жаттығу «Менің мінезім?»

Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке жақсы көретін жануар, аң, құс аттарын жазып шығады. Енді 1-ші бөлікке үйде, 2-ші жұмыста, 3-ші жолдастарымның арасында, 4-ші өзіндік баға.

Shape2

Үйде Жұмыста

Shape3 Жолдастарының Өзіндік баға

арасында

Тапсырма орындалып болған соң, психолог жеке-жеке түсінік беріп шығады.Түйе- шыдамды, ат – жылқы тектілік, сиыр – өкпелегіш, қой – жайдарлылық, ешкі – ұйымдастырушлық, ит – адалдық, мысық – би өрісі басым адамдар, тауық – шығармашылықпен айналысады, үйрек, қаз – ұқыптылық пен тазлық, үкі, байғұз – сақтық, қарлығаш – бауырмал, ақ көгершін, аққу – сезімді жоғары бағалайтындар, жыртқыш аңдар – қайратты, жігерлі адам- түлкі – бейімделгіш, жыртқыш құстар – сұсты адам, балық – еркіндікті қалайды, сайрайтын құстар – әнді жақсы көретіндер, елік, киік, тауешкі – талғамы жоғары адамдар, маймыл – әртістік қабілеті, жылан – салқынқандылықты, тасбақа – мейірімді, тиін, қоян – елгезектік, қырғауыл – күйгелек, наурызек – сергек,

4.Тұлғаның сенімділігін психологиялық дамыту

Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.

Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.

5.Тест «Ашуыңызды ірке аласыңба?»

Жақсы. Ал енді мен сіздерге бір әңгіме айтып берейін.
6. Құм мен тас
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен дейді. Бізде құрметті мұғалімдер біреуге ренжісек, біреу бізді өкпелетсе оны жел ұшырып кететіндей құмға жазып, ал біреу жақсылық жасап мейірімін төксе өшпестей, ұмытылмастай етіп тасқа қашап тұрып жазайық. Сонда жақсылықұмытылмайды, жамандықжоғалады.



7.«Оның есесіне мен...» жаттығуы

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

8.Жаттығу «Шар»

«Кімніңқолышарға тисе, 2016 жылыойлағанарманынажетеді»

Әрбір сабағыңызға:

*12 порция ақылдылық

*10 порция шыдамдылық

*9 порция жұмысқа қабілеттілік

*8 порция оптимизм

*7 порция өз ісіңе берілушілік

*6 порция ойлануды

* 5 порция мейірімділік

* 4 порция демалыс пен денсаулықтуралыойды

* 3 порция юмор

*2 порция такт

*1 порция әрбалаңызғаүмітқосыңыз.


Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болу үшін, 1 қасық жақсы көңіл-күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз тағамыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецепті үнемі пайдаланыңыз, ингредиентттер үнемі қолданыңыз.


Астарыңыз дәмді болсын, қымбатты әріптестер!

Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!