ұстаздарға арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ұстаздарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған тренинг, мұғалімнің кәсіби жануы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»


Қатысушылар: мектеп мұғалімдері

Қатысушылар саны:


Мақсаты: мұғалімдер арасындағы қарым- қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау,өзін еркін сезінуге көмектесу.


Тренинг құрылымы:

  1. Амандасу

  2. «Дене мүшелер биі»

  3. «Педагогтардың кәсіби жануы» мини-лекция

  4. Жағдаяттық тапсырмалар

  5. Орын ауыстыру ойыны

  6. Пазл ойыны

  7. Сергіту сәті (төрт үшбұрыш шығару)


 Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.


  1. « Амандасу» жаттығуы

Қазір 5 секунд ішінде өзіңізге партнер тауып сол адамнын қолын қатты қысып амандасыныз. Сосын келесі жаттығуларды орындаймыз.

  • Оң қол оң қолмен

  • Иық иықпен

Ал тезірек партнерынды ауыстырыңыз.

  • Сол қол сол қолмен

  • Аяқ аяқпен

Ал тезірек партнерынды ауыстырыңыз.

  • Арқа арқамен

  • Бет бетпен


  1. «Дене мүшелер биі»

Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық

  • Саусақ биі

  • Қолдар биі

  • Бас биі

  • Иықтар биі

  • Ішімізбен билейміз

  • Аяқтар биі


  1. Мини-лекция.

Постер қорғау:

1 топ Мұғалімнің кәсіби қажуына не әсер етеді?

2 топ Педагогтердің кәсіби жануы дегеніміз не?


Кәсіби жану – ол созылмалы стрестен пайда болатын және адаммен жұмыс жасайтын маманның тұлғалық және эмоциялық-күш-қуатының сарқылуы.

Кәсіби жану синдромы – адамдармен жұмыс жасайтын педагог, әлеуметтік қызметкер, психолог, дәрігер, менеджер, журналист, іскер және саясаткер  адамдар көп шалдығатын аса қауіпті кәсіби күйреу.

Кәсіби жану іште жиналған жағымсыз эмоциялар сыртқа уақтылы шықпағанда пайда болады. Ол адамның эмоциялық-күш-қуаттық қорларын тоздырады: пессимизм, апатия, депрессия, өмірдің мән-мағынасынан айрылуы; өзін кінәлі және тәуелді сезіну. “Жанашырлық танытудың қайтарымы – эмоциялық жану” деп Кристина Маслач текке айтпайды. Олай болса, оған шалдықпау жолдарын үйренейік!


Мұғалімдердің  қажуына  не  әсер  етеді?

  • Күнделікті  психикалық ауыртпашылық өз-өзін  көмекке  итермелеу

  • Оқушыларға  деген  жоғары  жауапкершілік интеллектуалды – энергетикалық   күш  жұмсау  арасындағы  байланыстың  болмауы және оның  моральді   және  материалды марапаттаумен  сейкес  келмеуі

  • рөлдік  шиеленіс  және «қиын» оқушылардың  әрекеттері

  • үй  шаруасымен  жүктелу, отбасына  және   балаға деген уақыттың  жетіспеушілігі

Кәсіби қажудың белгілері

  •   Әр дайым шаршауды сезіну;

  •  Эмоционалды зорығу сезіну;

  •  Қабылдаудың төмендеуі;

  •  Себепсіз бастың, асқазанның жиі ауыруы;

  •  Тез арада толуы немесе арықтауы;

  •  Ұйқының қашуы немесе әр дайым

  ұйқысы келуі;

  •   Тәбеттің болмауы немесе керсінше

   көп тамақ жеуі;

 Ашуланшақтықтың, агрессивтің күшеюі


4. Жағдаяттық тапсырмалар.

1- жағдаят: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?


2- жағдаят: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?» Мұғалім не деп жауап беруі керек?


3- жағдаят: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым, мұның себебін және не істеу керектіген айтыңыздаршы». Мұғалім не деуі керек?


  1. "Орындарды ауыстыру" жаттығуы 

Бұл ойын сізге аздап қозғалуға, көңіл-күйіңізді көтеруге, сондай-ақ бір-біріңіз туралы қосымша ақпарат білуге мүмкіндік береді.
Бір орындық алынып тасталады, ал жүргізуші бос орынды алуға тырысып, шалбар киетіндерге, алманы жақсы көретіндерге, гитарада ойнауды білетіндерге, сағат тағатындарға және басқаларға орын ауыстыруды ұсынады. т.б.
Ойын ережелері түсінікті болған кезде орындарды ауыстыру шарттары күрделене түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктеріне, біліміне, балалармен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, тренингке қатысу мотивтеріне және т.б. қатысты болуы керек.

Мысалы, орын ауыстыратындар:

  1. Алманы жақсы көретіндер

  2. Шалбар кигенді жақсы көретіндер

  3. Сағат тағатындар

  4. Осы мектепте бұрыннан жұмыс жасайтындар

  5. Өз жұмысын жақсы көретіндер

  6. 5 жылдан астам еңбек өтілі барлар

  7. Бала кезінде мұғалім болуды армандағандар

  8. Құлағына сырға таққандар

  9. Қара түсті киім кигендер

  10. Сабағында цифрлық платформаларды қолданатындар


Қозғалмалы жаттығудан кейін сіз қызығушылық танытқандардан, біріншіден, кім, кім туралы не есте сақтағанын, екіншіден, басқалардың ол туралы не есте сақтағанын айтқысы келетіндерден сұрай аласыз. Осылайша, қатысушылар орындарын ауыстырады.


  1. ПАЗЛ ойыны.

  2. Сергіту сәті. 6 таяқшадан 4 үшбұрыш құрастыру


Қорытындылау.









1- жағдаят: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?




2- жағдаят: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?» Мұғалім не деп жауап беруі керек?




3- жағдаят: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым, мұның себебін және не істеу керектіген айтыңыздаршы». Мұғалім не деуі керек?

























Shape1
















Shape2










Shape3



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
97
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі