Тәрбие
сағаты.
Сабақтың тақырыбы : Ұстазым
менің , ұстазым !
Сабақтың
мақсаты:
а) Оқушыларға ұстаз—екінші ана
екендігін түсіндіру . Мерекелерімен құттықтау.
ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты
нығайту.
б)Айналасына білім , тәрбие ұрығын шашып , адамгершілік нұрын
төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету , лебіз білдіру ,
адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.
Көрнекілігі :Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер , өлеңдер , гүл
шоғырлары шарлар.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
2.ҚРмемлекеттік
Әнұраны.
Балалардың бағы болып басты
әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің
аспаны.
Аспандағы жұлдыздардай жанды
үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
3.Мұғалімнің құттықтау
сөзі:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың отбасыңызға амандық
,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар
тілейміз.
АКТ мен
жұмыс
Ұстаз!Осы
бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына
,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім
жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»-- деген
Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса
,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір
данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға
қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін
емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен
күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы
тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға
беремін.
Қанатты
сөздер
1-Оқушы:
Ғылым иесі ғалым да,ел
қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін
төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие
алған,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Ән:Хор. «Мұғалім ол біздің»
2-Оқушы:
Әдетте оқушының бойына
білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін
тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге
үйрететін—ұстаз.
3-Оқушы:
Анадай бесік тербеткен
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
Суарып білім шәрбетпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
4-Оқушы:
Үйретіп өмір
ұстазым
Үлгілі іске нұсқадың
Ақкөңіл ,іскер қашан да,
Ақылшым –менің
ұстазым!
5-Оқушы:
Білдіріп шәкірттердің
ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын
еркін
Біз сізге алуан гүл ғып
ұсынамыз
Жүректің алғысы мен
рахметін.
(Өздерінің
гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)
6-Оқушы:
Шәкірттерін азамат
қып саналы,
Ұстаз ана –дана бола
алады,
Ең бастысы ұстаз мына
өмірде
Ұлағат боп,ұлылық боп
қалады.
Сұрақ – жауап
әдісі.
Мұғалім:Ендеше ұстаз
сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте
бес оқушы шығып ұстаз сөзінің
формуласын көрсетіп айтады)
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З – замандастай зиялы
Ән: «Ұстазым» (хор)
7-Оқушы:
Ұстаз болу –жүректің батырлығы
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн
шуағы
Азбайтұғын адамның
алтындығы
8-Оқушы:
Ұстаз мейірі мен
ана мейірімі егіз
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді
Өмірдің діңгегі—ұлы ұстаз.
9-Оқушы:
Мұғалім! Бұл адамның
ардақты аты ,
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын
жаты
10-Оқушы:
Жайраңдап көктемім
Күледі
көкте күн
Құшағын жайып
Аяулы мектебім
Санама нұр құйған
Ұстазым көп менің.
11-Оқушы:
Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
12-Оқушы:
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл
Ұстаздарым осындай.
13-Оқушы:
Қоңырау дауысы сыңғырлап
құлаққа,
Естіледі,тынбады созылды ұзаққа.
Жүректі тербеді,сезімді серпілтіп
Мектепке ұмтылдым,жүрсем де жырақта.
14- Оқушы:
Мынау менің сезгенім
Ол—сыныптың анасы
Өзінің де,өзгенің
Баласы—оның баласы
15-Оқушы:
Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа жоқ арман
Ал, оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған.
16-Оқушы:
Әліппені қолға алып
Әріпті алғаш таныдық
Талай тоқсан толғанып
Сырын ұқтық қанығып
17-Оқушы:
Ардақты менің ұстазым
Әліппені оқытқан
Білімнің кілтін ашатын
Кеудеме сырды тоқытқан.
18-Оқушы:
Білімді де зейінді
Білмейтін еш кеюді
Ұстаз болам мейірлі.
Білетін бар өнерді ,
Білгір сөзі мәнерлі,
Ұстаз болам өнерлі.
Зерттеп терең ғылымды
Зерлеп ерен ілімді.
Ұстаз болам білімді.
Көп шәкіртті баламдай
Көретін,ой санам бай.
Ұстаз болам анамдай!
Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына
деген сезімін осылай білдірген екен.
Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы
жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
19-Оқушы:
Ұстаздық—ұлы құрмет,
себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын
да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
20-Оқушы:
Мұғалім—оқушы үшін ең
жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде
ұмытылмас із қалдырады.
21-Оқушы:
Мұғалім—өзінің
білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт-
пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
22-Оқушы:
Мұғалім—өзінің
бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы
қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
23-Оқушы:
Әдетте оқушы бойына
білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін
тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге
үйрететін—ұстаз!
25-Оқушы:
Көрдім де соларды-қызықтым ісіне
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана!
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
26-Оқушы:
Ұстаз кім—ол
зергер,дәрігер,қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе? Аружан
Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас
иеді.
Назарларыңызға
рахмет!