400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздыққ жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға дегендей ұстаздық туралы мақала. Мақалада ұстаздыққа қалай келген туралы, жалпы ұстаздық саласының қиын , жеңілдігі туралы айтылған. Мамандық таңдау еш уақытта кеш болмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алмабеков Ернат Токтарбаевич

Жалынды жастар-жарқын болашақ

Алматы қаласы

Бостандық ауданы

Әл-Фараби атындағы №145 ЖББМ

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі



Тарихы терең қазақ халқында «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақалының өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік.

Мамандық таңдау–адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Дүниежүзінде екі мыңнан астам мамандық бар екен. Бірақ заман талабына сай сол мамандықтардың бірі жойылып, бірінің мазмұны өзгерсе, енді бірі жаңадан пайда болып жатады. Мамандық әрбір адамның өз жүрек қалауымен таңдалуы тиіс. «Ұстазсыз шәкірт–тұл,шәкіртсіз ұстаз- тұл» деп Абай атамыз айтқандай, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе жақсы ұстазға байланысты. Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамның жүрегінен орын алатыны, тек орын алып қана қоймай, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. «Ұстаз»– бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз деп танимын. Менің жасым өте жас болмаса да педагогика саласында өзімді жас маман деп санаймын. Ұстаз болуды кішкентай кезімде армандағаныммен өмірдің ағынымен басқа саланы оқып, басқа мамандық таңдап жұмыс жасап келдім. Алайда адам өзінің мамандығын тапқан кезде бақытты болады дегендей, ұстаздық жолына түскен күнімнен бастап , ең алғашқы ұстаздармен жиналыста отырып, балалармен танысып сабақ өткен кезде осы мамандық менікі екенін сезіндім. Жұмыстағы алғашқы күнім мектеп әкімшілігімен танысып, бірлестігіммен танысумен өтті. Ұжым өте ұнады, жалындаған жастар да, өз ақыл кеңесін беретін үлкен ұстаздар да бар екеніне қатты қуандым.

«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт.Мен қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы - мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін.

Мен өзімді заман талабына сай ұстаз болу – міндетім деп есептеймін. Менің түсінігімдегі ұстаз – әдіс-тәсілдерге бай, баланың жеке қабілеттерін ашып, дамыта алатын, қабілетті, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, белсенді және де оқушының жан дүниесіне үңіле білетін ұстаз деп есептеймін. Сабақ соңында дәлізде оқушылар менің сабағымнан алған әсерлері мен білімдерін бір-бірімен риза көңілмен бөлісіп келе жатса, мен үшін үлкен жетістік болмақ. Қорытындылай келе, «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, жаңашыл мектеп талаптарымен білім алған шәкірттеріміздің мектеп қабырғасынан кейінгі үлкен өмірде ортаға қабілетті, білімді, білгір болып шығатындығына сөзсіз сенемін. Жарқын болашақ ұрпақтарына барымша сүйікті « ұстаз» болу үшін бар еңбегімді, күш жігерімді, білімімді арнаймын.














































Алмабеков Ернат Токтарбаевич


11.07.1983 жыл


Денешынықтыру пәнінің мұғалімі


Алматы обылысы Райымбек ауданында дүниеге келгем. 2003- 2005 Алматы технологиялық колледжі битиргем. 2013 -2015 Алматы технологиялық университетин битиргем. 2016 -2020 Алматы Казак спорт жане туризм академиясын аяқтадым.





Өмірлік ұстанымым: «Білім – ең маңызды аспап»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі