Ұстазым алтын діңгегім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым алтын діңгегім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстазым –Алтын діңгегім»

1 жүрг: Армысыздар,құрметті қонақтар,Аяулы біздің ұстаздар,ата-аналар және оқушылар!

2 жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,

1 жүрг: Қажымас қайрат,

2 жүрг: Шығармашылық табыс,

1 жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

2 жүрг: Бүгінгі концертіміз өздеріңізге арналады.Алдарыңызда Орынбай Меруерттің орындалуында «Ұстазым» әні

Мерекелік құттықтау сөзі тәрбие ісі жүзіндегі орынбасары Берден Тілеужан апайымызға беріледі:

1 жүрг:

«Ұстазға»

Менің балғын қиялымды тербеткен,

Құшағымды алыстарға серметкен.

Айта аламын жұрт алдында қысылмай,

О,мұғалім,бір өзіңді ер деп мен.

2 жүрг:

Аралатқан ғалымдарды мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең,сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

1 жүрг:

Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М. Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?» Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерімізге, біздің қонақтарымызға бас иеміз.

Ақ жүректен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. – дей отырып 9- сынып оқушыларының орындауында «Бебби» биін қабыл алыңыздар

2 жүрг:

Ақыл. Сана Саыр. Талас-тартысу-

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақытты: әрбір түннің жартысы.

1 жүрг:

Махаббаты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

2 жүрг:

Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

1 жүрг:

Ал, Мұғалім барса алдыңа,дұрысы:

Жүрегіңмен сездір дағы Ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

2 жүрг:

... кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

1 жүрг:

Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы ісіңді мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Өнерімен шаттандырған, - дей отырып, келесі орындалар ән сіздерге арналады, қабыл алыңыздар!

Ұстазым

2 жүрг:

«Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.

Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,

Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін,» - деп

Зердемізге құятын.

Бар ізгілік бойларына сыятын.

Туған дәстүрі,

Салт-сананың тірегі,

Бұл ұстаздар алда, жүрер үнемі.

КВН

1 жүрг:

Биік сенің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,

Жадымызда сақталар өсиеті.

2 жүрг:

Тілесек бүгін амандық:

Жүргейсіз қадам әркез нық.

Абройыңыз асып,

Мәртебеңіз артып,

Іздемей –ақ алдыңыздан келсін бақыт.

Би: Ақбөпе

1 жүрг:

Ақырын жүріп, анық бас.

Еңбегің кетпес балаға,

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

2 жүрг:

Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз «Ұстазым –алтын діңгегім» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.

Ұстазым-алтын діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін.

Бүгінгі мереке күніне

Сәл ғана құрметім бұл менің.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі